Реферат Пәні: Қаржыға кіріспе Тақырыбы: " Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы "



Дата21.12.2022
өлшемі27,92 Kb.
#163855
түріРеферат
Байланысты:
Үй шаруашылығы
функц жағдай, ЕН экономикасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Мемлекеттік басқару,қаржы және маркетинг” кафедрасы

Реферат
Пәні: Қаржыға кіріспе


Тақырыбы: “ Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы ”

Орындаған: Қорғанбаева Дильназ


Тобы: УК-2
Тексерген: Исетова Аруна

Ақтөбе 2022


Жоспар:
1.Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары 3
2.Үй шаруашылық тарының қаржы ресурстары және бюджеті ----------- 5
3.Үй шаруашылық тарының табыстары мен шығыстары ------------------ 7

1.Үй шаруашылықтары қаржысының ұғымы және оның функциялары


Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. ХХІ ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді.
Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.
Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті.
Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды: 1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі; 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі; 3) материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:


1) осы шаруашылық бірлігі мен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай ресурстарды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану.
Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді.

2. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары және бюджеті


Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нәтижесінде жасалынған үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары – бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша. Үй шаруашылығының ақшалай қаражатарының көлемі шаруашылықтағы әркімнің күш салуына байланысты.
Үй шаруашылығының қаржылық ресурстары, әдеттегідей, нысаналы арналымы бар оқшауланған ақшалай қаражаттар түрінде болады. Екі негізгі қор жасалды:

  • тұтынуға арналған қаражаттар, ол осы ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары) қанағаттандыруға арналған;

  • жинақ ақшаларға (кейінге қалдырылған қажеттіліктердің) арналған қаражаттар, ол келешекте қымбат тұратын тауаларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капитал ретінде.

Қаржылық ресурстардың ақшалай нысаны үй шаруашылығының қажеттіліктерін тұтас алғанда шаруашылық ұжымының мүмкіндігімен үйлесуіне, сонымен бірге отбасындағы әркімнің қажеттіліктері қалай қанағаттандырылып отырғанын бақылауға жағдай жасайды.
Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының құрамы мыналарды кіріктіреді:
1) меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесінің тапқан жалақысы, қосалқы шаруашылықтан алған табыс, коммерциялық қызметтен түскен пайда;
2) рынокта жұмылдырылған, кредит ұйымдарынан алған кредиттік нысан¬дағы қаражаттар, дивидендтер, пайыздар;
3) қайта бөлу ретінде түскен қаражаттар – зейнетақылар, жәрдемақылар, бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан алынған несиелер.
Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады. Тұрақты – бұл адам үміттеріне сәйкес болашақта сақталынатын табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл түріне, әдеттегідей, еңбек қызметіне ақы төлеуді жатқызады. Уақытша табыс деп болашақта жоғалатын табысты айтады, мысалы, акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан түскен табыс. Қазақстанда елдің жалпы экономикалық жағдайы тұрақсыздау болып тұрғанда үй шаруашылығының бүкіл табысы уақытша, қиын болжанатын табыс болып келеді.
Отбасы бюджетінің кірісін үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі анықтайды. Мөлшері жылдан жылға қайталанатын тұрақты табыс олардың тұтыну шығыстарында айтарлықтай ауытқу тудырмайды. Бұл кезде уақытша табыс елдің жалпы төлем қабілеті бар сұранымына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Уақыттың жеке кезеңінде оның өсуі тауарлар мен қызметтердің қосымша талаптарын жасап, рыноктағы жағдаятты күрделендіреді.
Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай ықпал жасайды, өйткені рыноктық экономикада ол түгелдей материалдық және ақшалай қаражаттардың жалпы толық айналымына біріктірілген. Бұл ықпал:
1) салық жүйесі арқылы үй шаруашылықтары салықтар, алымдар, баждар төлейді және басқа міндетті аударымдар жасайды;
2) мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу арқылы;
3) берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер арқылы;
4) мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттері тұрпаттары бойынша – қалыптасу қағидаттарына, бюджет моделіне қарай ажыратылады. Модель отбасында, әсіресе ерлі-зайыптылар арасында қандай қаржылық және жеке қатынастар қалыптасуына қарай айқындалады. Осы критерийлерге сәйкес отбасы бюджеттерінің үш тұрпаты бөліп көрсетіледі: бірлескен, бірлескен-бөлектелген (пайлық) және бөлектелген.
Бірлескен бюджет кезінде отбасы мүшелерінің тапқан барлық қаражаттары бірге қосылады және алынған қаражаттарды бөлу мен пайдалану мәселелері бірлесіп шешіледі.
Бюджеттің бірлескен-бөлектелген тұрпатын шамамен тепе-тең табыстары бар отбасының мүшелері қалыптастырады. Қаражаттарды пайдалану кезінде алдымен ортақ қажеттіліктерге сома есептеп шығарылады, ал қалған сома отбасы мүшелерінің арасында теңбе-тең, не ортақ бюджетке әрбір мүшесінің үлесіне сәйкес бөлінеді.
Бөлектелген бюджет әрбір мүшесінің жоғары табысы бар және өзін-өзі қамтамасыз ететін отбасылары үшін қабылданған. Бұл тұрпатта жекелеген бірлескен қажеттіліктерге ақша бөлінуі мүмкін және оны тепе-тең бөледі. Бұл тұрпаттағы оң нәрсе үй шаруашылығы мүшелерінің қаржылық тәуелсіздігі және басқалардың алдында есеп бермей шығыстарды жоспарлауы болып табылады.
3. Үй шаруашылық тарының табыстары мен шығыстары
Үй шаруашылықтарының табыстары – өндіріс үдерісінде жасалатын және шаруашылық мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұлттық табыстың бір бөлігі. Бұл табыстар адамдардың өндіріс үдерісіндегі еңбек шығындарын өтеуі тиіс.
Үй шаруашылықтарының жалпы табыстарында ақшалай қаражаттардың көлемі болып табылатын ақшалай табыстар басым болады, олармен үй шаруашылығы өзінің шығыстарын қамтамасыз етеді. Ақшалай табыстар мына көздердің есебінен қалыптасады:
1) жалдағанда еңбектік келісімдерді орындау кезінде алынған үй шаруа¬шылықтары мүшелерінің еңбекақысы, сондай-ақ сыйлықтар, жалақыға тұрақты үстемелер, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмыс берушілердің төлемақылары: жәрдемақылар, көлік қызметтерінің, жолдамалардың ақысы және т.с.с.
2) пайда, дивидендтер, бағалы қағаздар мен салымдар бойынша пайыздар нысанындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жалдау ақысы және басқалары;
3) мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар (трансферттер): зейнетақылар, жәрдемақылар және бюджеттен және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан төленетін басқа төлемдер;
4) басқадай түсімдер (сақтық өтемдері, мүлікті сатудан түсетін табыстар және басқалары).
Табыстарды сыныптаудың негізіне түрлі белгілер қойылған:
1.Табыс көзіне қарай олар былай бөлінеді: жалақы және еңбек қызметінің қосымша еңбекақысы; кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар; бағалы қағаз¬дардан түсетін табыстар; мүлікті уақытша пайдалануға бергені үшін жалдау ақысы;сақтық өтемі; мүлікті өткізуден түсетін табыстар;мемлекеттің ақшалай қорларына (бюджеттерден, бюджеттен тыс қорлардан) төленетін төлемақылар;басқадай көздер.
2.Түсімнің бірқалыптылығына қарай табыстар былай ажыратылады: тұрақты ( еңбекке ақы төлеу, жалдау ақысы және басқалары); дүркін-дүркін (авторлық қаламақы, бағалы қағаздар бойынша табыстар және басқалары); кездейсоқ немесе біржолғы сыйлықтар, мүлікті өткізуден түсетін табыстар.
3.Түсімнің сенімділігіне қарай табыстарды былай ажыратады: кепілденілген (мемлекеттік зейнетақылар, мемлекеттік қарыздар бойынша табыстар); шартты-кепілденілген (еңбекке ақы төлеу); кепілденілмеген (қаламақылар, комиссиялық сыйақы).
Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары – адамның өмір сүруін жалғастыру үшін қажетті материалдық және рухани қажеттіліктерге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар, олар өзіне тұтыну шығыстарын және тұтынумен тікелей байланысты емес шығындарды кіріктіреді. Бұл шығындар үй шаруашылығының жекелеген мүшелерінің жұмыс күшін ұдайы толықтыру жөнінде өте манызды рөл орындайды.
Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі. Тағамдық азықтарды, азық-түліктік емес тауарлар мен алкаголдық ішімдіктерді сатып алуды, сонымен бірге қызметтерді төлеуді кіріктіреді. Пайдалану түрлері бойынша бұл шығыстардың деңгейі мен құрамы тұтыну шығыстарының құрылымын анықтайды.
Түпкілікті тұтынуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары үй шаруашылықтары жасайтын тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардан тұрады, олар мыналардан қалыптасады:
а) жекеше бюджет есебінен тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалатын шығыстардан (үйлер мен пәтерлерді сатып алудан басқа, оларды пайдаланудың ұзақтығына қарамастан);
ә) тұтыну қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
б) өзінің тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынудан;
в) шетелдегі резиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардан;
г) елдің экономикалық аймағындағы бейрезиденттердің тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстарынан.
Тұтыну қызметтерін сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары мынадай қызметтерге жұмсайтын шығыстардан қалыптасады: денсаулық сақтау, білім, көлік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық, қаржылық, мәдениет мекемелерінің, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметтеріне. Мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардан қаржылық емес қызметтерді сатып алуға үй шаруашылықтарының жұмсайтын шығыстары бұл салалар бойынша шығарылымдардан мемлекеттік бюджет қаражаттарынан және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар қаражаттарынан қаржыландырылатын бөлікті шегерумен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет