- ауаның салыстырмалы ылғалдылығының датчигі;
- атмосфералық қысым датчигі;
- жел жылдамдығы мен бағытының датчигі;
- жауын-шашын түрі мен мөлшерінің датчигі.
2. Автоматты жол метеостанциясы (АЖМС) қосымша бөліктерден тұрады:
- интеллектуалды жол датчигі;
- көріну қашықтығы датчигі;
сыртқы қосымша қондырғылары
СОПО;
басқарушы жол белгілері;
ақпараттық табло.
3. Автоматты аграрлық метеостанциясы (ААМС) қосымша бөліктерден тұрады:
- топырақ температурасының датчигі;
- күннің сәулешашу датчигі;
- қар жамылғысы биіктігінің датчигі;
сыртқы қосымша қондырғылары
автоматты жер суландыру датчигі;
оранжереяны вентилдеу жүйесі.
4. Автоматты экологиялық метеостанциясы (АЭМС) қосымша бөліктерден тұрады:
- газдардың концентрациясын анықтайтын электро-химиялық датчиктермен;
- CO – улы газы;
- CO2 – көмір диоксиді;
- NO2 - азот диоксиді;
- SO2 - күкірт диоксиді;
сыртқы қосымша қондырғылары
авариялық сақтандыру жүйесі;
туннелдерді вентиляциялау
АМС метеобағаннан, жұмыс шкафынан және метеодатчиктер жиынтығынан тұрады.
Метеобаған деп жерге мықты бекітіліп, метеодатчиктердің кеңістікте орналасуын және бағытын көрсететін құбырды айтады. Метеобағанға сонымен бірге жұмыс шкафы бекітіледі. Метеодатчиктердің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін метеобағанның еңкею мүмкіндігі қарастырылған.
Жұмыс шкафы дегеніміз метеодатчиктерден алынатын бағдарламалық бақылау ақпараттарын, тоқ өңдеушілерді, байланыс қондырғыларын және термостаттық жүйелерді орналастыру үшін арналған екі қабат қабырғасы және қақпағы бар қорапша.
Метеодатчиктер жиынтығы қоршаған ортаның параметрлерін өлшеу үшін арналған. Жалпы оның құрамына ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашындардың түрі мен қарқындылығы датчиктері, сонымен қатар жол үстіндегі параметрлердің қазіргі күйін анықтайтын көп функциялы жол датчигі кіреді. Қажетті жағдайларда АМС қосымша датчиктермен, мысалы, көріну қашықтығы, сәулешашу, қар жамылғысының биіктігі, топырақ температурасы, көмірқышқыл газының құрамы және т.б датчиктерімен жабдықталады. Одан басқа, жолдың күйін көзмөлшермен анықтау үшін және басқа мақсаттар үшін АМС толық көрінетін басқару камерасымен жабдықталады.
АМС-тан метеоақпаратты алу жиілігі 1 секундтан бастап ондаған минуттарға дейін аралықта жүргізілуі мүмкін. Ақпараттарды беру құралдары АМС-ның орналасу орнына байланысты таңдалады, және кезкелген түрде болуы мүмкін. Байланыс каналының қажетті минималды өткізу мүмкіндігі - 32 Кбит/с.