Реферат тақырыбы: " Көркем шығармалар тіліндегі белгісіз жақты сөйлемдер мен жалпылама жақты сөйлемдер "



Дата06.04.2022
өлшемі25,46 Kb.
#138122
түріРеферат
Байланысты:
Реферат✅
Өлкетану, 1513932561



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “ Көркем шығармалар тіліндегі белгісіз жақты сөйлемдер мен жалпылама жақты сөйлемдер “.


Дайындаған:
Тексерген:.
Алматы 2022 ж

Жоспар:
Кіріспе:


Қазақ тіл біліміндегі жақты сөйлемдер қызметі;
Негізгі бөлім:
Жақты сөйлемдер жайлы зерттеулер мен пікірлер;
Қорытынды:
Көркем шығармалардағы жақты сөйлемдерге мысалдар.

Қазақ тіліндегі күрделі зерттеулердің қарқынды нәтижесінде негізгі тармақтары арнайы сараланып,жүйелі даму үдерісінде өтуде.Осындай нақты сараланған маңызды салалардың бірегейі-жай сөйлемдер құрылымы болып танылады.Жалпы қазақ тіліндегі ең басты сала ретінде қарастырылатын синтаксис саласының нақты зерттеу бағыты-арнайы жай сөйлемдердік тілдік қолданыстағы басты ерекшеліктері мен теориялық тұрғыдағы практикалық жүйедегі айрықша мәнге ие маңыздылығын жүйелі зерттеу.Ұзақ жылдар бойы тіл біліміндегі сөйлем ұғымын,мағынасын үздіксіз және жан-жақты түрде зерттеу мәселесі нақты құрылымдық жүйедегі ыңғайда сөйлем ұғымының белгілі стандартқа сай сыймайтындығын және сөйлем тұлғасының өзіндік сан қилы сипатқа ие құбылыс екендігін танытты.Осы тұрғыдағы,сөйлемнің арнайы принципке сәйкес,басты ерекшелігінің бірегейі-арнайы екі мүше ретінде кеңінен қолданылуы.Осы қағидаға байланысты қазақ тіл білімінде екі мүшелі сипаттағы сөйлемдер жүйесінің идеясы толықтай қалыптасты.Сөйлем құрылымы мен мағыналық түрлерін зерттеуге бағытталған арнайы зерттеулер нәтижелері жай сөйлемге сәйкес,екі мүшелі қызметтегі сөйлемдердің құрылысындағы арнайы предикативті негіздегі құрылымдарға тікелей бағытталған.Осы тұста белгілі акдемик,ғалым А.Шахматов өзінің “Синтаксис русского языка” атты еңбегінде тұңғыш рет жалпы қазақ тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесін екі мүшелі және бір мүшелі,мүлде мүшеленбейтін деп топтастырып,қарастырған еді.Ғалым өзі толықтай қарастырған бір мүшелі сөйлемдер жүйесіндегі бастауышты және бастауышсыз,жақсы сөйлемдер ретінде атап,дәлелдеп көрсеткен еді.Яғни ол:”Грамматикалық негізде қарастырғанда,арнайы предикат және субьекті жүйесінің негізгі мәні - жақсыз сөйлем теориясының қатысуымен жүзеге асады”,-деген қорытындыға келген болатын.Сонымен қатар,осы мәселеге сәйкес,орыс ғалымдары да біршама тұшымды пікірлер қалдырып,маңызды тұжырымдамалар жасаған болатын.Мысалы,белгілі ғалым Виноградов “Исследование по русской грамматике” атты көлемді еңбегінде бір негізді сөйлем бастапқы мүшелерінен таза баяндауыштық немесе немесе таза бастауыштық қызметтегі сөйлем тұлғасын қалыптастыруға тырысу жөн болмайды” деген еді.Және көне түркі тілінің арнайы жазбаларында да жақсыз сөйлемдер және оның басты құрылымдық ерекшеліктері жайында маңызды көзқарастар белең алды.Атап айтқанда,А.Н.Кононов:Модальдық сипаттағы сөздер қатысқан жүйедегі обороттармен тікелей берілетін жақсыз сөйлемдер қызметінің нақты түрде қажет”,-деп жақсыз сөйлемдер қызметінің маңыздылығын айқындаса,ал башқұрт тіл білімінің қолданысындағы грамматикалық жүйесін тікелей жазып шыққан Н.К.Дмитриев:”Қазақ тіл білімі жүйесіндегі жақсыз сөйлемдер қызметі орыс тіл біліміндегі жақсыз сөйдемдер тұлғасымен ұқсас”,-деген болатын.


Жалпы,қазақ тіл біліміндегі белгісіз жақты сөйлемдер-бастауышы берілген сөйлем ішінде болатын немесе белгілі бір баяндауышының қызметі арқылы жасырынып тұрған бастауышын табуға әбден болатын негізгі сөйлем қызметі.Жақты сөйлем қызметті құрылымы бойынша 3-ке бөлініп қарастырылады:
1.Арнаулы жақты сөйлем (Сіз оқыңыз,мен көрейін)
2.Ортақ жақты сөйлем (Көпті көргеннен сұра)
3.Бастауышы белгісіз жақты сөйлем (Ол кезде елде болмаған).
Осы аталған бастауышы белгісіз жақты сөйлем құрылымдық қызметінде сөйлем үнемі 3-ші жақта тікелей айтылып,қарастырылады.Және берілген сөйлемдегі белгісіз тұрған бастауышының қайсыбір сөз болып табылатындығы с өйлемнің тікелей мазмұнынан айқын анықталады.Әйгілі ғалым,Мәулен Балақаев Алматы қаласында 1992 жылы жарияланған “Қазіргі қазақ тілі” деп аталатын еңбегінде жалпы қазақ тіл біліміндегі қолданыстағы жақты сөйлемдерді арнайы түрде белгісіз жақты сөйлем және жалпылама жақты сөйлем деп тікелей қарастырады.
Белгісіз құрылымды жақты сөйлем-грамматикалық негізді бастауышы айқын айтылмайтын,жалпы жасалған іс-әрекет процесі арнайы белгісіз бір тілдік субьектілерге айрықша тән болып табылады.
Белгісіз жақты сөйлем сөйлем ішіндегі 3-ші жақтық тұлғада келіп,арнайы орын алған бір әс-әрекет жайында нақты хабар беру мақсатын толықтай көздейтін жай құрамды негіздегі сөйлем бөлігін белгісіз жақты сөйлем ретінде қарастыруға болады.Яғни,аталғандай мұнда белгілі бір іс-әрекет құбылысының иесі болып табылатын жақ үнемі сөйлемде тек логикалық сипаттағы ыңғайда бөгде белгісіз жақ ретінде көрініс табады.Мысалы,Арнайы жиында Семей облысының Абай облысы ретінде өзгергенін мәлімдеді.
Жанама түрдегі жақты сөйлемдер-бұл бір ғана негізді тұлғадағы сөйлемдердік өзге де түрлеріне қарап салыстырғанда жанама тұрғыдағы яғни,жақсыз түрдегі сөйлемдердің айтарлықтай өзіндік ерекшеліктері бар.
1.Тек қана бір мүшесі сөйлемде баяндауыш ретінде қарастырылады;
2.Баяндауыштың белгілі арнаулы болмысындағы айрықша басқаша құрылымы белгілі грамматикалық негіздегі бастауыштың қалыптасуына тосқауыл болады;
3.Арнайы субьекті жүйедегі жақтық жүйе мәнді септік тұлғадағы сөздердер және баяндауыш тұлғасындағы тәуелдік құрамдағы жалғаулы сөйлемдерден немесе арнайы контекстен белгілі логикалық процестік ыңғайды тікелей айқын аңғарылады.Кейде арнайы баяндауыштағы нақты ырықсыз тұлғалы етіс қызметі арқылы белгілі іс-әрекет ешқандай субьектіге нақты бір қатыссыз модальдық негіздегі мағынада тікелей беріледі.Мысалы,Саған мектепке соғып кету керек.
Сонымен қатар,грамматикалық тұлғалы бастауышы жоқ,арнайы субьект қызметінің мәні белгілі септік және тәуелдік мәнді жалғаулы сөздердің логикалық белгісіз ыңғайда айқын байқалатын және қосымша мән үстеуге ие сөйлем құрылымдық түрін жанама түрдегі жақты сөйлем деп атаймыз.Ал құрылымы турасында мүшеленбейтін сөйлемдер құрылымы екіге бөлініп,қарастырылады.Сөз бен сөйлем және жүйелі атаулы сөйлем.Осы тұста,белгілі ғалым Т.Сайрамбаев:”Сөз сөйлемнен және сөз сөйлемге дейін” атты еңбегінде:”Біз қазіргі күнге дейін сөйлем ұғымы түрлерінің барлығы дерлік арнайы бастауыштық және баяндауыштық негізде жасалады деген ой-пікірді ұстанамыз.Расында да сондай жағдайда ма? Ал негізінде берілген сөйлем құрылымының тікелей қалыптасуы қазіргі күні де әңгіме болатыны анық.Осыған сәйкес,белгілі сөйлемдер жүйесін бүгінгі таңда да тікелей болмысын сақтады деп толықтай айтуға негіз бар ма?Себебі,соңғы кездері,әртүрлі тіл білімдерінде әсіресе,орыс тіл білімінде көптеген түркологиялық жүйелі зерттеулерде белгілі бір арнайы сөйлемнің жаңашыл негізді түрі сөз бен сөйлем қарқынды қолданысқа түсе бастады”,-деген болатын.Қазақ тіл білімінде,көркем әдеби шығармаларда аса айрықша рөл атқаратын сөйлемдер атаулы сөйлемдер ретінде танылады.Және осы атаулы сөйлемдер құрылымдық жүйесіне тиянақты әрі синтаксистік негізде форма сыйлайтын - интонация мен контекст.
“Өзіңнен бұрын жығылғанға күлме”,”Қайтып кірер есікті қатты жаппа” секілді сөйлемдерге зер салатын болсақ,сөйлем құрылысында бастауышы білінбейді,сол себепті оның құрамындағы баяндауышы арнайы бір жақа бағытталғанынан да сыр бермейді.Белгілі бір етістіктерден құрылғаны баяндауыштар тұлғасының білдірген негізгі мағынасы арнайы көп жағдайларда сөйлемдегі айтып жатқан мезгіл бейнесінен соң барып орындалатын секілді болып танылады.Ал бұл орын алған жағдай сөйлемнің негізгі бастауышының арнайы белгісіз жағдайда болуына айрықша қолайлы жағдай туындатады.Осындай түсініктерге қарамастан,арнайы жүйеде салыстырылған белгілі бір тілдерде нақты бір белгісіз түрдегі жақты сөйлемдердің арнайы мағыналары мен қызметіне,жасалу жүйесіндегі белгілі тәсілдеріне орай белгілі бір сөйлем ішінде бір-бірінен тұтастай ажыратылып жататын жағдайлар да кездеседі.Осы тұста әрбір тілдік бірліктің өзіне ғана тән басты өзгешелігінен өзге лексикалық және грамматикалық жүйедегі ортақ,жалпы қызметтегі тәсілдер ретінде ғана сөз қозғалады.
Демек,жоғарыда келтірілген мысалдар желісінен айқындалғандай, жалпылама түрдегі жақты сөйлем қызметінің арнайы белгісіз жақты сөйлем мағынасы қызметінен ешбір айтарлықтай айырмашылық аңғарылмайды.Бұл тұжырымдамаға ”Қазақ тілінің грамматикасындағы” арнайы белгісіз мәнді жақты сөйлемдерге келтірілген нақты мысалдарды салыстырып көрсетсек айқын дәлел бола алады.Мысалы,”Еңбек ет те,міндет ет”, “Жауға жалынба,досқа тарылма”,т.б.Сөйлемдегі бірқатар қызмет атқару үстіндегі грамматикалық мәндегі бастауыштар құрылымы айрықша ерекше айтылмайды да,арнайы жасалынған іс-әрекет жүйесі белгілі бір нақты субьектілерге тікелей тән ретінде қарастырылады.Мысалы,”Етікті жазда кимейді,қыста киеді”,деген сөйлем құрылымдық жүйесі-жақты сөйлем,дегенмен бастауыш қызметі белгісіз.
Осындай арнайы бастауыш тұлғасы белгісіз түрдегі жақты сөйлемдердің нақты жасалу жолдары:
1. 3-жақ ауыспалы түрдегі шақ қызметіндегі етістіктерден пайда болған арнайы баяндауыштар тұлғасы белгілі шақтық тұлғада айтылу арқылы үнемі бастауышы беймәлім сөйлем құралады.Мысалы,Ол өлке сиырдың етін тұтынбайды.
2.Өткен және келер шақ тұлғасындағы 3-жақтық негізіндегі етістіктер мен есімшелер баяндауыш тұлғасында орын алғанда берілген сөйлемдегі бастауыш тұлғасы белгісіз болып танылуы мүмкін.Мысалы,Оның қызын,сүйікті қос қыздарын ертең алып кеткелі жатыр,-алып кеткенде де біржола,көз енді көрмеске әкетпекші.
Кейбір жағдайларда баяндауыш қызметі 2-ші жақтық жіктік жалғауда арнайы айтылған берілген сөйлемдердің анық бастауыштары ғана болмай,белгілі 3-жаққа да бірдей негізде ортақ жүйелі мағынада және жалпылауыш мәнді жақты негіздегі сөйлем ретінде тікелей жұмсалады.
Алматының кешегі жағдайын адам баласының көзі көрмесін.
Көркем әдеби шығарма мен кез-келген қатыстық жүйедегі сөйлемде жақты сөйлемдер айрықша маңызды рөл атқарады.Сөйлеу жүйесіндегі арнайы құрылымның қарқынды орын алуы мақсатындағы жақты сөйлемге тән мәтіндердің туындауы орынды болып табылады.Жақты сөйлемдердің бастапқы негізі болып қарастырылатын арнайы белгісіз жақты сөйлемдер нысанын күрделі құрылымдар нәтижесінде орындауға толықтай негіз болады.Бір ғана дара бас ретті мүше арнайы етістіктердің бұйрық және ашық рай тұлғаларында,сондай-ақ,шақтық тұлғаларының ретінде келуі нәтижесінде келеді.Мысалы,”Жерді арнайы қазақтың қара тоқпағымен өлшейді” (С.Мұқанов) “Анамен алыспайды да,айтыспайды да” (Ғ.Мүсірепов).
Белгісіз жақты сөйлемнің жасау жолдары:
1) ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар 3-жакта осы шақтық мағынада айтылғанда: Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады (Ы. Алтынсарин);
2) өткен шақ, келер шақ тұлғадағы етістіктер не есімшелер 3-жакта айтылып баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғасыр Мұстафин).
Көркем әдеби шығарма мен кез-келген қатыстық жүйедегі сөйлемде жақты сөйлемдер айрықша маңызды рөл атқарады.Сөйлеу жүйесіндегі арнайы құрылымның қарқынды орын алуы мақсатындағы жақты сөйлемге тән мәтіндердің туындауы орынды болып табылады.Жақты сөйлемдердің бастапқы негізі болып қарастырылатын арнайы белгісіз жақты сөйлемдер нысанын күрделі құрылымдар нәтижесінде орындауға толықтай негіз болады.Бір ғана дара бас ретті мүше арнайы етістіктердің бұйрық және ашық рай тұлғаларында,сондай-ақ,шақтық тұлғаларының ретінде келуі нәтижесінде келеді.Мысалы,”Жерді арнайы қазақтың қара тоқпағымен өлшейді” (С.Мұқанов) “Анамен алыспайды да,айтыспайды да” (Ғ.Мүсірепов).
Белгісіз жақты сөйлемнің жасау жолдары:
1) ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар 3-жакта осы шақтық мағынада айтылғанда: Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады (Ы. Алтынсарин);
2) өткен шақ, келер шақ тұлғадағы етістіктер не есімшелер 3-жакта айтылып баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғасыр Мұстафин).
Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.
-нікі қосымшасы арқылы: Шетінен кішкене шағын қоңырқай үйлердің орта
тұсында тек сырты ғана бүтін жеңіл үй Базаралынікі.
-Септік тұлғада кездесетін есімді сөйлемдер роман-эпопеяда жатыс,
шығыс, жалғаулары арқылы өте мол кездеседі: Үкілі тымақ, қызыл шапан
қоржында. Алпыс үйдің екеуіне бір аттан. Қар басқан кең дала қыбырсыз,
ұзақ жота үнсіз де момын тыныштықта.
Септік жалғауларының ішінде ең жиі кездесетіні атау, жатыс, шығыс
жалғаулары арқылы жасалған есімді сөйлемдер деп айтуға болады. Роман-
эпопеяда көптік, тəуелдік жəне септік жалғаулары арқылы жасалған есімді
сөйлемдер мол, ал жіктік тұлғадағы есімді сөйлемдер санаулы ғана.
-Шылаулардың зат есімдерге түйдектелуінен есімді сөйлемдер жасалады:
Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. Ұлықтар
қасында өзінің екі атшабар, екі старшынымен қалған Тəкежан ғана.
- Көмекші есім: Көмекші есімді есімді сөйлемдер ілік жалғауының ашық,
жасырын түрі арқылы жасалады: Осы – Тереңсайдың тұсы.
-Модаль сөздер есімді сөйлемдерде сияқты, тəрізді, керек, мүмкін т.б.
сөздер мол қатысады: Оның бəріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық
керек. Осы аз күн ішінде Оязбен менің жауаптасуым мүмкін. Сырт ажарлары
шынымен егілген, есінен танып, бауыры езілген кісілер тəрізді.
-«Абай жолы» роман-эпопеясында əсіресе көмекші етістік зат есімдердің
нөлдік, көптік, тəуелдік, септік тұлғаларына түйдектеліп, есімді сөйлем
жасайды жəне олар əр түрлі құрамда келеді. Көмекші етістіктер дара, екі, үш
сөзді күрделі де болып келеді.
- Жай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты, жалаң,
жайылма, болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, атаулы түрлері
кездескенімен, бірақ жақсыз сөйлем жасалмайды. Хабарлы, лепті, бұйрықты
жай сөйлемдер жиі ұшырасады.
-Салалас құрмалас сөйлемнің мезгілдес салалас, қарсылықты салалас,
талғаулы салалас, кезектес салалас түрлері жиі кездеседі. Бүгін, Ақшоқыдағы
ауылда қалың думан бар, ауыл əбігерде.
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқылы, мезгілдес
бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы түрлері
мол. Əзімбай ашық зұлымдық атты дерт болса, мынау екі жүзді айлалы
жабысқақ кесел.
Пайдаланылған әдебиеттер:
[1] М.Әуезов:”Абай жолы” романы,1942 ж,Алматы,213-бет;
[2] Қ.Жиенбай:”Үрей”,Алматы,1989 ж,145-бет;
[3] Қ.Жұмаділов:”Қаздар қайтып барады”,Алматы,1988 ж,134-бет;
[4] А.Байтұрсынұлы:”Тіл тағлымы”,Алматы,2011 ж,412-бет
[5] Қ.Жұбанов:”Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер”,Алматы,2013 ж,312-бет;
[6] М.Балақаев:”Жақты сөйлем синтаксисі”,Алматы,2012 ж,111-бет;
[7] Т.Сайрамбаев:”Сөз тіркесі мен жақты сөйлем”,Алматы,2006 ж,145-бет
[8] К.Жаукенов:”Синтаксис”,Алматы,2009 ж,165-бет;
[9] Б.Момышұлы:”Ұшқан ұя”,1986 ж,125-бет;
[10] О.Бөкей:”Қар қызы”,Алматы,1999 ж,215-бет
[11] О.Күлкенова:”Қазіргі қазақ тілі”,Алматы,2003 ж,123-бет;
[12] Ғ.Иманалиева:”Жақты сөйлем синтаксисі”,Алматы,1997 ж,67-бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет