Жеке өмірі 1929 жыл Сальвадор Дали мен оның туыстары үшін ерекше өзгеріске толы жыл болды. Себебі Сальвадор өмірінің жалғыз махаббатын - ресейлік эмигрант Елена Ивановна Дьяконованы кезіктіріп естүзсіз ғашық болып, тіпті оның күйеуі барына қарамастан бірге болуды ұйғарады. Ол кезде Елена өзін Гала Элюар деп таныстырған болатын. Және сүйіктісі Елана суретшіден 10 жылға үлкен болды. Сальвадордың әкесі және туыстары тіпті ең жақын қарындасы Анна Далиде Сальвадордың бұл шешімін қолдамай тіпті араласпай қалады. Әкесі бұл шешімін ұятқа теңеп ұлына бөлініп отырған қаражаттарын ендігі бермейтінін анық айтады. Сальвадормен сүйіктісі Елана екеуі барлығынан жырақта Кадакесте құмды жағалауында өте төмен деңгейде күн кешеді. Осылайша Сальвадор өзінің керемет туындыларын жасай бастайды.