РЕФЕРАТ
Орындаған:Толман.А
Топ:112
Қабылдаған:Тасболат Ақерке
Табиғи газ және мұнайға серік газдар
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
1.табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;
2.көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;
3.химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;
4.жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "тау жынысы газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.
Табиғи газға жататындар
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
сутек (H2),
күкіртсутек (H2S),
көміртек диоксиді (СО2),
азот (N2),
гелий (Не).
Мұнайға серік газдар
Мұнайға серік газдар да пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Мұнай кенімен бірге кедесетіндіктен олар ерекше атау алды:олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстіндегі газ шапкасын түзеді.мұнай жоғары көтерілгенде,қысым кенет төмендейді де газдар сұйық мұнайдан оңай бөлініп шығады.
Мұнайға серік газдарды үш фракцияға бөледі:
Табиғи газдың физикалық қасиеттері
Табиғи газдың физикалық қасиеті олардың құрамына байланысты,ал жалпы алғанда қоспаның негізгі компоненті ретінде метанның қасиетіне жақын.
Табиғи газдың молекуляр м массасы 16-20ға тең және мына байланыс бойынша есептелді:
Табиғи газдың р тығыздығын өлшеумен немесе
қоспаның молекуляр м массасын біле отырып
Анықтауға болады.
Бұл жерде vm-стандартты жағдайлар кезіндегі газдың мольдық көлем,М3 әдетте 0,73-1кг/M3
аралықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |