Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.
Спорт ойындарын қоспағанда көпшілік спорт түрлерінде таңдап алған жарыстық жаттығулардың үлес салмағы зор емес, өйткені олар спортшының ағзасына өте жоғары талап қояды. Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді. Мысалы, жеңіл атлеттің арнайы дайындық жаттығулары санына таңдап алған қашықтығының бөліктеріне жүгіру жатады; гимнасттарда мұндай рөлді жарыстық әдіс, тәсілдерінің элементтері ойнайды; ойыншыларда- ойындық әрекеттер мен жарыстық айла, тәсілдер. Басқа мысал ретінде жарыстыќ әрекеттің түріне жуықтайтын жаттығуларды тыңнан жасау (шаңғышыларды, шығыршықты шаңғыларда жаттығу, суға секірушілер мен гимнастарда батутта жаттығу және т.б.). Арнайы дайындық жаттығуларына белгілі жағдайларда шектес, тектес спорт түрлерінің мамандану пәніне қажетті және сәйкес келетін жұмыс күн тәртібінде көрінетін ерекше сапаларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар жатады. Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады. Шаңғышының жарыстағы арнайы жаттығулары. Жаттығу мына мақсаттармен орындалады: а-аяқпен серпілу күштерін арттыру; б) аяқпен және қолмен қозғалу аплитудасын арттыру; в) қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру; г) қолмен серпілу күштерін арттыру; д) жазды кезеңде қозғалу үйлесімділігін және және сырғанау сезуін сақтау. Басымырақ бағыттылығына байланысты арнайы дайындық жаттығулары қозғалыстың түрін, әдістерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын ұштастыру және дене сапаларын (күшті, шапшаңдықты, төзімділікті және т.б.) тәрбиелеуге бағытталған дамыту жаттығуларына бөлінеді. Мұндай бөліну әрине шартты түрде, өйткені қозғалыс әрекетінің түрі мен мазмұны жиі тығыз байланыста болады. Арнайы дайындық жаттығуларының санына еліктеу (имитациялық) жаттығулары жатады. Мұнда спортшының іс-әрекеті таңдаған спорттық пәннің ерекше кинематикасынан және орындау сипаты осындай кезде іріктелген үйлесімділік құрылымы барынша көп сәйкес келетіндей болуы мүмкін. Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті, немесе дене сапаларын көтеруі тиіс. Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары). Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі. Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады. Жалпы дайындық жаттығуларын таңдау кезінде әдетте келесі талаптар сақталады: 1/ спорттық жолдың ең ерте сатысында спортшының жалпы дене дайындығына жан-жақты дене дамуы міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құралдарын қосу керек; 2/ тереңдетілген мамандану және спорттық жетілдіру сатысында ол спорттық нәтижені анықтайтын жарыстық дағдылардың және дене қабілеттерінің іргетасы болып табылуы тиіс: - өзгешелігі жоқ, яғни жалпы төзімділікті тәрбиелеу кезінде біркелкі қарқынмен ұзақ жүгіру, шаңғы кроссы, жүзу; - жеке күш қабілетін тәрбиелеу кезінде-штангамен жаттығу (ауыр атлетикадан алмасқан), сонымен бірге әртүрлі тектегі ауырлықтармен және қарсылық, кедергілермен спорттық-көмекші гимнастика жаттығулары; - қозғалыс шапшаңдығы және қозғалыс реакциясын тәрбиелеу кезінде-спринтерлік жаттығулар, спорт ойындары мен қимыл-қозғалыс ойындарының жаттығулық бір түрі; - үйлесімділік қабілеттерін тәрбиелеу кезінде- спорттық гимнастика, акробатика, элементтері қозғалыс үйлесімділігінің жоғары талаптарымен ойындар. Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін. Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді. Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.