1.2. Валюталық нарықты реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық нарық негізінде жолға қойылады.
Валюталық нарықтар дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық нарықтың негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық нарық - ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.
Халықаралық валюталық нарық дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық нарықтың негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi «Халықаралық валюталық (рыноктар) нарықтар және валюталық реттеу» деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық нарықтың түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта нарықсiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Бұл мақсатқа жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:
халықаралық валюталық нарықтың түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
халықаралық валюталық нарықтың негiзгi элементтерiн анықтау;
Қазақстан Республикасы валюталық нарықтың дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
Қазақстан Республикасындағы валюталық нарықтың қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Валюталық реттеу дегеніміз – уәкілетті мемлекеітік органдар-дың (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |