Реферат орындаған: Русланқызы Райгүл Тобы: Қаржы және аналитика Тексерген: Масалимова Айгуль Канаткалиевна



Дата14.12.2022
өлшемі38,8 Kb.
#162840
түріРеферат
Байланысты:
«Бизнес - жоспар» түсінігі реферат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті
Тақырыбы: «Бизнес - жоспар» түсінігі. Оны әзірлеу мақсаты.


РЕФЕРАТ

Орындаған: Русланқызы Райгүл


Тобы: Қаржы және аналитика
Тексерген: Масалимова Айгуль Канаткалиевна


Атырау 2022 жыл
1.Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Кәсіпорынның бизнес-жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады.Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді. 
Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

    • басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;

    • кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;

    • мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;

    • кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.
Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады. 
Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі. 
Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

    • өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;

    • мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;

    • кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;

    • бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

Бизнес-жоспарды басқа біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі. 
Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.
Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.
Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.
Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған. 
Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.
Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.
2. Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

    • жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;

    • тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;

    • бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;

    • маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;

    • өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;

    • ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;

    • жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;

    • жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;

    • жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;

    • қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді. 

Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:
1. Көрсетімділік бет– мұнда компания аты, заңды және нақты мекен-жайы, телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша нұсқаулары және проектінің орындалған күні жазылады.
2. Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен таныстыру.Резюме көлемі 2-3 бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын көрсетеді. 
3. Компания туралы мәлмет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып, инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат, компания мақсаты, негізгі өнімдері меня компанияның нарықтағы орны көрсетіледі.
4. Өнімі немесе қызметі туралы мәлімет– кәсіпорынның тауарлары мен қызметтрі және олардың характеристикасы, олардың тұтынушылары, тауар мен қызметтің құрамы және оның нарықтағы басқа тауарлар мен қызметтен айырмашылығы, патенттер мен лицензиялары туралы мәліметтер көрсетіледі;
5. Маркетингтік анализ– нарықтағы тауарлар туралы ақпараттар, бәсекелестердің өнімі, бәсекелестердің тауарынан артықшылығы мен эксклюзитілігі, бәсекелестердің аты, реквизиттері, тауар немесе қызмет бағасы және олардың таңдаған стратегиясы жазылады. 
Маркетингтік анализ – бизнес-жоспарды жасаудағы ең бірінші және маңызды этабы болып табылады. Маректингтік анализдегі маңызды бөлігі тауар немесе қызмет көрсетудегі негізгі көлемі, бәсекелестердің нарықтағы бөлігі, сатып алушылардың мотивациясы көрсетіледі. 
Осы бөліктің негізгі қызметі – нарық қандай тауарды қажет етеді, қай бағамен және неге дәл осы тауарды сатып алады деген сұраққа жауап беруі. Бұдан басқа, сол нарықтың даму тенденциясы және оның қазіргі күйінің анализі, орташа таыбыстығы, кәсіпорынның өнім өндіруінің көлемі мен масштабы бейнеленеді. 
6.Тауардың жылжу стратегиясы– мұнда тауар немесе қызметі нарықтың қандай сегментіне жатады, тұтынушылардың қандай категорясына негізделген, тауар не қызмет сапасы, берілген тауарды қандай жолмен жылжытады, қандай стратегияны қолданады, маркетингке кететін шығындар көрсетіледі. Бұл көптеген кәсіпкерлердің бизнес-жоспарының әлсіз жері, себебі осы факторларды ескермей келесі бөлімге көшеді. Ал бұл инвесторларды ең қызықтыратын бөлімі. 
7.Өндіріс– бұл пункт кәсіпорынның өнім өндірудегі қолданатын технологиясын, бұл технологияны қолднану себебі, технологияның негізгі процестері, оның жұмыс істеу схемасы және орналасу орны көрсетіледі. Егер кәсіпорында реконструкция көзделген болса, онда осы пункте барлығы көрсетілуі тиіс. Бұл бетте материалдар мен шикізаттарға кететін шығындар, сатып алуға, жеткізуге, кәсіпорынға қосымша қызмет көрсетуге және жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар есептелінеді. Егер жаңа құралдар, аппаратуралар онда бұл технологияны қолдануға жаңа личензияның рұқсаты көрсетіледі. 
8.Персонал бойынша жоспар– бұл бөлімде персоналды алу бойынша қажеттіліктер қарастырылады.Онда персоналдағы адам саны, олардың квалификациясы, әрбір жұмысшы бойынша еңбек нарығындағы орны, персоналға төленетін еңбек ақы сомасы, олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі және квалификациясын жоғарылату бойынша арнайы сабақтар мен курстар жазылады.
9.Ұйымдастыру құрылымы және оны басқару – бұл жерде басқармадан ең төменгі статусты адамдардың қызмет бойынша топ генеалогиясы жүргізіледі. Оларды ынталандыру, әлеуметтік қажеттліктерін қамтамасыз ету көрсетіледі. 
Егер басқарма өзгеретін болса, онда жаңа акционерлер құрамы көрсетіліп, кәсіпорынның басшысы көрсетіледі. Олардың кәсіпорында алатын жаңа ролі және қызметі қарастырылады.
10.Қаржылық жоспар– бизнес-жоспардың ең тартымды бөлігі болып табылады. Ол инвестициялық проетіге қажет ресурстар көрсетіп, қай уақыт периодында жүргізіледі және маркетингтік сараптаманың қорытындысы көрсетіледі. Қаржылық жоспарда компанияға қайдан қаражат түседі, оның қаржыландыру көздері және мақсаттары сипатталады. 
11.Проектінің тәуекелділік анализі– бұл бөлімде проектінің кейбір тәуекелділік жағдайлары көрсетіледі: характеристикасы, оларды минимизациялау жоспары құрылады. 
12.Бизнес-жоспарға қосымша құжаттар – бұл бөлім бизнес-жоспар маркетингтік зерттеулері, спецификасы және құрылымы, бәсекелестер менолардың тауарлар мен қызметтерінің мазмұны, жарнамалық материалдардың көшірмесі, прайс-лист, каталог, сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің хаттары, контрактілер, басшылардың резюмесі және эксперттердің сараптамасы міндетті түрде көрсетіледі.Оның дұрыс жасалуы компанияның келешете табыс береді ме, жоқ әлде, шығын келтіре ме, осыған әсерін тигізеді.
3. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер.
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді. Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады. Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бизнес жоспарлауды логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.
Бизнес жоспарлау процесі төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;

  • Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;

  • Сыртқы ортаны бағалап, талдау;

  • Ішкі құрылымды бағалау және талдау;

  • Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;

  • Стратегияны таңдау.

Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды қамтиды (жоспарлаудан басқа):

  • орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;

  • бақылау.

Суретте бизнес-жоспарды басқару процесінің сызбасы ұсынылған.
Суреттен көрініп тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.
Қорытынды
Бүгінгі тақырыпта біз бизнес-жоспарлау жайында жалпылама біраз мәлімет жинап, бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлау түрлерінен немен және қалай ерекшеленетінін оқып үйрендік. Сонымен қатар біз Бизне-жоспар деген не? Ол қалай жасалады? Оның құрылымы қандай болады? Және басқа жоспарлардан немен ерекшеленеді деген сұрақтарға жауап алдық. Келесідей ақпараттарды иелендік:
Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.
Бизнес-жоспар өдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашақта шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.
Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Біраң олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.
Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және қызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмұны біртектес болуы керек екеніне көз жеткіздік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет