Реферат Тақырыбы : «Өзін-өзі тану»


«Журектен жүрекке» шеңбері



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі33,15 Kb.
#83034
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ӨөтСамал

«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мұнда:
• тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;
• шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады;
• бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;
•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.

«Өзін-өзі тану» пәні тәрбиешіге өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады.Әрбір сабақты дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі барысында өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.Олар:


-әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсіністікпен қарау;
-балаларға өз іс-әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
-баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі ескеріледі.
Сондықтан тәрбиеші сабақты өткізу барысында:
-балаларға үйретуші емес, тек бағыт беруші болғаны дұрыс,
-балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның жеке даму ерекшелігін басты назарда ұстау;
-жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, тәрбиешімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза алуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет