Реферат Кеңестік кезеңде қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы



Pdf көрінісі
Дата11.09.2024
өлшемі341,53 Kb.
#204082
түріРеферат
Байланысты:
реферат5



“өскемен
жоғары
медициналық
колледжі”
ШЖҚ
КМК
Реферат
 

Кеңестік кезеңде қазақстанда полиэтникалық
 

қоғамның қалыптасуы 
 
 
орындағандар
:
тексерген
:
Ерболқызы Еркежан
,
гүлмира Тынайқызы
Сапа Тилеугүл

Жекебайұлы Ермек

Нұрғалиев Мади

Азатханов Ерназар

Серік Мадиар

Кайпбергенкызы Балжан

Қаблекперова
Қарақат

Найманғазин салауат
,
Калелов Алпамыс



ХХ ғасырдың 20
-
жылдарындағы Қазақстан халқы. 1917 жылы халық 
санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан 
асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама 
өскендігі
байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ 
өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, 
солтүстік, солтүстік
-
шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы 
демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ 
ұлтының
құрамы басым еді. Дегенмен олардың жалпы халық 
құрамындағы үлес салмағы айтарлықтай азайған. Оның себебі, ең 
алдымен, балалар өлімінің өсуі мен халықтың табиғи өсімінің төмендігі 
және соғыс салдарынан орын алған ауыр зардаптардың әсері болды.
1920 жылы тамызда Қазақ (Қырғыз –
авт.) АКСР
-
і құрылды. Жаңа 
автономияның астанасы ретінде Орынбор қаласы бекітілді. Қазақ АКСР
-
і құрамына Семей, Ақмола, Торғай
және Орал губерниялары, Маңғышлақ 
уезі, Красноводск уезінің, Каспий сырты облысының және Астрахан 
губерниясының, соның ішінде Бөкей Ордасының бір бөліктері енді. 1920 
жылы қыркүйекте қазақ автономиясына Орынбор губерниясының бір 
бөлігі қосылды.
Азамат соғысы аяқталысымен алғашқы кеңестік санақ жүргізілді. 
Аталған шараның нәтижесі бойынша ол кезде автономия аумағында 3 
млн
-
ға жуық адам өмір сүрген, олардың 91%
-
ы ауылдық жерде 
мекендеді, қалғаны –
қалалар мен қалалық елді мекендерде тұрақтаған. 
«Ақтар» мен «қызылдар» қарсыластығы елде әлі де кейбір ошақтарда 
басылмағандықтан, бұл санақ Қазақстанның барлық аймағын 
қамтымады. Басқа ұлт өкілдері санының көбеюіне байланысты халық 
құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады. Ұлттық саясатта 
интернационализм ұғымы орнықты.
Азамат соғысынан кейін азық
-
түлік салғыртының нәтижесі, 
шаруашылық күйзеліс, аштық салдары 1917–1920 жылдар аралығында 
халық санының кемуіне әкелді.
1918 жылғы кеңестердің Бүкілтүркістандық V съезінде «Түркістан 
Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» туралы ереже 
бекітілді. Қазақтардың басым бөлігі ТАКСР
-
інің Сырдария және Жетісу 
облыстарында шоғырланды.


1924 жылы Орта Азиядағы ұлттық
-
мемлекеттік межелеуге 
байланысты ТАКСР
-
і таратылды. Сол жылдың қазан айында Түркістан 
АКСР
-
інің құрамындағы қазақтар
мекендеген жерлердің (Сырдария мен 
Жетісу) Қазақ АКСР
-
іне қосылғандығы туралы қаулы бекітілді.
ҚазАКСР
-
і полиэтникалық қоғамының өзгеріске ұшырауы.
Оңтүстік облыстарды қосу нәтижесінде Қазақстан аумағы ұлғайды. 
Қазақ
АКСР
-
і одақтас республикалар
арасында көлемі жағынан екінші 
орын алды (РКФСР
-
дан кейін –
авт.). Қазақ халқының аумақтық бірігуі 
мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени 
дамуы үшін маңызы зор болды. Қазақстанның халық саны ұлғайып, 
аумағы кеңейді, күш
-
қуаты артты.
1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы 
құрамынан
шығарылды. Республика астанасын Орынбор қаласынан 
Ақмешіт қаласына көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын беру 
туралы қаулы қабылданды.
Билікке большевиктер келгенімен, Ресейдің еуропалық бөлігінен орыс 
шаруалардың қоныстануы жалғасып жатты.
1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның 
демографиялық көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі 
бойынша 6,2 млн адамды құрады. Полиэтникалық республикамызда 86 
ұлт
пен ұлттық топтар өмір сүрді. Қазақтардың халық құрамындағы 
үлесі –
58,5%, орыстар –
20,6%, украин –
13,9% құрады. Қазақтар 
негізінде Сырдария, Орал, Ақтөбе және Жетісу губернияларында тұрды. 
Орыстар Ақмола және Семей губернияларында шоғырланды. Қостанай 
округі мен Ақмола губернияларында украиндардың үлкен топтары 
орналасты.
3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан 
халқының саны мен ұлттық құрамы. 1928 жылы байларды тәркілеу, 
саяси қуғын
-
сүргін, 30
-
жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық 
жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек 
ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті 
тұрғындарынан айырылды.


1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде 
қазақтар

42,6%, орыстар –
37,4%, украиндар –
10,
7% адамды құрады. 
1937 жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс 
емес деп танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық 
санының азаюын көшіп кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ 
жүргізгендердің біразы қуғын
-
сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл 
санақ материалдары жарияланбай, ұзақ уақыт бойы КСРО 
мұрағаттарында сақталып қалды.
1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн 
адам болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. 
Ұлттық
құрамындағы қазақтардың
үлесі 37,8%
-
ға азайды. Ал, жалпы 
халықтың үлес салмағының 40%
-
ын орыстар құрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықтар депортациясы. ХХ 
ғасырдың
30

40-
жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды 
республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге 
асырды. 1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың 
саны 360 мың адамға жетті. 1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс 
аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды.
Қуғын
-
сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші отанын 
тапты. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік 
Қазақстандағы
Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға 
көшірілген неміс отбасында өсті.
1937 жылы Қиыр Шығыстан корей халқы да жаппай күштеп қоныс 
аударылды.
Түркия мен Иран шегараларына жақын орналасқан аз ұлттарға 
сенімсіздік күшейе түсті. 1937–1938 жылдары Кавказдан шегара 
аймақтарында тұратын күрд, ирандықтар мен түріктер «сенімсіз 
халықтар» деген желеумен көшірілді.


1937 жылдың соңында Әзірбайжан, Армения КСР
-
і елдерінен мыңнан 
астам күрд, түрік отбасылары Қазақстанға әкелінді. Оларды, негізінен, 
Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының ауылдарына 
орналастырды. 1938 жылдың қазан
-
қараша айларында Әзірбайжаннан 
осы облыстарға ирандық 2000 отбасы қоныстандырылды.


5. Соғыс жылдарындағы кеңес өкіметінің депортациялық саясаты. Ұлы 
Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы 
үлкен
өзгерістерге ұшырады. Қазақстанға жүздеген мың адам еріксіз 
көшіріліп әкелінді. Жалпы соғыс жылдары алпыстан астам ұлт өкілдері 
күштеп қоныс аударылды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет