Реферат Жазбаша қарым-қатынас әдісі



Дата07.02.2022
өлшемі15,31 Kb.
#84409
түріРеферат
Байланысты:
жазбаша қарым қатынас методика


Silkway international university

Реферат
Жазбаша қарым-қатынас әдісі


Дайындаған:Абылай Сымбат


Группа :119-81
Жазбаша сөйлеуді үйретуге қатысты түрлі көзқарастармен қатар, тілдерді оқытып-үйретудің қазіргі әдістемесінде жазбаша сөйлеуді үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер турасындағы пікірлер де әртүрлі. Е.Н.Соловова жазбаша сөйлеуді үйрету әдістерінің директивті, лингвистикалық және әрекеттік сияқты түрлерін көрсетеді . Жазылған жұмыстың грамматикалық тұрғыдан сауаттылығы директивті әдістің мақсаты болып саналады, мазмұндық жағына баса назар аударылмайды. Лингвистикалық әдісте жаттығу жұмыстарына көп уақыт бөлінеді. Осылардың ішінде қызығушылық тудыратыны – шығармашылық үдеріс ретінде қарастырылатын әрекеттік немесе мазмұндық әдіс, бұл кезде білім алушы өз ойын жазбаша құруға ұмтылады. Бұл үдеріс жазбаша сөйлеуді үйретуді тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан ұйымдастыруды көздейді. Бұл ретте оқытушының рөлі білім алушыларды шығармашылық жұмысқа ынталандырудан, жазбаша мәтін құрудың түрлерін үйретуден көрінеді. Шығармашылық жазба жұмыс тіл үйренушілердің осы кезге дейін меңгерген лексикалық және грамматикалық дағдыларын пайдалануына, өзіндік даралығын көрсетуіне, ұлттық ерекшеліктерді, мәдениетаралық айырмашылықтарды түсінуіне көмектеседі . Осылайша, тіл үйренуші белгілі дәрежеде түрлі формадағы (сипаттау, диалог, монолог т.б.) жазбаша көркем мәтін құрастырып шығарады. Қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап: «Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады» деп жазады. Ғалымның мәтіннің тақырыптан, ал мәтін мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетуінен қазір қазақстандық білім беру ісінде кең қолданылып жүрген жазбаша жұмыс – эссе құрылымын байқаймыз . Қ.Жұбанов та жазбаша мәтінге үлкен мән береді. Тілші ауызша сөйлеудің ерекшеліктерін айта келіп, «... Жазулы сөзде бұл кемшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады, қалай оқылса, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен қалып қояды... сондықтан, әсіресе, жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу өте қажет» деп жазады . Белгілі орыс ғалымы Н.М.Шанский оқыту үдерісінде көркем мәтінді пайдаланудың білімдік және тәрбиелік мәнін атап көрсетеді. Ғалымның айтуынша, көркем мәтін объективті ақпараттың тасымалдаушысы және дереккөзі (кең мағынадағы мәдениет айнасы) ғана емес, нақты тілдік, интерлингвистикалық ақпаратты тасымалдаушы және дереккөзі, яғни ұлттық мәдениетті бейнелеудің және тіркеудің тілдік формасы . Қазақстандық ғалым Р.Шаханова мәтін бойынша жұмыстардың сұрақ-жауап құрастыру, мағыналық жақтан бөліп, оларға тақырып қою, жоспар құру, мәтінді толықтыру, жалғастыру, аяқтау сияқты түрлерін көрсетеді .
Әдіс
Жалпы, жазбаша сөйлеу және жазу ұғымдары өзара ажыратылатындығы белгілі. Тіл білімінде жазу ретінде тілді графикалық таңбалар көмегімен беру түсініледі. Жазбаша сөйлеу ретінде сөйлеудің кітаби стилі, ойды графикалық түрде беру танылады.
Жазу техникасы мен орфографияны жетілдіру үшін жазбаша жұмыстардың есту диктанты, көру диктанты, көру-есту диктанты, өзіндік диктант сияқты түрлері қолданылады. Тәжірибемізде өзіндік диктантты жиі қолданамыз, яғни тіл үйренушілер алдын ала жаттап келген мәтінді немесе өлең шумақтарын жатқа жазады. Бұл кезде диктанттың басқа түрлері сияқты орфография мен пунктуацияға басты назар аударылады.
Осы мақалада жұптық/ұжымдық диктант түрін қолдану тәжірибемізді көрсеткіміз келеді. Жұптық/ұжымдық диктант жаздырудың формасы мынадай: екі адамға немесе шағын топқа қандай да бір әңгімені бейнелейтін суреттер ретсіз түрде беріледі. Тыңдаушының міндеті – суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме жазу және оны жолдасына есту диктанты ретінде жаздырту. Осы жұмыс түрін сәл өзгертіп қолдандық.
Қазақстанның телеарналарында жиі көрсетіліп жүрген «Бір ел – бір халық – бір тағдыр» тақырыбындағы 3-4 минуттық бес шағын фильм аудиторияда орындалатын жұмыстардың материалы ретінде пайдаланылды. Бұл фильмдер Қазақстан тарихында болған халықтар достығын, ел бірлігін, түрлі ұлттардың ынтымақтастығын, қазақ халқының бауырмалдығын, өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға деген ризашылығын көрсететін шағын көркем сюжеттерге құрылған. Оқиғалар сталиндік саясат кезінде басқа ұлттарды Қазақстанға жер аудару, репрессия жылдары, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі қиын кезеңдер турасында түсірілген.
Тыңдаушылар жұптарға бөлінді (қазақша айтарлықтай жақсы білетін және нашар сөйлейтін немесе жазатын адам бір жұп болады). 20 минут уақыт ішінде фильмнің сюжеті бойынша екеуі жұптасып әңгіме құрастыру тапсырмасы берілді (70-80 сөз). Әңгіме құрастыру кезінде жазба жұмыс формасын (әңгіме, диалог, сипаттау, мазмұндау т.б.) өздеріне таңдау ұсынылды. Тапсырма орындалғаннан кейін ойын жақсы жаза білетін, жеткізе білетін тыңдаушы жұптасып құраған мәтінін келесі жұптың нашар жазатын тыңдаушысына дауыстап оқып, диктант түрінде жаздыртты. Кейін бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағасын қойды (бағалау өлшемдері алдын ала келісілгені немесе берілгені дұрыс).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет