Реферат пәні: Әлеуметанну


«Негізінде малдарыңды және балаларыңды сынақ деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар»



бет2/2
Дата18.10.2022
өлшемі52,4 Kb.
#153555
түріРеферат
1   2
Байланысты:
реферат
DOC-20221221-WA0084.
«Негізінде малдарыңды және балаларыңды сынақ деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар» (Әнфал-28). Тағы бір аятта: «Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар»  (Мунафиқун-9). Бұл аяттардан біз көптеген нәрселерді ұғынуымызға болады. Мәселен, тіршіліктің күйбеңіне беріліп, бала-шағаға напақа табамыз деп жүріп Құдай тағаланы жадымыздан шығарып қоймау, адал еңбек етіп, тапқан табысы харамнаен болмау деген ескертулерді түсінуімізге болады.

Отбасының негізі, іргетасы - неке. Неке дегеніміз - екі адамның ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл - дүние- ге бала әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз ететін институционалдық әлеуметтік құрылым. Қазіргі кезде некеге дейін- гі некеден тыс немесе бір жынысты қатынасқа көп елдер төзімділік танытып отыр. Дегенмен баланың некесіз тууына қарсылық басым. Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар- отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).


Сонымен бірге неке деген - ерлі-зайыптылардың міндетін заң жүзінде анықтайтын келісім. 1960 жылдары отбасылық міндеттер ер мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйел- дерін қаржылай қамтамасыз етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттеледі.Еркек пен әйел арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы фиминистік қозғалыс пайда болған соң,өзгере бастады.
Неке - бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сә- бидің жақсы өсуі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дү- ниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге кел­ ген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
Неке дегеніміз ерлі- зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.
Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тиым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ.
Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17желтоқсандағы №321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Неке екі адам арасындағы одақ. ерлер мен әйелдер немесе бір жыныстағы екі адам болсын, діни рәсімдер арқылы немесе бірқатар заңды формальдықтар арқылы өмір мен мүдделер қоғамдастығын сақтау үшін орнатылады. Бұл сөз латын тілінен шыққан матримон.
Осылайша, неке бұл әлеуметтік институт ол заңды тануға ие, демек, ерлі-зайыптылар үшін әр елдің азаматтық заңнамасында белгіленген,отбасылық және тұрмыстық сипаттағы бірқатар міндеттер мен құқықтарды көздейді. Некенің негізгі мәне отбасының конституциясы, бұл одақ кезінде туылған немесе асырап алынған балаларға заңдылық береді.
Неке – ердің әйелмен үйленуі, онымен бірге болуы мағынасына келеді. Қазақтың ғұрпына қарасақ Шариғатта отасушы ер мен әйелдің ұсыныс жіне қабылдау арқылы сөз байласуы.
Тарихқа көз жүгіртсек, қай елде болмасын, қай жерде болмасын адамдар әдеттегідей туыстарымен, айталық, күйеуі, бір немесе бірнеше әйелі, олардың балалары, ата-әжелері, аға-әпкелері, іні-қарындастары, бөлелері, жиендері т.б. бәрі бірге тұрған. Отбасының мүндай түрін кеңейтілген отбасы деп атайды. Әулеттің ұтымды түстары көп: әңгімелесетін, жаныңды үғып, құшағын жаятын адам әрдайым жаныңнан табылады, кішкентай балаң қараусыз қалмайды, үйдегі қарт немесе мүгедек адамдар жалғызсырамайды, шығындарды бөлісіп төлеуге болады. Әулет - ерлі-зайыптылар мен олардың балалары өзге туыстарымен, яғни ердің не әйелдің ата-анасымен немесе бауырларымен бірге өмір сүретін отбасы. АҚШ-та кеңейтілген отбасы көлемі шамамен 12 пайыз және бұл көрсеткіш жыл санап өсуде. Мұның екі себебі бар (Du Toit, Bachtell, & Haggerty 2011). Біріншіден, экономикалық мәселелердің салдарынан адамдар ақша үнемдеу үшін туыстарымен бірге тұруға мәжбүр бола бастады. Екіншіден, соңғы жылдары АҚШ-қа кеңейтілген отбасы құндылықтарын ұстанатын елдерден иммигранттардың келуі көбейген. Олар жаңа қоныстарында да осы тенденцияны жалғастырып жатыр. Дегенмен америкалықтардың басым бөлігі (ауқатты қоғамда өмір сүретін басқа адамдар секілді) нуклеар отбасында тұруды қалайды. Нуклеар отбасы - ата-анасы мен балалары өзге туыстардан бөлек үйде түратын, тәуелсіз отбасы. Нуклеар отбасының құрамында ата-анасы мен олардын, кәмелетке толмаған балалары ғана болады. Нуклеар отбасын-тәуелсіз өмір сүргісі келетіндер және ата-анасын немесе туысқандарын асырағысы келмейтіндер таңдайды. Сонымен бірге көптеген адамдар жұмыс орнының не мектебінің қашық болуына байланысты нуклеар отбасында тұрады. Дәстүрлі нуклеар отбасы (ата-ана мен жасы 18-ге толмаған балалары) АҚШ-та қазір бұрынғымен салыстырғанда сирек кездеседі. Отбасылардың 30 пайызы және үй шаруашылығының 21 пайызы ғана осы үлгіні ұстанады (U.S. Bureau of the Census 2011d). Оның opнына ересектердің өмірлік серігі болмаса, туыстарымен емес, не жалғыз, не достарымен, не сүйгендерімен, не балаларымен бірге тұруы көбейген. АҚШ-та кең таралып келе жатқан отбасы үлгісі - аралас отбасы. Аралас отбасы – ерлі-зайыптылардың бірінің немесе екеуінің де алдыңгы некесінен баласы бар отбасы. Аралас отбасында ерлі-зайыптылардың біреуінен ғана туған, яғни артынан еріп келген балалары болады. Мысалы, Джим мен Мисаконың отбасын алайық. Джимнің бүдан бұрынғы отбасынан екі баласы, Мисаконың бірінші некесінен бір бала, екінші некесінен тағы бір баласы бар делік және Джим мен Мисаконың ортақ бір баласы болсын. Осы адамдардың барлығын бірге алганда аралас отбасы шығады.
Ажырасу тым көбейгендіктен, балалардың басым бөлігі қазір толыққанды емес отбасыларда өмір сүріп жатыр. Осылайша, балалар бірнеше үйдің арасында сенделуге мәжбүр. Олар аптаның бір бөлігін анасымен, ал келесі бөлігін әкесімен бірге өткізуі мүмкін. Жазғы демалыстары да солай: ата-әжесінің немесе әкесінің не шешесінің бұрынғы жұбайының үйінде өтеді. Мұндай отбасында балалар ата-аналарының жаңа жұбайларымен, олардың балаларымен, өгей балаларымен араласып, олардың кейбірін немесе барлығын да отбасының бір мүшесі деп тани алады. Соңгы уақытта бір жынысты некелердің көбеюі отбасы табиғаты мен оның мағынасы жайлы қосалқы мәселелер туындатты.
Негізі отбасы түрлері жеке қарастыратын болсақ ол билік формасына қарай авторитарлы және эгалитарлы; құрамына қарай нуклеарлы,қеңейтілген, толық емес отбасы;бала санына байланысты көп балалы (үш не одан көп), орташа (екі балалы), бір баласы бар, баласыз отбасы деп бөлінеді.
Басқару принципі бойынша эгалитарлы отбасы – ерлі-зайыптылар тең басқарады. Авторитарлы отбасы – ерлі-зайыптылардың біреуі басқарады.
Нуклеарлы отбасы – бір некелік жұп балалрынан тұратын отбасы.
Күрделі отбасы – нуклеарлы отбасы мүшелері ата, әжелері, ерлі – зайыптылардың туысқандары, достары, т.б.
Толық емес отбасы – ерлі-зайыптылардың біреуінің болмауы.
Әр елдің отбасы түрлері туралы көрсеткішті алатын болсақ Қазақстан АҚШ пен Ресейге салыстырғанда нуклеарлы отбасы түрінен басым болып келеді.

АҚШ-та және Батыс елдерінде моногамиялық неке деп аталатын үлгі қалыптасқан. Бір уақытта эр еркек тек бір әйел ғана ала алады және әр әйел тек бір ер адамға ғана түрмысқа шыға алады. Алайда кейбір елдерде бір жұптан артық алуға мүмкіндік беретін полигамия үлгісі де кездеседі. Көбіне ер адамға бір уақытта бірнеше әйел алуға рұқсат беріледі, ал әйелдің бірнеше күйеуі болуын қарастыратын қоғам жоқтың қасы.


Полигамияға рұқсат ететін, тіпті бұл тенденцияны үдетуге көздемейтін қоғамдардың өзінше шектеулер бар. Бұған елдегі әйел мен ер санының шамалас болуы себеп. Егер бір азамат (әдетте бай әрі қуатты) әйелді қос-қостан алса, енді бірі жалғыз қалуы ықтимал. Сондықтан полигамия қабылданған қоғамдардың өзінде моногамия басым және жас жігіттердің жарды мүлдем басқа жақтан іздеуіне тура келуі мүмкін. Мысалы, Исаның «Соңғы әулие күндері» атты полигамды фундаменталды шіркеуі бақылау жүргізетін АҚШ қалаларынан соңғы жылдары жүздеген жасөспірім ұл қуылды. («Мормондық шіркеу» деген атпен танымал Исаның «Соңғы әулие күндерінің» басты шіркеуі бір ғасыр бұрын полигамиядан бас тартқан). Ресми түрде бұл балалар заңға қайшы әрекеті үшін қуылған болатын. Алайда сырт бақылаушылардың пайымдауынша, олар егде жастағы ерлердің тағы да жас әйел алуына кедергі болуы мүмкін деген себеппен қуылған. Мұндай мысалдар ер адамның билігі әйел адамнан басым болатын және ерлер арасында қуат айырмашылығы бар қоғамдарда полигамияның жүретінін көрсетеді.

  1. Діни неке

Бұл ерлі-зайыптылар ұстанатын әр діннің нанымына қарай әр түрлі болады. Осы мағынада католик діні некені Құдайдың батасын алған, ерімейтін және ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуымен аяқталатын одақ деп санайды, ол бір жыныстағы адамдар арасындағы одақты қабылдамайды.
Католик шіркеуінде некеге тұру үшін ерлі-зайыптылар шомылдыру рәсімінен өтіп, расталуы және алғашқы қауымдастығын алуы керек, ал рәсімді таңдаған шіркеудің діни қызметкері орындайды.
Еврейлер некені толықтырушы ретінде қарастырады және бұл адамның бірігу тәсілі. Исламды ұстанатындар үшін конъюгациялық одақ - бұл отбасылар арасында жасалған келісімшарт. Буддизм үшін бұл тыйым салынбаған және міндетті емес заңды талап қана.
2. Азаматтық неке
Дәл осы одақ әр елдің заңдары алдында рәсімделіп, діни жоралғыға бағынбайды, бірақ бұл діни некені жоққа шығармайды, көптеген мәдениеттерде некенің екі түрі де қатар жүреді. Ерлі-зайыптылар кәмелеттік жасқа толуы керек немесе егер олар кәмелетке толмаған болса, ата-аналарының, өкілдерінің немесе қамқоршыларының рұқсаты болуы керек.Олар бұрын некеде болмауы керек, ажырасқан және / немесе жесір қалған жағдайда, тиісінше ажырасу туралы қаулыны және / немесе қайтыс болу туралы куәлікті ұсынуы керек.
3. Тең неке
Гей немесе гомосексуалды неке деп те аталады, бұл бір жыныстағы екі адамның арасындағы заңды одақ. Көптеген елдерде бұл неке заңды емес, ал Испания сияқты басқа елдер бұл одақты дәстүрлі некедегі барлық артықшылықтармен таниды.
4. Сот неке
Сот неке немесе триминия – бұл үш адам арасында пайда болатын одақ. Екі еркек және бір әйел, екі әйел және бір ер адам, үш әйел немесе үш ер адам. Бұл бір адамның екі адаммен әртүрлі рәсімдерде бірігуін білдірмейді, бірақ трио махаббат пен некенің заңдары бойынша өмір сүруге деген ұмтылысқа негізделген.
Некенің бұл түрі көптеген елдерде заңсыз, бірақ бұған тыйым салатын заң жоқ басқа да елдер бар.
5. Ішкі серіктестік
Бұл бір жыныста бола ма, жоқ па, екі адам жүзеге асыратын еркін одақ. Ол заңдық одақ болып саналмайды, өйткені ол ешқандай заңға бағынбайды. Екі адамның да азаматтық неке фигурасы бойынша ерлі-зайыптылардың міндеттері, міндеттері мен құқықтары бірдей болғанымен.
6. Балалардың неке қиюы
Бұл келісуші тараптардың бірі кәмелетке толмаған кезде жүзеге асырылатын шара. Әдетте некенің бұл түрі қыз бен одан үлкен ер адам арасында болады. Бұл мәжбүрлі неке деп саналады және БҰҰ оны жоққа шығарғанымен, Үндістан сияқты көптеген елдерде бұл одақ өте жиі кездеседі.
7. Ұйымдастырылған неке
Бұл Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасының кейбір аймақтарына тән неке түрі, мұнда ерлі-зайыптыларды үшінші адам, әдетте, ата-аналар таңдайды. Ерлі-зайыптылардың одақты қабылдауға немесе қабылдамауға күші бар.
8. Некеге тұру
Сондай-ақ, қызды ұрлау деп аталады, бұл ер адам әйелді өзінің еркіне қарсы қосылу үшін әйелді ұрлап немесе ұрлап әкететін бүкіл тарихта кең таралған тәжірибе.
Бұл заңдар мен ұйымдардың кеңінен бас тартқан фактісі, өйткені әйелдер қалаусыз жүктіліктен басқа, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Одақтың бұл түрін қолдайтын мәдениеттер әлі де бар және бұл Орталық Азия, Африка, Пәкістан, Қырғызстан және Оңтүстік Америкадағы Амазонка тропикалық ормандары елдерінде жиі кездеседі.
9. Көп әйел алу
Бұл некенің сирек кездесетін түрі, кейбір діндер оны қолдайды, ер адамның бірнеше әйелмен бірігуінен тұрады, сонымен қатар әйелдің бірнеше еркектермен бірігуі бар және бұл полиандрия деп аталады, бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Көптеген елдерде бұл заңсыз одақ, ал күйеуі бигамист болып саналады, бұл заңмен жазаланады. АҚШ-тың кейбір штаттарында бұл одаққа рұқсат етілген.
10. Инбридинг
Эндогамиялық неке - бұл ерлі-зайыптылар бір отбасына жататын одақ түрі, олар немере ағалары немесе екінші дәрежелі туыстары. Ол сондай-ақ бір этникалық, діни немесе тектік топқа жататын адамдар арасындағы одақ туралы айта алады және оның мақсаты басқа адамдардың топқа кіруіне жол бермеу болып табылады.
11. Мәжбүрлі неке
Бұл неке түрі, онда тараптардың бірі (әсіресе әйелдер) өздері қаламаған еркекке тұрмысқа шығуға мәжбүр болады (әдетте, олардың ата-аналары), бұл одақ адам құқығын сыйламайды және құлдықтың бір түрі болып саналады. Бүгінде ол Азия мен Африканың көптеген аймақтарында бар.
12. Ақ неке
Бұл алаяқтық деп саналады және ауыр құқықтық салдарға алып келеді, бұл ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де қаржылық немесе заңды түрде пайда алатын ыңғайлы одақ. Олардың арасында жыныстық қатынас (сондықтан олардың атауы) немесе кез-келген сезім түрі болмайды, көп жағдайда ерлі-зайыптылардың біреуі алаяқтықты жеңілдеткені үшін қаржылық өтемақы алады.
13. Левираттық неке
Бұл баласы жоқ жесір әйелдің мәжбүрлі одағынан тұрады, ұрпақ туғызу және отбасын мәңгілік ету мақсатында, қайтыс болған күйеуінің ағасымен, қазіргі кезде көптеген қалаларда некенің бұл түрі өте жиі кездеседі. Жіберетін адам болса, ол қайтыс болған әйелінің қарындасына үйленеді және бұл одақ сорорлы неке деп аталады.
14. Экстремалды некеде тұру
Сондай-ақ өлімге байланысты неке деп аталады, бұл келісімшарт жасаушы тарап қайтыс болғалы тұрған кезде жасалады, заң бұл жағдайда қалыпты жағдайда міндетті болып табылатын кейбір формальдылықтарды елемейді.
Әрбір діннің некені анықтайтын идеялары мен хаттамалары бар, сол сияқты әр елдегі заңдар неке одағына жарамды болу үшін әр түрлі болуы мүмкін.
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда отбасын құрғандар саны жылдан жылға артуда. Бірақ бұл сандық мәліметтердің екі қыры бар, бір жағынан үйленгендер саны артса, екінші жағынан ажырасып жатқандары да жетерлік. Төменде осы көрсеткіштерге статистикалық мәліметтер бойынша қысқаша талдау жасап өтсек.
2009 жылы Қазақстанда 140 386 мың адам шаңырақ көтерген, оның 39257-сы ажырасқан. Демек, шаңырақ көтергендердің әр үшінші жұбы ажырасады екен. Пайыздық көрсеткіште бұл жалпы неке қиғандардың 27,9 %-ын құрайды. 2010 жылы 147 443 мың неке қиылса, 41 618 мыңы ажырасқан. Үйленген отбасының 28,2 %-ы ажырасқан. Ал 2011 жылы 160 504 мың отбасы құрылса, оның 44831-і қайта ажырасуға өтініш берген. Яғни 27,9 %-ы некесін бұзған. 2012 жылы 164 392 мың адам отау тіккен. Алайда 48 513-і некесін бұзған, 29,5 %-ы ажырасқан. 2013 жылы 178 558 жұп отбасын құрып, 51 485 жұп ажырасқан. Олай болса, 28,8 %-ы шаңырақтың іргесі шайқалған. Ал 2014 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 68435 шаңырақ көтерілсе, осы уақыт аралығында тиісінше 25231-і некесін бұзған. Бұл 36,8 %-жұптың қайта айырылысқанын көрсетеді [3].
Осы мәліметтерді талдай отырып, неке қиған әр отбасының үшіншісі ажырасады деген қорытындыға келеміз. Бұл – сан ғасырлық тағылымды тарихы бар қазақ халқына жат құбылыс емес пе?! Атам қазақ отбасын қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтаған және мемлекеттің негізгі тірегі мен болашағы осы отбасынан бастау алатынын негіздеп, келешек ұрпаққа осы үрдісті жалғастыруды аманатқа қалдырған. Отбасын құрып, шаңырақ көтеру өте жауапты қадам, оған үлкен жауапкершілікпен қарау қажет. Себебі, Отан - отбасынан басталады. Қазақ халқы «үйлену оңай, үй болу қиын» деп тектен тек айтпаған болар. Мынау аласапыран қиын заманда, құндылықтардың орны мен реті өзгеріп, Батыстан тұрған дауыл қоғамға өзіндік ағымдар лебін әкелуде. Бұл үдеріс қазіргі таңда толастамаса, келешекте бәсеңдейтін түрі жоқ. Осындай өтпелі кезеңде шаңырақ көтеру – ерекше қиын. Отбасылық өмірдің ыстығы мен суығына шыдай алмаған жастар көп ұзамай некесін бұзуда. Ажырасу өте ауыр, қиын, қатері де, залалы да көп болады. Әсіресе, екі жұптың ортақ балалары болса. Бұл сол ортада өмірге келген жас ұрпақтың тағдырының тамырына балта шапқандай. Ондай балалар қоғамда да, өмірде де өз орнын табуға көп қиналады. Мұны қай халық болмасын, қай қоғам болмасын дұрыс көрмейді. 
Елбасымыздың ықпалымен 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі деп бекітілді. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, елбасымыздың осындай атаулы күнді мемлекеттік мереке ретінде енгізуі өте орынды. Отбасы қоғамның ажырамас бөлігі, оның осал болуы жалпы мемлекеттің әлсіреуіне тікелей ықпал етеді. Осы ойды Елбасымыз Қазақстан отбасыларын мереке күнімен құттықтау сөзінде былай жеткізеді: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. «Отбасы күні» осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек» 

Қолданылған әдебиеттер:



  1. «Әлеуметтану негіздері» Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортега.

  2. «Социология» Рахметов Қ.Ж. , Болатова А.Н. , Исмағамбетова З.Н.

  3. «Ақылдың кені» Жарықбаев Қ.

  4. Википедия Ашық энциклопедиясы

  5. «Неке мағынасы» Марк Санчез

  6. stud.baribar.kz , zhardem.kz , bilimdiler.kz , bilim-all.kz

  7. «Отбасы ғылымхалы» Ата әс-Сынбати, Мұхитдин Исаұлы.

  8. Электронный научный журнал «edu.e-history.kz»

  9. «Бар некенің 14 түрі» Клайд Лопез


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет