Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады: Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.
Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.
Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау
Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.
Әлеуметтік саясат моделі – бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары , міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады.
Шведтік модель. Бұл модельдің маңызды ережесі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтар мен халық қабаттарының ынтымақтастығы, тілектестілігі, бірдейлілігі. Швед мемлекеті қоғамның бүкіл мүшелерінің мүддесін тең қорғауды өзіне алды. Алайда, жалпылай әл-ауқаттылық ұсынылатын игіліктер мен қызметтердің жоғарғы сапасымен бірге швед мемлекеті жағынан көп шығынды талап етті.
Швед әл-ауқаттылық моделіне жоғарғы сапа мен әлеуметтік қызметтердің қол жетерлігі тән. Оған мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығыстарынан шамамен 40 пайызы шығындалады. Бұл жағдай швед моделін – рестриктивті (шектеулі) сипатқа әкелді. Бұл рестриктивтілік халықтың жеке табыстарына және кәсіпкерлердің табыстарына тиесілі және мемлекеттік бюджетке бірінші бөлінген табыстардың көп бөлігін алуға мүмкіндік беретін прогрессивті салық жүйесі көмегімен жүзеге асырылады.
Егер “Мемлекеттің әл-ауқаттылық” моделі Ұлыбритания, Франция және басқа да еуропалық елдерінде дамуын алса, онда “Әлеуметтік нарықтық шаруашылық” моделі Германия Федеративтік Республикасында неғұрлым толық жүзеге асырылған болатын. Бұл концепцияның барысы: кәсіпкерлікке экономикалық еркіндік беру және экономикаға әкімшіліктік қатысуды алып тастау, себебі нарықтық еркіндік әлеуметтік мақсатқа жету үшін экономикалық, ресурстық алғышарттар жасайда.
Либералды экономиканы жүргізуде әлеуметтік саясаттың “Нарықтық моделі” орын алды. Бұл концепция бойынша әлеуметтік сферада кең таралған мемлекеттік араласудың орнына нарықтық бастауларды қүшейту қажеттілігі қарастырылды. Бұны жүзеге асыруда: - әлеуметтік сферадағы жартылай мемлекетсіздендіру; - әлеуметтік салалардың қызмет етуіндегі нарықтық құралдарды қолдану аясын кеңейту; Мемлекетсіздендіру процессінде белгілі халық топтарына қызметтерді ұштастыру, әлеуметтік мекемелерді қызмет көрсету шарттарының жекеменшік нысандары бойынша диверсификациялау жүргізіледі.