Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп айырысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер субъектілердің өтіншгі бойынша нақты тиелген немесе босатылған тауарлы-материалдық құңдылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.
Банктерге тапсырмалар, чектер, талап-тапсырмалар ұсынылады.
Бұл есеп айырысуларды банк тұрақты және біржолғы есепке алу арқылы жүргізеді. Тұрақты есепке алу қатарына өзара талаптар мен міндеттемелердщ сальдосы бойынша мерзімдік есеп айырысулар жатады. Біржолғы есеп айырысуларға ею субъект арасындагы қара-ма қарсы талаптардың есепке алынды және өзара талаптар мен міндеттемелердщ сальдосы бойынша мерзімдік есепке алу жатады.
Арасында тауарларды өзара босату немесе қызмет көрсету бойынша түрақты шаруашылық қатынастары бар субъектілер үшін өзара талаптар мен міндеттемелердщ сальдЬсы бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылуы мүмкін. Субъектілерге бір немесе әртүрлі қаладагы, не қаладан тысқары жерлердегі банктер қызмет көрсетеді. Есеп айырысулардың мерзімі мен тәртібі субъектілер арасындагы шарттармен белгіленеді және субъекті орналасқан жердегі есептеме жүргізу жүктелген банкпен міндеггі түрде келісуі керек. Есеп айырысуды жүргізу жүктелген субъект есеп айырысу мерзімі аяқталганнан кейінгі күннен кешіктірмей қарама-қарсы талаптардың шоты бойынша есепті мерзімге сальдо шыгарып, шоттан алынған банк көшірмесін қоса бере отырып оны екінші тарапқа хабарлауга міндетті. Есеп айырысу бойынша есепті кезең аяқталганнан кейінгі келесі күні сальдо шығаруды қиындататын жазулар саны көп болтан кезде, тараптардыц келісімінде төлем қүжатын жазып беру мерзімін үш күнге дейін үзарту көзделеді.
Сальдо бойынша есепке алу сальдо сомасы тауардыц бір күндік босату (қызмет көрсету) сомасына тең болғанда субъектілер жүргізеді Егер есеп айырысудан сальдо сомасы аз болса, ол келесі кезеңнің есеп айырысуьша жатқызады. Сальдо бойынша есеп айырысулар туралы келісім болғанда тауарлы-көліктік жүк қагаздар банкіге еткізілмейді.