Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) - бұл өлшеу бірлігінің занды актілерге сәйкестілігіне жету мен қолдауға бағытталған метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - ол Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының сұраныстарын сенімді емес өлшеу нәтижелерінен сақтау.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттарына келесілер жатады:
- отандық және импортталған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы;
- фундаменталды зертеулердегі өлшеу сенімділігі;
- материал және әнергия ресурстарының сенімді есептелуі;
- қоршаған ортаны қорғау, адам өмірімен еңбек қауіпсіздігі және т.б.
Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ) – бұл бірыңғайлылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мүмкіндігін жасауға бағытталған метрологияның іс-әрекеттері, ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде өлшеудік мемлекеттік жүйесі (МӨЖ), ол - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар мен іс-әрекеттер үлгілерін мемлекеттік басқару жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |