6.«find and collect»
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту.
Балаларға ассоциация суреттері беріледі, сайкес мамандықтарға жинап құрастырады, мамандықтарын ағылшын атауларын атайды.Балалар шеңбер бойымен тұрады.Әуен қосылады.Әуенімен доп шеңбер бойымен жүргізіледі. Әуен тоқтатылады.кімнің қолында доп қалса, соған сұрақ қойылады «Is it a...(meet)?» Yes it is/No it isn’t гр. құрылыммен жауап береді.
Қорытынды
Қорытындылай келе,қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді.
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
Ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.
Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
2.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
3. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы
4. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |