Реферат орындаған: Турсунбаев Нұрлыбек


Хирургиялық операциялардың кезеңдері



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі30,37 Kb.
#89165
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Малды операцияға дайындау Турсунбаев. Н

Хирургиялық операциялардың кезеңдері


Хирургиялық операция үш этаптан тұрады:
Операция жасайтын ағзаға жету жолы.
Операцияның тәсілі.
Операцияны аяқтау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолы – зақымданған ағзаны жалаңаштау үшін және жоспарланған хирургиялық манипуляция үшін қажетті жағдай жасау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолдарына қойылатын талаптар мынадай:
жету жолы үлкен болмауы тиіс;
анатомиялық түрғыдан негізді болуы тиіс;
физиологиялық түрғыдан қолайлы болуы тиіс;
науқасқа косметикалық нүқсан келтірмеуі тиіс.
Операция тәсілі – операцияның негізгі кезеңі. Осы кезеңде қажетті емдік және диагностикалық манипуляциялар жасалады.
Операцияның емдік әсеріне байланыстыоперациялар мынадай типтерге бөлінеді:
ағзаны алып тастау (эктомия);
ағзаның бір бөлігін алып тастау (резекция);
бұзылған арақатынастарды қалыпқа келтіру.
Операцияны аяқтау – хирургиялық операцияның маңызы жоғарыдағы кезеңдерден кем емес кезеңі.
Табылған патология мен операцияның сипатына, инфекциялық ластану дәрежесіне байланысты операцияның аяқталуы әртүрлі болуы мүмкін:
жараны қабатына сәйкестендіріп жауып тігіп тастау.
жараны қабатына сәйкестендіріп дренаж қалдырып тігу;
жараны тампон қалдырып жартылай (ішінара) тігу;
жараны жоспарлы ревизия ықтималдығын ескере отырып тігу;
жараны тікпей ашық қалдыру.
Операция үстінде қандай асқынулар келесідей:
Операция үстінде қан кету.
Іргелес ағзалардың зақымдануы.
Операция үстінде хирург операциядан кейін болатын инфекциялық асқынулардың алдын-алу шараларын ұйымдастыруы тиіс. Олар мыналар:
қан кетуді сенімді түрде тоқтату;
жеткілікті түрде дренаждау;
тіндерге үнемділікпен қарау;
инфекциялық кезең өткеннен соң аспаптарды алмастыру, қолды қайта өңдеу;
патологиялық ошақты шектеу және түзілген экссудатты үздіксіз шығарып отыру;
Жараны операция кезінде антисептикпен өңдеу;
Антибиотикопрофилактика.
Операция алдындағы кезең
Хирургиялық операция – науқастарды емдеудің негізгі, маңызды кезеңі екені сөзсіз. Операцияның сәтті аяқталуы үшін операция алдында мұқият дайындық пен операциядан кейін санатты ем қажет. Анық диагноз қоюдың, операцияға көрсеткіш пен қарама-қайшылықтарды анықтаудың маңызы науқас үшін бірдей.
Операция алдындағы дайындықтың негізгі мақсаты – операция үстінде және операциядан кейін кездесетін асқынулар қаупін азайту.
Операция алдындағы кезең екі этаптан түрады:
Диагностикалық және дайындық этаптары. Осы этаптарда операция алдындағы негізгі мәселелер шешіледі. Операция алдына қойылған мақсаттарды орындау үшін мына мәселелерді шешуі тиіс:
науқасқа дәл диагноз қойып, операцияға көрсеткіш пен жасау мерзімін анықтауы тиіс;
негізгі ағзалар мен жүйелердің жағдайын бағалауы тиіс (қосымша дерттерін анықтау);
науқасты психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс;
жалпы соматикалық дайындық жүргізуі тиіс;
көрсеткіштеріне байланысты арнаулы дайындықты да жүргізуге міндетті;
науқасты операцияға дайындау;
Алғашқы екі мәселені шешу диагностикалық этаптың құзырында болса, келесі сүрақтары дайындық этапының қүрамына кіреді.
Диагностикалық этап
Дәл хирургиялық диагноз қою – операцияның табысты аяқталуының кепілі. Дәл диагноз қойылып, дерттің сатысы, таралу дәрежесі мен ерекшеліктері анықталғанда ғана хирургиялық операцияның көлемі мен тиімді түрін таңдап алуға болады.
Бұл жерде үсақ-түйек болуы тиіс емес, дерттің ағымындағы барлық ерекшеліктер ескерілуі керек. ХХІ ғасырдың басында диагностиканың барлық мәселелері операция басталмай тұрып шешілуі қажет. Ал операция кезінде бұрыннан белгілі фактілер анықталады.
Диагноз қойылғаннан кейін хирург науқасқа жедел операция жасау қаншалықты қажеттігін анықтау керек, яғни операция жасау мерзімін анықтауы тиіс. Егер көрсеткіш болған жағдайда, тез арада дайындық этапына кірісіп кетеді. Бұл этап жедел операция кезінде бірнеше минуттен ( реанимациялық операциялар) бірнеше сағатқа (басым көпшілігіне 2 -сағат) созылады.
Шұғыл түрде жасалатын операцияларға көрсеткіштерге алдымен қан кету және жедел қабыну-деструктивті сипаттағы дерттер жатады. Дерттің сипатына қарай шұғыл операция қажет болмаса, науқастың сырқатнамасына тиісті негіздеме жазылады да, жоспарлы операцияға көрсеткіштер анықталады.
Операцияға көрсеткішер екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы.
Абсолюттік көрсеткіштерге науқас өміріне қауіпті және тек хирургиялық жолмен емделетін операциялар жатады.
Абсолюттік көрсеткіштер бойынша жасалатын шұғыл операциялар өмірлік маңызды операциялар (түншығу (механикалық асфиксия), қан кету, жедел іш қуысының жедел дерттері, іріңді инфекция) деп аталады. Жоспарлы хирургияда да көрсеткіштер абсолюттік болуы мүмкін және олар жедел түрде 1-2 апта ішінде жасалуы тиіс (кез-келген қатерлі ісіктер, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінің тарылуы, механикалық сарғаю).
Салыстырмалы көрсеткіштерге дерттердің екі тобы жатады:
Операциядан бас тарту науқастың өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ тек хирургиялық жолмен ғана емделетін дерттер жатады (аяқ қан тамырларының кеңеюі (варикоз дерті), қысылмаған жарықтар, қатерсіз ісіктер және т.б.).
Консервативтік жолмен де, хирургиялық жолмен де емеделетін ауыр дерттер (жүректің ишемиялық ауруы, аяқтың қан тамырларының тарылуы, асқазан мен үлтабардың жара ауруы және т.б.)
Салыстырмалы көрсеткіш бойынша операциялар жоспарлы түрде, қолайлы жағдайда жасалады.
Организмнің негізгі ағзалары мен жүйелерінің жағдайын бағалау, яғни қосымша дерттерін анықтау 3 кезеңнен түрады: емдеуші дәрігер мен анестезиолог анамнез, физикальдық тексеру, науқастың өтемдік (компенсаторлық) мүмкіндіктерін анықтайтын қарапайым сынамалар (Штанге, Собразье-Генч сынамалары) мәліметіне сүйеніп алдын-ала бағалайды; стандарттық тексерулердің минимумын жүргізу: қосымша дерттерінің бар-жоғына қарамастан төмендегідей тексерулерді міндетті түрде жүргізеді:
қанның клиникалық анализі;
қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, билирубин, трансаминазалар, креатинин, қанттың мөлшері);
қан ұю жүйесіне тексерулер;
ан тобы мен Rһ фактор;
несептің жалпы анализі;
кеуденің флюорографиясы;
тіс дәрігерінің қарауы;
ЭКГ;
терапевттің қарауы;
әйелдер үшін – гинекологтың қарауы.
Егер тексеру барысында қалыпты жағдайдан ауытқушылықтар табылса, олардың себебін, науқас өмірі үшін қаншалықты қауіпті екенін анықтап, операцияны жасау мүмкіндігі жөніндегі сұраққа жауап беруі тиіс.
Қосымша тексерулер науқаста қосымша дерттер, лабораториялық тексерулер нәтижесінде қалыптағыдан ауытқушылықтар табылған жағдайда жүргізіледі.
Осы жүргізілген стандарттық және қосымша тексерулер нәтижесінде операцияға қарам-қайшы көрсеткіш болатын қосымша дерттер анықталады.
Қарама-қайшы көрсеткіштер де: абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Операцияға абсолюттік қарама-қайшы көрсетікштерге шок (жалғасқан қан кету кезіндегі геморрагиялық шоктан басқасы), миокард инфарктісінің жедел сатысы және мидағы қан айналысының бұзылуы жатады.
Науқастың өміріне қауіп төнген кезде, қажетті мамандар көмегімен науқастың жағдайын түрақтандырған соң, аталған қарама-қайшы көрсеткіштер болса да операцияны жасай беретінін атап көрсеткен жөн.
Операцияға салыстырмалы қарама-қайшы көрсеткіштерге науқастың кез-келген өмірлік маңызды ағазаларының қосымша дерті мен жоспарлы операция кезіндегі іріңді инфекция жатады. Әйтседе, олардың науқастың операцияны көтеруіне әсері әртүрлі.
Мына аталған жүйелерге баса назар аудару қажет:
жүрек-қантамыр жүйесіне (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бүзылуы, тромбоздар және т.б.);
тыныс алу жүйесі (өкпе демікпесі, өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі);
бүйрекке (созылмалы бүйрек шамасыздығы, гломерулонефрит);
бауырға (жедел гепатит, цирроз, бауыр шамасыздығы);
қан жүйесіне (қан аздылық, лейкоздар, қан үю жүйесіндегі өзгерістер);
семіздікке;
қант диабетіне.
Операцияға қарама-қайшы көрсеткіштер хирургиялық әдісті қолдануға болмайды деген сөз емес. Қазіргі кездегі хирургияның, анестезиология мен реаниматологияның даму деңгейі көптеген қосымша дерттері бар науқастарға өмірлік көрсеткіштер болса хирургиялық әдісті қолдана беруге мүмкіндік береді.
Операция алдындағы келесі кезең дайындық кезеңі және оның 4 түрі бар:
психологиялық дайындық;
жалпы соматикалық дайындық;
арнаулы дайындық;
операцияның өзіне дайындық;
Жасалатын операцияға науқасты психологиялық дайындаудың үлкен маңызы бар. Операциядан қорықпайтын науқас болмайды. аздерінің таныстары немесе туысқандарына сәтсіз жасалған операциялар олардың жадында әрдайым сақталып түрады. Сондықтан, барлық медицина қызметкерлері емханадан бастап, емдеуші дәрігері науқасқа операцияның сәтті аяқталатынына сенімін нығайтуы тиіс.
Бөлімшеде, қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас болуы тиіс, науқастарға түсіністікпен қарау керек. Кейде, науқастарды үқсас операциядан кейін сауығып келе жатқан науқастар жатқан бөлмеге орналастырады. Науқастың туысқандарымен де сенім үялататын әңгімелер жүргізу керек.
Операция тек науқастың келісімі болғанда ғана жасалады, кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының келісімі міндетті. Науқас өзіне-өзі жауап бере алмайтын болса, оның асыраушысының келісімі қажет. Операция өмірлік болып, асыраушысы немесе ата-анасы болмаған жағдайда, операция дәрігерлер консилиумының шешімімен жасалады. Психикасы ауытқымалы науқастарға әртүрлі фармакологиялық дәрілер пайдаланылады: седативтік препараттар, транквлизаторлар, антидепрессанттар.
Жалпы соматикалық дайындық ағзалар мен жүйелердің негізгі және қосымша дерттер салдарынан бүзылған қызметін қалыпқа келтіру және олардың функционалдық жағдайына резерв жасау мақсатында жүргізіледі. Қосымша дерттерді емдеу мен эндогендік инфекцияның алдын-алу шаралары жүргізіледі.
Арнаулы дайындық операция жасалатын ағзаның ерекшеліктері мен белгілі бір ағзалар қызметінің негізгі дерт негізінде болған өзгерістерінің ерекшеліктеріне байланысты қажет болуы мүмкін (тоқ ішекке, өкпенің іріңді дерттеріне, трофикалық жараларға жасалатын операциялар).
Операцияның өзіне дайындық жедел науқастар үшін ауруханаға түскен сәттен, ал жоспарлы операцияға баратын науқастар үшін операциядан 1 күн бұрын кешке басталады:
операция алаңын дайындау;
науқастың асқазанын босату;
науқастың ішегін босату;
науқастың қуығын босату;
премедикация.
Операция алдында науқасты анестезиолог қарап, наркоз бен операцияның қауіптілігінің дәрежесін анықтайды. Оперциялық-анестезиологиялық қауіптің бірнеше классификациясы бар. Ең оңтайлы классификация американдық анестезиологтар қоғамының классификациясы (А8А, 1961), ал Н.Н. Малиновскийдің қаламдастарымен 1973 жылы әзірлеген, Мәскеудің анестезиолог және реаниматологтар қоғамы 1989 мақұлдаған классификация толық, әрі айқын классификация.
Операциядан кейінгі кезең
Операциядан кейінгі кезең – операция аяқталған сәттен бастап, науқас толық жазылып еңбекке жарамды болғанға немесе еңбекке жарамдылығы толық жойылғанға (мүгедектік) дейінгі аралықтағы кезең.
Операциядан кейінгі кезеңнің маңыздылығы осал емес. Атап айтатын болсақ, осы кезеңде науқасқа күтім аса қажет. Осы кезеңде операцияға дайындық кезінде, операция үстінде жіберілген кемшіліктер әртүрлі асқынулар түрінде көрініс бере бастайды.
Операциядан кейінгі кезеңнің негізгі мақсаты – науқас организмінде жүріп жатқан регенерация, адаптация процестеріне қамшы болу, пайда болған асқынуларды дер кезінде анықтап, олармен күресу.
Операциядан кейінгі кезең бірнеше бөліктен түрады. Б.В. Петровский мен Р.Н. Лебедеваның өзгертілген калссификациясы ыңғайлы:
Операциядан кейінгі жуық кезең – 2 сағатқа дейінгі кезең;
Ерте кезең – 2-5 тәулік.
Кеш кезең -2-3 апта.
4. Алыс кезең (реабилитациялық кезең) – 3 аптадан 2-3 айға дейін. Операциядан кейінгі жуық кезең мен ерте кезеңнің ағымы операциялық жарақаттың, наркоз бен мәжбүрлік жағдайдың организмге әсеріне тікелей тәуелді.
Қалыпты асқынбаған операциядан кейінгі кезеңдегі организмдегі реактивті процестер әдетте 2-3 күнге созылады. Науқастың дене қызуы 37- 37,5оС-қа дейін көтеріледі. Орталық жүйке жүйесінде тежелу процестері байқалады. Шеткі қан құрамы өзгереді (орташа дәрежелі лейкоцитоз, анемия, тромбоцитопения), қанның тұтқырлығы күшейеді.
Асқынбаған операциядан кейінгі кезеңдегі шаралар – организмдегі болып жатқан өзгерістерді түзету, негізгі ағзалар мен жүйелердің қызметін бақылау, мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет