білім беру ортасы – білімнің әлеуметтік–мәдени мазмұны ретінде;
білім беру институттары – білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде;
білім беру үдерісі – білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде;
білім беру саясаты – білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету;
білім беруді басқару – оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды алып келді. Н. Г. Алексеев, Ю. В. Громыко, В. А. Никитин зерттеулерінде жобалау туралы білім берудегі инновациялардың мәдени түрі деген түсініктер де берілді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік – техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалауды әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән–мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Г. П. Щедровицкий білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі, әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады, екіншісі, өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Бүгінгі әдебиеттерде жобалау – алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау әрекеті, бұл жерде ең маңызды нәрсе–бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық– құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты өз шеңберінен шыға алуы–трансценденттенуі–ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады.
Жобалауға–педагогикалық жобаны жасау және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы–деген түсініктер берушілер де бар. Жобалау әдістерімен оқыту үдерісінің педагогикалық қоғам оқытудағы жобалауға немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге (О. И. Газман), жобалау негізіндегі білім беруге (Г. Ильин) көшу жүзеге асырылуда. Бұл үдерісті жобалық ортаның білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжірибеге белсенді түрде еніп келеді.
Білім беруді басқарудағы жобалау туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. Педагогикалық жобалау түсінігі В. Безруковтың анықтамасы бойынша, гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу. И. А. Колесникова: жобалау–тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік-бағдарлы әрекет;
А. П. Тряпыцина: жобалау–білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;
Е. С. Заир-Бек: жобалау–қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт;
Н. А. Масюкова: жобалау–педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы;
Олардан басқа жобалауға педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үдерісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үдерісінен оқытудағы жобалауға немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үдерісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжірибеге белсенді түрде еніп келеді.
И. А. Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік–бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық– құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.