Реферат пәні: Туризмология негіздері Тақырыбы: Мәдени-танымдық туризм және оның даму жағдайы



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі48,54 Kb.
#96012
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат Бимырза Динара ХІТ20-04


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ» УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Пәні: Туризмология негіздері
Тақырыбы:Мәдени-танымдық туризм және оның даму жағдайы
Орындаған:Бимырза Динара
Тексерген: Ажар Гиззатжанова

Түркістан 2020


Мазмұны
КІРІСПЕ

  1. МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Мәдени-танымдық туризмнің мәні және даму тарихы

    2. Мәдени-танымдық туризмді ұйымдастыру



  1. ҚАЗАҚСТАНДА МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

    1. Қазақстандағы мәдени-танымдық туризмнің жағдайы

    1. Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің мәдени туризмді ұйымдастыру жолдарын салыстырмалы бағалау

ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Жұмыс тақырыбының өзектілігі мәдени-танымдық туризм түрлерін туризмнің бір түрі ретінде қарастыру және оның ұйымдастыру жолдарын зерттеу.


Қазақстанда ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени мұра обьектілер саны 3. Ал тарихи мәдени обьектілер саны 5 және алдын ала мәдени мұра тізіміне еніп тұрған 13 нысан бар.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған концепциясында негізгі кластерлер мәдени туризмнің обьектілері болып табылады және оларды дамыту, жаңа ұлттық жоба құру жазылған.
Жұмыстың өзектілігінің мәні: қазіргі таңда мәдени-танымдық туризм біртұтас ретінде қарастырылып толығымен зерттелмеген. Бұл екі туризм түрін бірге қарастырған тек оң әсерін береді. Себебі, адамдарға шығармашылық, танымдық рухани жағынан дамып тұру маңызды.
Жұмыстың мақсаты:Мәдени-танымдық туризмнің әлеуетін, оның әр түрлі рекреациялық аймақтардағы даму географиясын және туристердің әртүрлі категориялары үшін туристік қызметті дұрыс қолдана білуін зерттеу.
Мәдени туризмді зерттеген авторларға Ердаулетов С.Р, Сущинская М.Д, Рындач М.А, Кускова А.С, Биржаков М.Б, Үстенова Ө.Ж, Жүнісбекова Б.Б, Алдашева А.А жатады.
Зерттеу объектісі- мәдени-танымдық туризм. Зерттеу-құралы- Қазақстанда мәдени-танымдық туризмұйымдастыру.

МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Туризм-қазіргі әлемнің жаһандық экономикалық және әлеуметтік-мәдени феномені болып табылады. Туризм негізінен адамдардың мәдени және спорттық, танымдық және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандырады. Туризм адам өмірінің бір бөлігіне айналды, себебі қазіргі уақытта адамдар әрдайым рухани даму үстінде, жаңа мәдениетті, жаңа білімді алуға талпынуда.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет заңында көрсетілген анықтамаға сәйкес: «Туризм-жеке тұлғалардың уақытша болатын елде(жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты»
Мәдени-танымдық туризм - туристерді мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы көзқарастарын кеңейту болып табылатын туризмнің бір түрі. Бұл негізінен табиғи-рекреациялық нысандардың, туристік-экскурсиялық, археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады.Олар: әртүрлі тарихи, архитектуралық және мәдени кезеңдермен танысу үшін мұражайларға, тарихи және архитектуралық ескерткіштерге бару. Театрландырылған қойылым, музыкалық, кино, діни мерекелерге , сурет көрмелеріне бару , лекция,семинар,симпозиум, шетел тілін оқу және құзіреттілікті көтеретін треннингтерге бару.
Мәдени туризм ежелгі кезеңнен бастап басқа туризм түрлеріне қарағанда көп сұранысқа ие және әлем бойынша танымдық мақсатта саяхаттайтын туристер басым. Қазіргі таңда мәдени туризм жаңа бағыттағы ерекше түрлерді қамтиды. Ал, әлеуметтік туризм ХХ ғасырда пайда болып, қазірге дейін дамуда, жаңа жобалар іске асырылу барысында. Әлеуметтік туризм туризмнің барлық түрімен тығыз байланыста, соның бірі мәдени туризммен байланысы ерекше.
Біздің ел көптеген тарихи және мәдени, географиялық ескерткіштері бар,тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет, ал бұл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі десе болады. Сол себепті тарихи мәдени мұраны, яғни мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфракұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру керек екендігі анық.
Мәдени туризм- туризмнің ең танымал түрлерінің бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда мәдени туризм басқа елдерде сияқты жеке салаға бөлініп, жылдан жылға әрі дамып келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметініңқаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту» тұжырымдамасында мәдени туризм Қазақстанның басым туристік өнімінің бірі екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл тұжырымдамада туристік кластерлерде тарихи мәдени мұра обьектілері, соның ішінде тарихи мәдени, археологиялыққорық мұражайлардың кұрамындағы көптеген көне сәулет өнерінің ескерткіштері – кесенелер, мешіттер, қорғандар, петроглифтер туристік қызығушылық обьектілері болып отыр.
Сонымен қатар тарихи- мәдени қорық- мұражайлардың да үлесі бар екенін атап өту қажет. Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлке болып табылады. Мұнда туристерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар –кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі. Бүгінгі күнде Қазақстан аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын туристік ұйым, демалыс орындары, емдеу-сауықтыру шипажайы және республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар тіркелген. Бұл аумақтар тек қана Қазақстанның көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін қызықтыратын табиғи көрікті жерлері топтастырылған.

Мәдени туризм анықтамалары (1-кесте)



Автор

Анықтама

С.Р.Ердаулетов

Адамдар өздері тұрақты өмір сүретін тұрғылықты жерінен мәдени тартымдылықтары бар(табиғи және немесе антропогендік сипаттағы) жерлерге жаңа ақпарат пен тәжірибе алу, сондай-ақ өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін уақытша орын ауыстырған кезде пайда болатын құбылыстар мен қатынастардың жиынтығы.

М.А.Рындач

Саяхаттап барған елдің мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін тану, табиғатын тамашалау, тарихи және мәдени жерлерімен танысу саяхаттары болып табылады. Мәдени туризмді жиі басқа туризм түрлерімен бірге тұтынады.

В.А.Квартальнов

Адам өмірінің рухани, интеллектуалдық, шығармашылық, адамгершілік аспектілерін құруға, дамытуға бағытталған, мәдени туризмнің мамандандырылған сипаты.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің даиуын кезеңдерге бөліп айтылады. Туризмнің даму тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырады. Олар:


1-кезең.Яғни ХІХ ғасырдың басына дейін туризмнің жалпылама тарихын қамтиды. Бұл уақыт аралығында туризм негізінен оқу мақсатында, емделу яғни рекреациялық діни орындарға бару, сауда-саттық бағытындағы саяхаттар болды.
2-кезең. Негізгі қамтылған уақыты ХІХ ғасырдың басы- ХХ ғасырдың басына дейінгі аралық. Бұл кезеңде басты туристер ретінде бай адамдар саналды, сондықтан бұл элитарлық туризмнің кең таралған уақыты. Сонымен қатар жаппай туризм кең тарай бастады. ХІХ ғасырдың басында көлік құралдарының, яғни параход, паравоз және т.б пайда болғандығы арқасында саяхаттау жеңілдене түсті және барлық адамдарға қолжетімді бола бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің арқасында саяхаттау арзандай бастағаны халықтың өмір сүру деңгейін де жоғарылай түсті.
3-кезең. ХХ ғасырдың басы мен ІІ дүниежүзілік соғыс аралығын қамтыды. Бұл кезеңнің ерекшелігі жаппай туризмге көшуі және әлеуметтік туризмнің дамуы болды. Бірақ, І дүниежүзілік соғыс пен дағдарыс әсерінен туризм дамуы тоқтап қалды.
4-кезең. ІІ дүниежүзілік соғыстан бастау алып, қазіргі уақытқа дейінгі туризм дамуын қарастырады. Бұл кезеңнің жаңашылығы өндірістік ауысымдарының ұйымдастырылуы, жаңа туристік өнімнің пайда болуы, туристік ұйымдардың құрылуы.
Туризмнің алғашқы әр алуан түрлері ежелгі Мысырдың өзінде ақ пайда болды. Мысырлықтардың көпшіліктері пирамидалармен өнер туындыларын көру үшін саяхаттаған, яғни ең алғашында туризмнің мәдени-танымдық обьектілерін көру туристердің басты назарында болған.
Ежелгі Грекияда да, негізінен мәдени туризм дами бастады, мысалы, өте танымал болған Олимпиададағы Зевс ғибадатханасын немесе Дельфтегі сұлулық Құдайы Аполлонның резиденциясын көруге көптеген адамдар қызығушылық танытып жатты.
ІV ғасырда қасиетті жерге қажылық және танымдық мақсаттағы туризм бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты туристер арасында ол жиілеп халықаралық туризм ретінде қабылдана бастаған.
ХVI ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар үлкен маңызға ие бола бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания,Франция дан туристер келіп отырды.
ҚАЗАҚСТАНДА МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Совет үкіметінің Қазақстан территориясындағы обьектілерге, яғни архитектуралық ескерткіштерге қызығушылығы мәдени туристік қызығушылықтың жанама дәлелі бола бастады. 1922 жылы мәскеулік комиссия профессоры Б.П.Денике және сәулетші М.М.Логинова бастауымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін өлшеп, фотопленкаға түсіріп алған. Кейіннен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейін жұмыс тоқтады.
Кеңестік Ресей кезеңінде туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізген. Лениннің өзі қол қойған декреттері болды. Мысалы, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, демалыстар. 1919ж наурызда Ленин «Жалпы мемлекеттік маңызды орындар" туралы декретке қол қойды.
Еуроодақта мәдени туризмнің дамуы, басым түрде, туризм индустриясының өркендеуін ынталандыратын фактор ретінде түсіндіріледі. Мәдени туризмнің бұл маңызды рөлін Дүниежүзілік туристтік ұйым (ЮНВТО),ағарту ғылым мен мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) іспетті халықаралық ұйымдар да танып отыр. Мәдени туризмнің ішкі туристердің де, халықаралық туристердің қызығушылығын туғызады.
Бүгінгі таңда мәдени туризм - туризмнің ең танымал және жаппай түрлерінің бірі болып есептеледі. Бүкіл әлемде сияқты, біздің елде мәдени туризм жеке бағытқа бөлініп, жыл сайын одан әрі дамып келе жатыр. Оған мысал - Инвестициялар және даму министрлігі дайындап, «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту» тұжырымдамасында мәдени туризм Қазақстанның басым туристік өнімдерінің бірі ретінде айқындалған.
Сонымен бірге, аталған Тұжырымдамада көзделген туристік кластерлерде тарихи-мәдени мұра объектілері, соның ішінде тарихи-мәдени, археологиялық қорық-мұражайлардың құрамындағы көптеген көне сәулет өнерінің ескерткіштері - кесенелер, мешіттер, қорғандар, петроглифтер туристік қызығушылық объектілері болып табылады.
Осыған орай, Қазақстанда мәдени туризмді дамытуға Инвестициялар және даму министрлігі, халықаралық, республикалық туристіктік агенттіктермен бірге, аталған мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың да үлесі бар.
Бүгінгі таңда елде республикалық бағыныстағы 9 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар қызмет етеді. Олар: «Әзірет Сұлтан», «Ұлытау», «Отырар, «Жидебай-Бөрілі», «Ордабасы», «Таңбалы»,, «Ежелгі Тараз ескерткіштері», «Есік» және «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайлары.
Олардың құрамындағы мәдени-тарихи ескерткіштер аталған Тұжырымдаманың туристік кластерлеріне енген.Мысалы, Алматы кластеріне ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Тамғалы петроглифтері, Есік қорғандары, Ешкіөлмес петроглифтері, «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) ұсынылды.Шығыс Қазақстан кластеріне «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері, Шілікті қорғандары; Оңтүстік Қазақстан кластеріне ежелгі Түркістан және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген ортағасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері, Сауран археологиялық кешені, Арпаөзен петроглифтері; Батыс Қазақстан кластеріне Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері - Бекет ата, Шопан ата және Қараман ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі, «Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені;
Қазақстан аймақтарының туристік әлеуетіне сипаттама(2-кесте)


Қазақстан Республикасының
аймақтары

Туристік әлеуеті

1

2

Солтүстік Қазақстан
1. Ақмола облысы
2. Павлодар облысы
3. Қостанай облысы
4. Солтүстік Қазақстан облысы

Аймақтардың табиғи ландшафты, климаттық
жағдайы туризмнің бірнеше түрінің дамуына
қолайлы. Автокөлік, велосипед, қайық серуендеріне
де қолайлы. Орман алқаптары, жабайы жидектер,
қарағай қалқанының иісі, таза ауа белсенді
экологиялық және спорттық туризмді дамытуға
мүмкіндік береді. Көкшетау, Баянауыл, Мойылды
шипажайлары емдік туризмге қолайлы. Үңгірлер,
қорықтар және тарихи орындар ғылыми туризмге
себепші болады

Шығыс Қазақстан
1. Шығыс Қазақстан облысы

Экологиялық туризм: Катон-Қарағай, Алакөл,
Марқакөл, Бұқтырма су қоймасы, Киін-Керіш құзы,
Риддер қаласы;
Мәдени-танымдық туризм: Өскемен, Семей
қалалары, Абай, Тарбағатай және Ұлан аудандары;
Емдік-сауықтыру және медициналық туризм: Катон-
Қарағай, Ұржар ауданы;
Спорттық туризм: Зырянск, Глубоков аудандары
және Риддер қаласы, Белуха тауы, Австриялық жол Ұлттық және республикалық маңызы бар 24 табиғи
аймақтар, 600-ден астам тарихи ескерткіштер, 100-
ден астам туристік ескерткіштер, орман алқаптары,
ормарта шаруашылығы, марал шаруашылығы
туристерді қызықтырмай қоймайды

Орталық Қазақстан
1. Қарағанды облысы

Балхаш көлі, Қарқаралы таулы-орманды оазис,
Шайтанкөл көлі, Ұлытау, бай археологиялық және
этнографиялық объектер, тарихи ескерткіштер,
жазық дала мен өзен-көлдер

Оңтүстік Қазақстан
1. Алматы облысы
2. Жамбыл облысы
3. Қызылорда облысы
4. Оңтүстік Қазақстан облысы

Мәдени-танымдық туризм: 1000-ға жуық тарихи
ескерткіштер, Алматы, Тараз, Қызылорда, Тараз,
Шымкент, Түркістан қалалары және Ұлы Жібек жолы
бойындағы қалалар, дәстүр және мәдениет,
Байқоныр;
Қажылық туризм: Түркістан қаласындағы киелі
орындар;
Экологиялық туризм: бай табиғи-ландшафт, тау
жиектері, өзендер, бұғаздар мен құздар;
Спорттық туризм: Медеу, Алатау және басқа;
Ғылыми туризм: археологиялық және этнографиялық
объектер, қорғандар, қамалдар, ескі тұрғын
қалдықтары, кесенелер, тастағы жазбалар

Батыс Қазақстан
1. Ақтөбе облысы
2. Маңғыстау облысы
3. Атырау облысы
4. Батыс Қазақстан облысы

Кәсіби іскерлік туризм: мұнай кең орындары, теңіз
жолы арқылы сауда қатынасы;
Діни туризм: киелі мекендер мен зиярат орындар
Бекет ата, Шопан ата, Дадем ата мешіттері, 362 әулие
мекені;
Мәдени-танымдық туризм: ортағасырлық тарихи
қалалар, тарихи-мәдени ескерткіштер, қамалдар,
тарихи ғимараттар, Үстірт, Орал қаласы, Сарайшық,
Хорезмнен Иранға дейінгі сауда жолы

Қазақстанда тарихи және мәдени обьектілерді қорғау және оларды сақтау, реставрациялау туралы заң бар.


Осы заңның негізгі мақсаты:
—тарихи-мәдени мұра обьектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
—тарихи-мәдени мұра обьектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекіту;
—жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра обьектілерін сақтау саласындағы құзыретін аражігін ажырату;
—тарихи-мәдени мұра обьектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.
Қазақстан мен шетел мемлекеттерініңмәдени туризмді ұйымдастыру жолдарында ұқсастықтар бар деп айтуға болады. Бірақ, Қазақстанда әлеуметтік туризмді дамыту, жаңа бағдарламалар енгізу қолға алынып жатқанын Қазақстан Республикасының бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жыл басындағы халқына жолдауында, 2050 жылға арналған стратегиялық жоспарында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған туризм индустриясын дамытуғаарналған концепциясында айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет