Реферат пәні: Ұлы дала тарихы



Дата06.02.2022
өлшемі25,8 Kb.
#81359
түріРеферат
Байланысты:
тарих 1


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пәні: Ұлы дала тарихы
Тақырыбы:Арғы түркі – Түркі – Қазақ» қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы.
Орындаған: Таалайбек Улпан
Тобы: В006
Қабылдаған: Тойшубекова.Ж.К.

Алматы, 2020



  1. Ежелгі дәуірдегі Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттер Сақ, ғұн, үйсін,

Сақтар.
Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасмуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.
Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б.д.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.
Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.
Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.
Сақтар отқа, күнге, ата-баба аруағына, соғыс құдайларына табынған. Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын.
Ғұндар.
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.
Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б. 1 ғасырдың соңы мен б.з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.
Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері – Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Шығыс ғұн ескерткіштері.
2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.
3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.
Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.
Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған.Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару – жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.
Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Ғұндар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы-кішілі жортулы-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Ендеше ғұндар тікелей біздің ата-бабаларымыз.
Үйсіндер.
Үйсіндер ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін мекендеген. Олар – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тау бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінеен Жетісуда шоғырланған.
Археологиялық ескерткіштері Ақтас қорымы (Алматы), Қарғалы тау шатқалы (Қарғалы диадемасы).
Үйсіндер тау бөктеріндегі тұрақты үйлерінде тұрған. Қыста шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қаланған үйлерде тұрған.
Үйсіндер мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал баққан, егіншілікпен шұғылданған. Қолөнер, зергерлік бұйымдар жасау, қыш ыдыстар жасау, кен өндіру кәсібімен шұғылданған.
Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.

  1. «Түрік елі» идеясының пайда болуы мен қоғамды топтастырушы факторы.

Түріктердің мәңгілік мақсат-мұраттарын көздейтін «Тұтас түрік елі» идеясын насихаттайтын «Тоныкөк», «Күлтегін» жазбаларының өзін осы идеяны мәңгі көктүріктің ұрпақтарына қалдыру үшін Иоллығтегін тасқа қашатып жаздырды. «Бәрібір адам баласының бәрі өлгелі туған», – дейді Иоллығтегін. Бұл дүниедегі өмір өз жұртыңа сөз қалдырып, керек болса, жұртың үшін жан қиюға дейін бару үшін, ал о дүниедегі өмір – мәңгілік тіршілік деп түсінген. Түрік халықтарының жойылып кетпей, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттер болып отыруы осы «Тұтас түрік елі» идеясы. Қазақ ұлтының бүгінге дейін қат-қабат тарихының басты мазмұны-азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы сақ,ғұн,оғыз, үйсін,түрік қағандығы замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.Ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалды деп білемін. Өйткені, «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»деп дана халқымыз айтқандай,сол жұмыстардың дәл ортасында Ел Президенті жүрді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр.
Ұлт бірлігін, қағанат билігін мәңгілікке сақтап қалуды мұрат тұтқан Білге қаған,Тоныкөк,Күлтегін «мәңгілік ел» идеясын ұсынған және келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырғандай.
Біз,еркін елдің жас қырандары XX ғасырдың басындағы зиялыларымыз таңдаған білім мен білік жолын басшылыққа алып,туған еліміздің тәуелсіздігін сақтауға,ұлтымыздың асыл мұрасын,салт-дәстүрін,биік рухын қадірлеп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге парыздармыз.
Байлығымз да,бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашағындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік Ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.\

  1. XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы хандықтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік тарихы

XIII ғасырдың басында Солтүстік және Орталық Қазақстанның далалық кеңістіктерінде Ертістен Батысқа қарай қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігі орналасты. 1210 жылы Жетісудағы қарақытайлар аумағының бір бөлігін наймандардың жол бастаушысы Күшлік жаулап алса, Жетісудың Солтүстік бөлігі Қарлұқ ханы Арсыланға бағынды. Сырдария алабы, Мәуереннахр өзіне тиесілі аудандармен қоса Хорезм шахы Мұхаммедтің қол астына қарады. Алтын Орданың мемлекеттік-саяси құрылысын еске түсірер болсақ, Шыңғыс хан әскері 1219—1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алды. Монғол шапқыншылығы аймақтың саяси қартасын толығымен өзгертті.
Басып алған жерлерді Шыңғыс хан Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарына бөлді. Жошы ұлысы оның баласы Батый хан тұсында экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мемлекет жерінің көлемі ұлғайды. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік жолмен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді.
Ұлыстар өз кезегінде неғұрлым ұсақ үлестерге бөлінді. Ұлыстар мен үлестер ханға бағынды. Хан оларға елді басқаруға, елден салық жинауға ресми қағаз беретін болды. Хан жанынан хан кеңесі шақырылды. Оған хан туыстары, дінбасылар қатысты.
Шыңғыс ханның тұсында 1206 жылы қабылданған "Йасы" заңдар жиынтығы жұмыс істеген. "Йасы" заңына бағынған барлық көшпелілер бір халық деп есептелді. Шығыс Ертістен Батысқа Дунайға дейін созылып жатқан орталығы төменгі Еділде орналасқан көлемді мемлекет орыс жылнамаларында "Алтын Орда" деп аталған.
Алғашқы орталықтандырылған мемлекет ретіндегі "Алтын Орда" Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі Батый мен оның ағасы Берке кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі қанатқа бөлінді, сол жақтағы "Көк Орда" және оң жақтағы Ақ Орда, сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған көптеген біршама ұсақ үлестерге белінді.
Үлестер табыс кезі қызметін атқарып, империя басшысына бағынды. Шығыстықтардың басшысы Ұлы хан болды. Мемлекет басшысы ретіндегі оның құқығына әскери, заңды және әкімшілік билік кірді. Монғол империясының саяси өмірінде құрылтай үлкен рөл атқарды.
Құрылтай— бұл шыңғыстықтар мен монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы. Құрылтай сөз жүзінде жоғары биліктің ұйымы. Үлес билеушісінің қарамағында елеулі әскери күш болды, олар өз ұлысын толығымен дербес ұстады, сондай-ақ үлестерді тәуелсіз иелік жасауға ұмтылды.
Алтын Ордаданың ішкі басқару жүйесінде қызмет ететін адамдар, сондай-ақ әскери-көшпелі ақ сүйектен тұратын әкімшілік-шенеунік аппарат жүйесінде маңызды орын алды. Ерекше лауазымды қызметтерге тағайындалды.

Көшпелі-әскери шонжарлардан құрылған әкімшілік-шенеунік аппарат жұмыс істеді. Шыңғыс ханның "Йасы" заңы негізінде әскери істі — беклербегі, азаматтық істі — уәзірлер, салық жинауды — даругалар, басқақтар аткарды.


Кез келген мемлекеттің қазынасын толтыру көздерінің бірі — жергілікті тұрғын халықтан, сондай-ақ, өзіне бағынышты аумақтың халқынан алынатын салықтар болып табылады. Бұдан басқа қосалкы және төтенше бірқатар міндеткерліктер мен алым-салықтар түрлері де болды. Олардың ішінде әскерлерді, поштаны, шенеунік аппаратты жабдықтауға арналған салықтар бар. Бұл салықты малшылар 100 бастан 1 бас мөлшерінде төлеп отырған, ол купчур деп аталды. Отырықшы халық жер салығын харадж төледі (егіннің 1/10 — 1/5 бөлігі). Әскерлерді астықпен, малмен және т.б. жабдықтау үшін заттай алым — тағар белгіленді.
Зерттеушілердің есебі бойынша, монғолдар дәуірінде алым-салықтардың 20-ға жуық түрі болған. Жалпы алғанда, Жошы ұрпақтарының мемлекеті экономикалық жағдайларының едәуір ала-құлалығына қарамастан, саяси құрылысы жағынан әдеттегі үлгідегі көшпелі мемлекет екенін көрсете білді.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін (XV ғасырдың 30—70-жылдары) оның үйіндісінде жаңа мемлекеттер: Қырым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Сібір хандығы, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Ноғай ордасы құрылды. Олардың бәрі хан атынан елді басқарды. Енді XIV—XV ғасырлардағы жеке хандықтардың тарихына арналған кестеге назар аударыңдар.

  1. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының құрылуына жаңа көзқарас.

Біз өз кезегінде зерттеушінің пікірін қостай отыра, Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше кезеңнен тұрған деп санаймыз. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы – хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.
Бірінші кезеңге – Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу өңіріне келуі және Керейдің хан болып сайлануы жатады. Хронологиялық тұрғыдан алғанда бірінші кезең – 1457 жылдың күзінің соңыне қысының басы мен 1458 жылдың көктемі аралығын қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.

Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.


Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 – XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.

Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.


XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру – тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа – рулары бар. Кіші жүздің мекені – Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.

Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.


XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.
“Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.
XV ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».
Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет