Жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу Әлемде жыл сайын жол апаттарында шамамен 1,3 млн. адам өледі, ал 20 млн-нан 50 млн адамға дейін жарақат алады немесе мүгедек болып қалады.
Жол-көлік оқиғасының (ЖКО) қатері мен зақымданудың ауырлығын төмендету үшін олардың тиімділігі дәлелденген түрлі іс-шаралар қолданылады.
1. Қалалық жолдар бойында велосипедшілерге арналған арнайы жолдардың бөлінуі, велосипедшілер арасындағы өлім санын қысқартуға мүмкіндік берді.
2. Күндізгі уақытта жағылған шамдармен жүру ЖКО санын 10-15 пайызға төмендетті.
3.Алдыңғы орында отырған жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін пайдалануы жарақаттың барлық түрлер санын 40-50 пайызға азайтты. Белдіктер мен қауіпсіздік жастығының үйлесімі жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өлім санын 68 пайызға азайтты.
4. Егер бала машина жүрісі бойынша отырса, балалар креслосын пайдалану барлық жарақаттар санын 34 пайызға, ауыр жарақаттар санын 60 пайызға төмендетеді, ал егер бала машина жүрісіне қарсы отырса, барлық жарақаттар санын 76 пайызға, ал ауыр жарақаттар санын 92 пайызға төмендетеді.
5. Мотоциклшілер мен велосипедшілер шлемін пайдалану жарақат алған тұлғалардың санын 20 – 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Көшеде, өндірісте, отбасында жазатайым жағдайдың болуы туралы әрбір хабарлама қайғылы сезім тудырады. Әсіресе бала қаза тауып, жараланса, екі есе ауыр тиеді. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, бір біріне құрметпен қарау міндеті сақталса, жазатайым оқиғалардың болу ықтималдығы айтарлықтай аз болар еді.