Реферат пәні: Құқық негіздері Тақырыбы: Құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері


Қазақстан Республикасының прокуратурасы



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі31,81 Kb.
#92471
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері Реферат Кемалова Ж 2МК

Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады.



Прокуратура органдары жүйесіне:



  • Бас Прокуратура;

  • облыстардың прокуратуралары;

  • республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары;

  • ауданаралық;

  • аудандық;

  • қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.



Прокурордың қызметі:



  • қылмыстық істің қозғалуының негізі бар екендігін анықтайды немесе қылмыстық істі өзі қозғайды, жалпы тергеуді бақылауда ұстайды;

  • прокурор алдын ала тергеудің бікенінен кейін қылмыстық істің әрі қарай қозғалысын анықтайды, ол дегеніміз қылмыстық істің біткенін прокурордың бекітуімен ғана соттың қаралуына өткізіледі;

  • сотта прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды және ол қодаудан жеке өзіне байланысты себептермен бас тартуға хақысы жоқ;

  • прокурор тергеушінің немесе анықтама анықтау органының маңызды процессуалдық шешімдерін (күзет қарауына алу, тінту жүргізу, пошта-телеграф корреспондеттігін қамауға алу) бекітеді;

  • прокурор тергеушінің және анықтау органдарының іс әрекетіне жасаған шағымдарды қарайды және осы туралы шешім қабылдайды;

  • прокурор тергеу біткен соң істі толық тексереді және айыптау қорытындысын бекітеді;

  • анықталған заңбұзушылықтарға прокурор қылмыстық іс қозғауға тиіс, тәртіп бұзушыларға қатысты заңды шешіп қабылдауы қажет.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет