Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеоролгиялық аспаптарды – барометр мен термометрді құрастырулары метеорологияның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік б олды. 17 – 18 ғ-ларда атмосфералық қысым заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеоролгиялық станция ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғарғы қабаттарымен танысу үшін 18 ғасырдың аяғында аэростат, 19 ғасырдың соңғы ширегінде шар-зонд, 20 ғасырдың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. 20 ғасырдың ортасында дүниежүзілік актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның химиялық құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. Метеорология океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар Метеорология геологиямен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді. Метеорологияның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) ауа райы авиацияға, ғылыми-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау ауа шарына (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қ-ларында ірі гидрометеорологиялық обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – гидрологиялық, метеоролгиялық ғылыми-зертханалық жұмыстарының басты ортлығы болып табылады. Қазақ тілі терминдерінің Соңғы жылдары кейбір дистанционды метеорологиялық станциялар мен автоматты метеостанциялар метеорологиялық құралдар мен қондырғылардың орнын басты.
Автоматты метеостанциялар (АМС) алыс нүктелердегі қоршаған ортаның сипаттамаларын анықтауға арналған. Датчиктерінің құрамына байланысты АМС жалпыметеорологиялық және арнайы болуы мүмкін. Автоматты метеостанциялардың бірнеше түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |