Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан құралады. Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады:
Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс заряды бар хлор ионынан (Cl-) құралған. Иондық кристалдық торға ие заттар негізінен қатты, жоғары температураларда балқитын болады. Себебі иондар арасында берік байланыс орнайды. Бұлар суда жақсы ериді. Мысалы ас тұзы суда жақсы ериді.
Металдық кристалдық тор
Металдық кристалдық тор дегеніміз бұл оң зарядталған иондардан және метал атомдарынан құрылған кристалдық торлар. Оң зарядталған иондарды катиондар деп атайды. Бұндай кристалдық торлар металдарда (мыс, темір, алюминий, қалайы, қорғасын және басқалары) және олардың қорытпаларында кездеседі. Мысалы қолада. Металдық торға ие заттарда жылтырлық, тоқты және жылуды жақсы өткізгіштік қасиеттер болады. Оған қоса майысқақтыққа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |