Репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы
https://www.komeco.kz/news/kz/2088/
Дүниежүзілік ғылыми қарым-қатынасты ықпалдастыруда, перспективалы ғылыми-зерттеулерді үйлестіруде және анықтауда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еліміздегі ірі ғылыми мекеме болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы заманауи жаңа медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген, онда шетелдерде және ТМД-ның басты ғылыми орталықтарында дайындалған және мамандандырылудан өткен, ұйымдастырылған ғылыми және клиникалық мәселелерді шеше білетін, жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Материалдық техникалық базаның өсуі, мекеменің кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі орталықты репродуктивті медицина аймағының қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибеде алдыңғы шепке шығарды.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
• Ғылыми-зерттеу;
• Ұйымдастыру-әдістемелік;
• Емдеу-кеңес беру;
• Жоғары білікті кадрларды дайындау;
• Білім беруге арналған лекция оқу;
• Медицинаның басым бағыттары бойынша ғылыми-медициналық және білім беруші кластерлер болып табылады.
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының әлеуетін 12 ғылым докторы және 30-дан астам медицина ғылымдарының кандидаттары құрайды.
Орталықта 2000 жылдан бастап «Акушерия, гинекология және перинатология» деген атпен мамандандырылған журнал шығады.
Дипломнан кейінгі медициналық білім беруді жетілдіру және резидентура бойынша білім беруді әрі қарай жетілдіру үшін негізгі тиімді жағдайлар енгізілген «Қауіпсіз ана болу», «Жаңа туған балалар реанимацисы», «Шала туған балаларды күту», «Акушерлік қан кетулер кезінде шұғыл көмек және стандарттар, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» дәрістері оқылады.
Орталықта 30-дан астам медицина ғылымдарының докторлары, 150-ге жуық медицина ғылымдарының кандидаттары, сондай-ақ 150-ден астам клиникалық ординаторлар дайындалды.
Орталықта 27 ғылыми және клиникалық бөлімше, оның ішінде, мына ғылыми бөлімдер мен зертханалар: акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және ғылыми жоспарлау бөлімі; жүктілер патологиясы бөлімі, экстрагениталды аурулары бар патология бөлімі; босану физиологиясы және патологиясы бөлімі; жаңа туған балалар бөлімі, жаңа туған балалар реанимациясы және интенсивті терапия бөлімі, қосымша репродуктивті технология зертханасымен гинекология бөлімі, анестезиология және реанимация бөлімі; биохимия, медициналық генетика зертханасы; эндокринологиямен иммунология, патоморфологиямен цитология бөлімдері кіреді.
Ғылыми-зерттеу қызметі халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жүзеге асырылады және мынадай ғылыми бағыт аясында орындалады:
- Қазақстандағы репродуктивті денсаулықтың медико-демографиялық аспектілері;
- Қауіпсіз ана болу және дені сау ұрпақ;
- Бедеулі некенің мәселелері және репродуктивті функцияны қалыпқа келтіру.
Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы репродуктивті медицинаның дамуының және перинаталды медицина негізін қалаудың, экологиялық репродуктологияның және технологияны әлемдік бәсекеге қабілетті технология деңгейіне дейін жоғарылатудың жаңа кезеңі болып табылды.
Қазіргі заманғы жоғары технологиялық зерттеулер болжамдау мен диагностиканың жаңа критерийлерін, акушерия және гинекологиялық патологияның емдеу әдістерін құруға, жаңа басқару технологиясы негізінде ұйымдастыру қызмет жүйесін жетілдіру, акушерлік және гинекологиялық патологияға генетикалық бейімділікті анықтау мәселелері бойынша зерттеулер, әлемдік басымдық қазақ этносының тектік қорын зерттеуге генетикалық-популяциялық зерттеулер алып келді. Әйел бедеулігі мәселелері бойынша зерттеулер, эндоскопиялық хирургияның, ағза сақтаушы операциялардың қағидаларының және қазіргі заманғы қосымша репродуктивті технологияның енгізілуі емдеу тиімділігін 45%-дан 75%-ға дейін жоғарылатты.
Бірқатар акушерлік және гинекологиялық патологияларға тектік бейімділіктің патогенетикалық механизмдерін ашылуы бойынша, қазақ этносының тектік қорын, миома кезіндегі жатырдың рецепторлы аппаратын зерттеу бойынша, қоршаған орта факторларының теріс әсер маркерлерін жасап шығару, қан жасушаларының апоптозды параметрлерін зерттеу, кордтық қанның гемопоэтикалық бағана жасушаларының арнайы дифференцирленуі, жүктілер анемиясы кезінде эритпоэзді анықтау бойынша зерттеулер тек отандық медицинада ғана емес, әлемдік ғылыми зерттеуде басымдыққа ие. Орталықта жасап шығарылған бірегей тәжірибелік модель негізінде ұрықтың созылмалы гипоксиясын зерттеу әр түрлі жүктіліктің асқынуларында ана – плацента – ұрық жүйесінің биохимиялық бейімделу механизмдерін зерттеу бойынша іргелі зерттеулер тізбегін зерттеуге мүмкіндік берді, акушериялық және перинаталды үрдістердің дамуының патогенетикалық механизмдерін зерттеу бойынша халықаралық деңгейдегі қорғауға қабілетті ғылыми жаңалықтарды алу, ғылыми негізделген асқынуларды болжамдау жүйесінің мониторлы-компьютерлік жүйесін және жүктілік пен босануды жүргізудің тиімді тактикасын көрсету.
Аймақтық, этникалық, демографиялық және әлеуметтік-биологиялық факторларды есептей отырып қыз бала жасөспірімдердің және қаладағы мен ауылдағы әйелдердің репродуктивті денсаулық жағдайының медико-әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Мемлекеттегі демографиялық жағдайдың дамуының ерекшеліктері мен перспективасын анықтаумен қатар, әртүрлі әкімшілік аудандардағы репродуктивті денсаулықты басқару және бағалау бойынша жаңа модельдер, технологиялар және стандарттар ұсынылған, ҚР ана және нәрестелік өлімді төмендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасап шығарылды, қазақ популяциясының тектік әртүрлілігін және генетикалық дифференциациясын бағалау үшін ДНК полиморфизмінің молекулярлы-генетикалық сипаттамасы берілді, мұның бәрі қазақтардың этногенезінің генетикалық өзара қатынасын, тектік қорын зерттеуде маңызды үлес болды.
Жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі бойынша «Қауіпсіз ана болу» мәселесі акушерия және гинекологияда бірқатар патологиялық жағдайлардың даму механизмін меңгеру бойынша зерттеулер жалғасып жатыр. Геномды, цитологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, гемостазиологиялық зерттеулер негізінде ана-плацента-ұрық интегралды жүйесінде, цитокиндер және соматомединдер деңгейін анықтау, ынталандырушы-өсу гормондарымен оксигенация үрдісінің өзара байланысы, жүктілер мен жаңа туған нәрестелерде хроматиннің, қандағы белок компоненттерінің және жасушалардың апоптозды параметрлерінің, цитохимиялық құрылымдық-функционалды қасиеті, преэклампсияға, жүктілікті көтеруге тектік бейімділікті ерте диагностикалаудың қазіргі заманғы ғылыми-негізделген инновациялық технологиялары жасап шығарылып жатыр.
Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрықтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомды патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер мен процентилді қисық массалар бекітілген. Туа пайда болған даму ақауларының перспективалы мониторингін жүргізуге және қоршаған ортаның генотоксикалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін ТМД-дағы тақылеттесі жоқ жалпы ұлттық телематикалық жүйе – ҚР ұлттық генетикалық регистр жасап шығарылды және енгізілді, жаңа туған балалардың туа пайда болған гипотериозға тексерудің скринингтік бағдарламасы енгізілді.
Орталықта бірінші рет акушерлік тәжірибеде морфометриялық және морфоденситометриялық зерттеулер негізінде қоршаған ортаның теріс факторларының маркері – «морфометриялық айна» сияқты цитохимиялық талдауды қолданудың құқықтылығы мен перспективасы ғылыми негізделген.
Осының барлығы қауіпсіз ана болу және сау ұрпақты қамтамасыз етуге бағытталған акушерлік және перинаталдық асқынуларды емдеу мен алдын-алудың ғылыми негізделген стратегиясын жасап шығаруға мүмкіндік берді.
«Бедеулі неке және репродуктивті функцияны қалпына келтіру» мәселесі бойынша кешенді, көп аспектілі зерттеулер негізінде әртүрлі репродуктивті жас тобындағы әйелдердің репродуктивті функциясын қалпына келтіру және сақтаудың ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасап шығарылды, алғаш рет республикада әлемдік стандарттар бойынша жүргізілетін ЭКО мен ПЭ жоғары технологиялық қосымша репродуктивті технологиялары және ағза сақтаушы операцияларды жүргізуде эндовидеохирургия және ультрадыбыстық әдістер жасап шығарылып, кеңінен енгізілді.
Алғаш рет енгізілген молекулярлы-генетикалық зерттеулер қазақ популяциясындағы әйелдердің эндометриозға тектік бейімділігін анықтау блок схемасын жасауға және олардың негізінде диагностика және коррекцияда жаңа бағыттарды жасап шығаруға мүмкіндік берді. Негізінде патогенетикалық терапия ғылыми-негізделген мембраналық аппараттың және функционалды белсенділіктің бұзылысымен, эндометрий жасушаларының энергиямен қамтамасыз етілуінің төмендеуімен шарттасқан жатыр миомасының дамуының патогенетикалық механизмінің жаңа аспектілрі анықталды. Анабезінің поликистозы синдромы кезінде резецирленген анабезінің гормоналды өзгерістерін есепке ала отырып, репродуктивті функцияны қамтамасыз етудегі хирургиялық терапия патогенетикалық негізделген. Жалғыз жатыр түтігі кезінде жабысу үдерісінің таралуы және ауырлық дәрежесіне сәйкес репродуктивті функцияны қалпына келтірудің болжамы мен алгоритмі ғылыми негізделген. Қазіргі кезеңде орталықта жоғары тиімді қосымша репродуктивті технологиялардың модификациясын ғылыми өңдеуге ізденулер жүргізіліп жатыр (ИКСИ, ТЕСА, ПЕСА).
Орталықтың клиникасында 7000-ден астам жоғары қауіп тобындағы жүктілерге, Қазақстанның әр аймағынан келген гинекологиялық науқастарға акушерлік-гинекологиялық жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі, олардың 80%-дан астамы республиканың Оңтүстік аймағы тұрғындарына тиесілі (Алматы, Маңғыстау, ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облыстары және басқалар).
Жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көлемі пациенттердің ең ауыр контингенттері есебінен 3 еседен және одан жоғары өсті.
Республика бойынша орталық қызметкерлеріне үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және тәжірибелік көмек көрсетіледі. Олар – республиканың Оңтүстік-Батыс аймағы бойынша кеңестік-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік көмегін көрсету, республиканың перзентханаларына кеңес беру көмегі, денсаулық сақтау тәжірибесіне ғылыми жетістіктерді енгізу, аймақтық іс шараларды жасаумен емдеу, алдын-алу мекемелерінің қызметінің көрсеткіштерін сараптау, акушерия, гинекология және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша тақырыптық тізбектерде республика дәрігерлерінің біліктілігін жоғарылату.
Орталықтың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметі әртүрлі бейіндегі ғылыми мекемелермен, республиканың тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерімен кең көлемді кешенді жүргізіледі, сондай-ақ халықаралық қызметтестік аясында Ресейдің жетекші ғылыми орталықтарымен және шетелдік ұйымдармен (ДДҰ, ЮСАИД, БҰҰ Халық қоры, Популяция және даму француз орталығы және басқалар) ынтымақтастығы берік.
Мекеменің жұмыс тәжірибесіндегі мінсіз беделін «Қазақстанның тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық қоры лайықты бағалап «Мінсіз таза» халықтық сапа белгісімен және «Жұмыс тәжірибесіндегі жоғары сапалылық» Халықаралық қоры алтын медальмен марапаттады. Сондай-ақ «Эстмейкер» халықаралық бағдарламасы «Сала майталманы» марапатын беріп, мекеменің бәсекеге қабілеттілігі мен бет-бейнесін одан әрі нығайтты.
Медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғарғы технологиялық даму Қазақстан Республикасындағы 2011-2015 жылғы “Саламатты Қазақстан” денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасында басты орын алады. Денсаулық сақтауды басқару нәтижелігін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасында Бірың¬ғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылған, ол медициналық көмек көрсету үрдісінің тұнықтығы, бәсекелестік ортаны құру, науқастардың медициналық ұйымды және дәрігерді таңдау еркі қағидатына негізделген.
Дүниежүзілік ғылыми қарым-қатынасты ықпалдастыруда, перспективалы ғылыми-зерттеулерді үйлестіруде және анықтауда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еліміздегі ірі ғылыми мекеме болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы заманауи жаңа медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген, онда шетелдерде және ТМД-ның басты ғылыми орталықтарында дайындалған және мамандандырылудан өткен, ұйымдастырылған ғылыми және клиникалық мәселелерді шеше білетін, жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Материалдық техникалық базаның өсуі, мекеменің кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі орталықты репродуктивті медицина аймағының қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибеде алдыңғы шепке шығарды.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары:
• Ғылыми-зерттеу;
• Ұйымдастыру-әдістемелік;
• Емдеу-кеңес беру;
• Жоғары білікті кадрларды дайындау;
• Білім беруге арналған лекция оқу;
• Медицинаның басым бағыттары бойынша ғылыми-медициналық және білім беруші кластерлер болып табылады.
Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының әлеуетін 12 ғылым докторы және 30-дан астам медицина ғылымдарының кандидаттары құрайды.
Орталықта 2000 жылдан бастап «Акушерия, гинекология және перинатология» деген атпен мамандандырылған журнал шығады.
Дипломнан кейінгі медициналық білім беруді жетілдіру және резидентура бойын¬ша білім беруді әрі қарай жетілдіру үшін негізгі тиімді жағдайлар енгізілген «Қауіпсіз ана болу», «Жаңа туған балалар реанимациясы», «Шала туған балаларды күту», «Акушерлік қан кетулер кезінде шұғыл көмек және стандарттар, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» дәрістері оқылады.
Орталықта 30-дан астам медицина ғылымдарының докторлары, 150-ге жуық медицина ғылымдарының кандидаттары, сон¬дай-ақ 150-ден астам клиникалық ординаторлар дайындалды.
Орталықта 27 ғылыми және клиникалық бөлімше, оның ішінде, мына ғылыми бөлімдер мен зертханалар: акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және ғылыми жоспарлау бөлімі; жүктілер патологиясы бөлімі, экстрагениталды аурулары бар патология бөлімі; босану физиологиясы және патологиясы бөлімі; жаңа туған балалар бөлімі, жаңа туған балалар реанимациясы және интенсивті терапия бөлімі, қосымша репродуктивті технология зертханасымен гинекология бөлімі, анестезиология және реанимация бөлімі; биохимия, медициналық генетика зертханасы; эндокрино-логиямен иммунология, патоморфологиямен цитология бөлімдері кіреді.
Ғылыми-зерттеу қызметі халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жүзеге асырылады және мынадай ғылыми бағыт аясында орындалады:
- Қазақстандағы репродуктивті денсаулықтың медико-демографиялық аспектілері;
- Қауіпсіз ана болу және дені сау ұрпақ;
- Бедеулі некенің мәселелері және репродуктивті функцияны қалыпқа келтіру.
Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы репродуктивті медицинаның дамуының және перинаталды медицина негізін қалаудың, экологиялық репродуктологияның және технологияны әлемдік бәсекеге қабілетті технология деңгейіне дейін жоғарылатудың жаңа кезеңі болып табылды.
Қазіргі заманғы жоғары технологиялық зерттеулер болжамдау мен диагностиканың жаңа критерийлерін, акушерия және гинекологиялық патологияның емдеу әдістерін құруға, жаңа басқару технологиясы негізінде ұйымдастыру қызмет жүйесін жетілдіру, акушерлік және гинекологиялық патологияға генетикалық бейімділікті анықтау мәселелері бойынша зерттеулер, әлемдік басымдық қазақ этносының тектік қорын зерттеуге генетикалық-популяциялық зерттеулер алып келді. Әйел бедеулігі мәселелері бойынша зерттеулер, эндоскопиялық хирургияның, ағза сақтаушы операциялардың қағидаларының және қазіргі заманғы қосымша репродуктивті технологияның енгізілуі емдеу тиімділігін 45%-дан 75%-ға дейін жоғарылатты.
Бірқатар акушерлік және гинекологиялық патологияларға тектік бейімділіктің патогенетикалық механизмдерін ашылуы бойынша, қазақ этносының тектік қорын, миома кезіндегі жатырдың рецепторлы аппаратын зерттеу бойынша, қоршаған орта факторларының теріс әсер маркерлерін жасап шығару, қан жасушаларының апоптозды параметрлерін зерттеу, кордтық қанның гемопоэтикалық бағана жасушаларының арнайы дифференцирленуі, жүктілер анемиясы кезінде эритпоэзді анықтау бойынша зерттеулер тек отандық медицинада ғана емес, әлемдік ғылыми зерттеуде басымдыққа ие. Орталықта жасап шығарылған бірегей тәжірибелік модель негізінде ұрықтың созылмалы гипоксиясын зерттеу әр түрлі жүктіліктің асқынуларында ана – плацента – ұрық жүйесінің биохимиялық бейімделу механизмдерін зерттеу бойынша іргелі зерттеулер тізбегін зерттеуге мүмкіндік берді, акушериялық және перинаталды үрдістер¬дің дамуының патогенетикалық механизмдерін зерттеу бойынша халықаралық деңгейдегі қорғауға қабілетті ғылыми жаңа¬лық¬тарды алу, ғылыми негізделген асқынуларды болжамдау жүйесінің мониторлы-компьютерлік жүйесін және жүктілік пен босануды жүргізудің тиімді тактикасын көрсету.
Аймақтық, этникалық, демографиялық және әлеуметтік-биологиялық факторларды есептей отырып қыз бала жасөспірімдердің және қаладағы мен ауылдағы әйелдердің репродуктивті денсаулық жағдайының медико-әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Мемлекеттегі демографиялық жағдайдың дамуының ерекшеліктері мен перспективасын анықтаумен қатар, әртүрлі әкімшілік аудандардағы репродуктивті денсаулықты басқа¬ру және бағалау бойынша жаңа модельдер, технологиялар және стандарттар ұсыныл¬ған, ҚР ана және нәрестелік өлімді төмендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасап шығарылды, қазақ популяциясының тектік әртүрлілігін және генетикалық дифференциациясын бағалау үшін ДНК полиморфизмінің молекулярлы-генетикалық сипаттама¬сы берілді, мұның бәрі қазақтардың этногенезінің генетикалық өзара қатынасын, тектік қорын зерттеуде маңызды үлес болды.
Жаңа технологияларды қолдану мүмкін¬дігі бойынша «Қауіпсіз ана болу» мәселесі акушерия және гинекологияда бірқатар патологиялық жағдайлардың даму механизмін меңгеру бойынша зерттеулер жалғасып жатыр. Геномды, цитологиялық, биохимиялық, иммунологиялық, гемостазиологиялық зерттеулер негізінде ана-плацента-ұрық ин¬тегралды жүйесінде, цитокиндер және соматомединдер деңгейін анықтау, ынталандырушы-өсу гормондарымен оксигенация үрдісінің өзара байланысы, жүктілер мен жаңа туған нәрестелерде хроматиннің, қан¬дағы белок компоненттерінің және жасушалардың апоптозды параметрлерінің, цитохимиялық құрылымдық-функционалды қасиеті, преэклампсияға, жүктілікті көтеруге тектік бейімділікті ерте диагностикалаудың қазіргі заманғы ғылыми-негізделген инно¬ва¬циялық технологиялары жасап шығары¬лып жатыр.
Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрықтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомды патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер мен процентилді қисық массалар бекітілген. Туа пайда болған даму ақауларының перс¬пективалы мониторингін жүргізуге және қор¬шаған ортаның генотоксикалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін ТМД-дағы та¬қылеттесі жоқ жалпы ұлттық телематикалық жүйе – ҚР ұлттық генетикалық регистр жасап шығарылды және енгізілді, жаңа ту¬ған балалардың туа пайда болған ги¬по¬те¬риозға тексерудің скринингтік бағдарламасы енгізілді.
Орталықта бірінші рет акушерлік тәжірибеде морфометриялық және морфоденситометриялық зерттеулер негізінде қоршаған ортаның теріс факторларының маркері – «морфометриялық айна» сияқты цитохимиялық талдауды қолданудың құқықтылығы мен перспективасы ғылыми негізделген.
Осының барлығы қауіпсіз ана болу және сау ұрпақты қамтамасыз етуге бағытталған акушерлік және перинаталдық асқынуларды емдеу мен алдын-алудың ғылыми негізделген стратегиясын жасап шығаруға мүм¬кіндік берді.
«Бедеулі неке және репродуктивті функцияны қалпына келтіру» мәселесі бойынша кешенді, көп аспектілі зерттеулер негізінде әртүрлі репродуктивті жас тобындағы әй¬елдердің репродуктивті функциясын қал¬пына келтіру және сақтаудың ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасап шығарылды, алғаш рет республикада әлемдік стандарттар бойынша жүргізілетін ЭКО мен ПЭ жоғары технологиялық қосымша репродуктивті технологиялары және ағза сақтаушы операцияларды жүргізуде эндовидеохирургия және ультрадыбыстық әдістер жасап шығарылып, кеңінен енгізілді.
Алғаш рет енгізілген молекулярлы-генетикалық зерттеулер қазақ популяциясын¬дағы әйелдердің эндометриозға тектік бейімділігін анықтау блок схемасын жасауға және олардың негізінде диагностика және коррекцияда жаңа бағыттарды жасап шы¬ғаруға мүмкіндік берді. Негізінде патоге-не¬тикалық терапия ғылыми-негізделген мембраналық аппараттың және функционалды белсенділіктің бұзылысымен, эндометрий жасушаларының энергиямен қамтамасыз етілуінің төмендеуімен шарттасқан жатыр миомасының дамуының патогенетикалық механизмінің жаңа аспектілрі анықталды. Анабезінің поликистозы синдромы кезінде резецирленген анабезінің гормоналды өзге-рістерін есепке ала отырып, репродуктивті функцияны қамтамасыз етудегі хирур¬гиялық терапия патогенетикалық негізделген. Жалғыз жатыр түтігі кезінде жабысу үдерісінің таралуы және ауырлық дәре¬жесіне сәйкес репродуктивті функцияны қалпына келтірудің болжамы мен алгоритмі ғылыми негізделген. Қазіргі кезеңде орта¬лықта жоғары тиімді қосымша репродуктивті технологиялардың модификациясын ғылыми өңдеуге ізденулер жүргізіліп жатыр (ИКСИ, ТЕСА, ПЕСА).
Орталықтың клиникасында 7000-ден астам жоғары қауіп тобындағы жүктілерге, Қа¬зақстанның әр аймағынан келген гинекологиялық науқастарға акушерлік-гинеколо¬гия¬лық жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі, олардың 80%-дан астамы республиканың Оңтүстік аймағы тұрғындарына тиесілі (Алматы, Маңғыстау, ОҚО, Қызылорда, Жамбыл облыстары және басқалар).
Жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көлемі пациент¬тер¬дің ең ауыр контингенттері есебінен 3 еседен және одан жоғары өсті.
Республика бойынша орталық қызметкерлеріне үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және тәжірибелік көмек көрсетіледі. Олар – республиканың Оңтүстік-Батыс аймағы бойынша кеңестік-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік көмегін көрсету, республиканың перзентханаларына кеңес беру көмегі, денсаулық сақтау тәжірибесіне ғылыми жетістіктерді енгізу, аймақтық іс шараларды жасаумен емдеу, алдын-алу мекемелерінің қызметінің көрсеткіштерін сараптау, акушерия, гинекология және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша тақырыптық тізбектерде республика дәрігерлерінің біліктілігін жоғарылату.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://www.komeco.kz/news/kz/2088/
https://egemen.kz/article/17560-reproduktivti-densaulyqty-saqtau-strategiyasy
Достарыңызбен бөлісу: |