Реферат Пәні: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған жаратылыстану-ғылыми білім негіздері Тақырыбы: Табиғат физикасы Бастауыш акт 3 Орындаған: Жәуміт Гүлжайна Аристотелъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика»



Дата25.10.2022
өлшемі19,86 Kb.
#154868
түріРеферат
Байланысты:
Реферат гужай



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Реферат

Пәні:Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған жаратылыстану-ғылыми білім негіздері


Тақырыбы: Табиғат физикасы
Бастауыш АКТ 3
Орындаған: Жәуміт Гүлжайна

Аристотелъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Физиканың мақсаты – табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі жердің оны өзіне тартуынан туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр.Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.Физиканың ғылыми тілін игеріп, заңдарын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.Мысалы, жол, жылдамдық, куиі сияқты сөздер физика тілінде жиі қолданылатын терминдер болып табылады.Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен планеталар, сондай-ақ жарық және басқа да сәулелер жатады.Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Мысалы, Ай, қасық, өшіргіш, үстел, судың тамшысы денелер болып табылады. Дене белгілі бір заттардан тұрады.Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады. Мысалы, затқа күміс, су және ауа жатады. Үстел – дене болса, оны құрайтын ағаш – зат. Шеге – дене, шегені құрайтын темір – зат. Ағаш та, темір де дененің сапалық қасиеттерін сипаттайды.Дене бір ғана заттан түзілуі мүмкін. Мысалы, су, оның буы және мүз – бұлардың барлығы да бір ғана заттан тұрады. Алайда, бір тамшы су мен мүз кесегі дене деп қарастырылады да, бу тек зат болып есептеледі. Өйткені будың денеге тән нақты көлемі және пішіні жоқТабиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды біржүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады. Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар табиғат деген ұғымды білдіреді.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы сондай-ақ судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы — осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Табиғаттағы сан алуан өзгерістерді табиғат құбылыстары деп атайды.Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология,биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды. Сондықтан физика заңдарымен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар оқып пайдаланады.Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис — табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз — Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым М. В. Ломоносов болатын.Физиканың ғылыми тілін, заңдары мен теорияларын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды.Физикалық құбылыстар мен зандылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.Сөйтіп материя, дене, зат сияқты физикалық ұғымдар қалыптасады. Бұл ұғымдардың терең мағынасы физика мен астрономияны оқып үйрену барысында ашылады.Физика мен астрономияда жиі қолданылатын кейбір ұғымдарға алғашқы түсінік бере кетейік.Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяға өсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар.Өткен ғасырдың орташа шенінде астрономия ғылымы көптеген аспан денелерін – Айдың,ғаламшарлардың және олардың серіктерінің, құйрықты жұлдыздардың, тіпті бізге жақын жұлдыздардың көрінерлік және нақты қозғалыстарын жақсы зерттеді. Бірақ аспан денелерінің физикалық табиғаты жөнінде ол кездегі астрономдар тек болжап айтқан еді. Бұл кейбір философтардың аспан шырақтарының физикалық табиғатын танып-білуге болмайды деп кесімді ой тұжырымдауларына жол берді.Бірақ 1851 жылдан бастап астрономияда фототүсірім қолданыла бастады,ал 1859 жылы Г.Кирхгоф пен Р. Бунзен спектірлік анализдің негізін қалады. Спектрлік анализ астрономияға тез кірігіп,оның астрофизика дейтін жаңа саласына жол ашты.Астрофизика аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттейді.Қазіргі кезде астрофизика қарыштап дамыды.Физиканың белгілі заңдарына сүйене отырып ең жаңа деген құралдарды,тіпті автоматты ғаламшараралық кемелдері қолданып, бүгінгі астрофизика аспан обьектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет