Жеңіл атлетикада жүгірудің төрт түрі бар оларға: тегіс жерде жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, эстафета және табиғи ортада жүгіру түрлері енеді. Тегіс жерде жүгіру негізінен арнайы дайындалған стадион жолдарында өткізіледі және жүгіру қашықтығына сәйкес қысқа, орта, алыс қашықтық деп бөлінеді.
Барлық спорттық жүгірулер бағыты бойынша сағат тіліне қарсы орындалады.
Қысқа қашықтыққа 30 метрден 400 метр аралығы, орташа қашықтыққа 500 ден 2000метр аралығы, алысқа 3000метрден 10000 метр аралығы енсе, тым алысқа жүгіруге 20км. ден 30 км. аралығы және марафондық жүгіру 42км 195метрге жүгіру жатады. Кедергі арқылы жүгіру екі түрге бөлінеді: бірі кедергілерден өту және стипл чез. Кедергілерден өту арқылы жүгіру қысқа қашықтыққа 60 метрден 400м аралығында стадиондардың жүгіру жолдарында 5 тен 10-ға дейінгі ара қашықтықтары бірдей кедергілер қойылған жолдарда өткізіледі. Стипл чез 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры бар кедергілер қойылған жүгіру жолдарында өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |