Реферат Пән: Гимнастика Тақырыбы: Жалпы гимнастика ұғымы. Орындаған: Калкенов Б. Е. Тобы: 22-фкс-2-б-осд-к


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары



бет3/4
Дата20.09.2022
өлшемі44,33 Kb.
#150109
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат 3 апта — копия (3)

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде гимнастиканы қолдану. Негізгі гимнастиканың маңызы. Жалпы дамытатын жаттығулар. Сапта тұру жаттығулары. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие жұмысында жоғарыда аталған гимнастиканың барлық түрлерінің ішінде мыналар қолданылады: негізгі гимнастика, емдеу (қалыптастыру) гимнастикасы және гимнастиканың негізі түрі ретінде массаж.
Негізгі гимнастиканың маңызы балалардың денесін жан-жақты дамыту, организміндегі функциялық процестерді жақсарту, денсаулығын нығайту үшін оның тиімділігінде болып табылады. Негізгі гимнастикаға кіретін жаттығу тұлғаның дұрыс қалыптасуына, дағдылы қимыл-қозғалысқа, қозғалыстың жалпы үйлесімі мен дене қасиетінің дамуына әсер етеді.
Негізгі қозғалыстар-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу және тепе- теңдікті сақтауды дамытатын жаттығу жасау. Бұл жаттығуларды алда тұрған міндетке байланысты үлкенді-кішілі дене тәрбиесі құралдарын (дөңгелек, құрсау, секіріп ойнайтын жіп, доп, өрмелейтін мінбелер, лақтыру үшін қажетті нысаналар, секіруге арналған бағаналар, т.б.) пайдалану арқылы жүргізуге болады.
Жалпы денені дамытатын жаттығулар бұлшық еттердің жекелеген топтарын дамыту және нығайту, тұлғаны дұрыс қалыптастыру мақсатында қолданылады. Жаттығу организмге жалпы физиологиялық ықпал жасайды және қозғалыстарды үйлестіруді, кеңістікте бағдарлай білуді жетілдіруге көмектеседі. Ол жаттығулар жалаушалар, таяқшалар, дөңгелек құрсаулар, ленталар, т.б.құралдармен және құралдарсыз да орындалады.
Сапта тұру жаттығулары - сапқа тұрғызу (шеңберде, тізбек-сапта, қатарлы-сапқа т.б.), сапқа қайта тұрғызу (бір тізбекті саптан екі, үш, төрт тізбекті сапқа, қатарлы сап­қа және с.с. тұрғызу), жан-жаққа бұрылу (оңға, солға, кері қарай), саптың созылып, сиректеуі және тұтасуы, кеңістіктегі барлық қозғалыс әртүрлі сапқа тұрғызуда және бытыраңқы (сабақтарда, ертеңгілік гимнастикада, көп қозғалысты ойындарда, қол ұстасып әндетіп билейтін ойындарда, мереке салтанатында, қыдыру, экскурсия кезінде) пайдаланылады. Кішкентайлар мен ортаңғы топ балалары кеңістік терминологиясын затқа қарай бағдарлау арқылы қабылдайды: «Tерезеге қарай оңға бұрылыңдар!» Ересектер тобында бағдарлаусыз: «Диагонал бойлап-марш!», «Қарама-қарсы жаққа тізіліңдер!», «Бірінші звено-оңға, екінші-солға марш» және с.с. 5-6 жасар балалардың кеңістік терминологиясын меңгеруінің қолайлылығы және өз бетінше пайдалануын эксперимент арқылы (Э.Я.Степаненкова) анықтаған. Осы жаттығуларды орындау барысында балалардың кеңістікте бағдар ұстауы, ұжымда әрекет ету үйлесімділігі (әртүрлі тапсырмаларды жалпыға ортақ қарқында және өзара байланыста орындау) қалыптасады. Сапта орындалатын жаттығулар балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды. Олар әртүрлі заттармен орындалуы, әнмен, музыкамен, ұрып ойнайтын аспаптармен (даңғыра, барабан) сүйемелденуі мүмкін. Негізгі қозғалыстар, денені жалпы дамытатын және сап­та жүріп жасайтын жаттығулар дене шынықтыру және музыка сабақтарында, сондай-ақ ертеңгілік гимнастикада жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасындағы гимнастика жөніндегі барлық матери­ал әрбір жастағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топтың өз ішіндегі, сондай-ақ олардың арасындағы қиындықты біртіндеп өсіру арқылы орналастырылған. Бұл жаттығулар арқылы әрбір бала балабақшада болған кезеңі ішінде бағдарламалық материалды дер кезінде меңгеру, өзінің жасына лайық қимыл-қозғалыс техникасын игеру және мектептегі оқуға дайын болу мүмкіндігі қатамасыз етіледі. Бұл жаттығулардың бәрі балалардың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, зейінділігін дамытуға, кеңістікте бағдарлай білуге, келісімді әрекет жасауға, тәртіптілікке көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет