Реферат Жобалау әдістемесінің ерекшеліктері Орындаған: Ералықызы м тексерген: Турсынбекова Н. Б



бет5/5
Дата29.04.2020
өлшемі27,47 Kb.
#65168
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Зерттеу мәселелері білім беру ұйымдарында қолданылатын мәселелердің жиынтығын анықтайды. Оларда зерттелетін шама бірнеше қиын емес факторлардан тұрады (мысалы, жердің ластануының зауыт құбырына дейінгі ара қашықтыққа, метеожағдайға, желдің бағытына тәуелділігі). Факторлардың зерттеу нысанына әсері оқушылардың шамасы келетін талдауының жақсы мысалы бола алады.

Ғылыми мәселелерде зерттеу шамаларына әсер ететін факторлар көп және күрделі болады. Мұндай мәселелерді талдау кең білімді және ғылыми интуицияны қажет етеді, оларды білім процесінде қолдану аса қиындықты тудырады, сондықтан тиімді болмауы мүмкін. 

Зерттеу нәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.
3. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі. 

Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:



- проблемалық-реферативтік - бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған, әр көздердің деректерін салыстырып, қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар;

- эксперименттік - ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс. Көбінесе суреттеу түрінде беріледі және нәтиженің ерекшеліктеріне өзіндік түсініктеме бере алатын шығармашылық жұмыстар;

- табиғи және суреттемелік - белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар. Ғылыми жаңалықтың элементтері болуы да, болмауы да мүмкін. Айырмашылық ерекшелігі зерттеудің әдістемесінің болмауы мүмкін. Табиғи жұмыстардың бірі ретінде қоғамдық-экологиялық бағыттағы жұмыстарды атауға болады. Соңғы кезде «экология» терминінің тағы бір лексикалық мағынасы пайда болды: қоршаған ортаның антропогендік ластануына қарсы қозғалыс экологиялық деп айтылатын болды. Бұл бағытта жасалған зерттеу жұмыстары, көбінесе, оларда ғылыми әдістің жоқтығын көрсетеді.

- зерттеулік - ғылыми тұрғыдан қарағанда нақты әдістемелік негізде жасалған және осы әдістеме бойынша алынған эксперименталдық материалдар бар және осы материалдар негізінде зерттеу құбылысы бойынша талдау және қорытынды жасалған шығармашылық жұмыстар. Мұндай жұмыстардың ерекшіліктері – зерттеу бойынша анықталатын нәтижелердің алдын-ала белгісіздігі.

Жалпы білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырып оқыту – жалпы және қосымша білімнің интеграцияланған бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін зерттеу іс-әрекеттері болып табылады. Бұл жағдайда зерттеулік іс-әрекет типтік оқу жоспарына кірген курстар (инварианттық компонент), мектеп компонентіндегі курстар; қосымша білімдегі курстар, теориялық және практикалық даярлық жүйесі, каникулярлық уақытта сыртқа шығатын ісшаралар (экскурсиялар, экспедициялар) кезіндегі өзіндік зерттеу жұмыстары негізінде жасалады. Зерттеулік іс-әрекеттер технологиясының негізінде бейіндік мектеп моделі жалпы мектеп немесе қосымша білім ұйымы мен жоғары оқу орындарының базасында іске асырылатын болады. 

Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті қосымша білім технологиясына ұқсас болып табылады, себебі оның қосымша білімге тән екі белгісі бар: 

- жұмыс қойылған мәселенің ерекшелігіне байланысты нақты білім алушының икемділігіне қарай жасалады; 

- педагог пен оқушының жеке жұмыс түрі ретінде топтық және жеке сабақтар мен консультациялар, семинарлар мен конференциялар есепке алынады. 

Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.

Мұғалімнің:

- оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі;

- оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі;

- белгілі оқу жобасын немесе зерттеу тақырыбын өз сыныбына, білім беру ұйымына және нақты жағдайға бейімдей алуы;

- оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі;

- оқу жобалау немесе зерттеуді орындау нәтижесінде педагогикалық мәселелердің орындалуын бағалай білуі;

- оқу жобалау мен зерттеуді іске асыра және білім іс-әрекетінің түрлерін қолдана білуі;

- жобалау-зерттеу жұмысының мазмұны бойынша консультация жүргізе білуі қажет. 

Бұл мәселені қарастыруда жарияланым материалдары, әдістемелік және ақпараттық сайттар көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде курстық және модульдік даярлықтан өтуі талап етіледі. 



Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі мұғалімдердің ролі аса зор. Бар білімді, ақпаратты білетін тұлғадан гөрі мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушыға, әртүрлі көздерден керекті білім мен ақпаратты таба білу бойынша консультантқа, әріптеске айналады. Оқу жобалау және зерттеу жұмыстары даусыз педагогиканы ұйымдастыруға, оқу процесін жалықтырғыш міндеттіліктен гөрі өнімді, шығармашылық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу - өзінің шығармашылық әлеуетін толық ашу мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Бұл іс-әрекет жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, жария жағдайда қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет