Реферат Тақырыбы: 4-модуль. Инклюзивті білім беру жағдайында педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі29,51 Kb.
#162697
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Сатаева МПКО -2-2.инклюзив 4 модуль

Реферат
Тақырыбы:4-модуль.Инклюзивті білім беру жағдайында педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты.


Орындаған:Сатаева Алия МПКО 2/2

2022оқу жылы

Инклюзивті білім берудегі педагогтың ролі
Жоспар:
1.Педагог пен арнайы педагогтың өзара бірлескен әрекеті.
2.Педагогтардың әдістемелік жұмысты ұйымдастыруы және педагогикалық қызметті басқаруы.
3.Мектепте инклюзивті білім бері мәдениетін құру.
4.білім бері ұйымына қолжетілімдікті қамтамасыз ететін талаптар.
5.Ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайын ұйымдастыру.

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивтік білім беру – бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.


Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында инклюзивтік білім беруді жетілдіру мен дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылған.
2015 жылға дейін инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек.Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепте дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді.Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік педагогтың алатын орны ерекше.
Тәрбиелеу барсында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдинетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек. Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады, немен айналысқанды ұнатады т.б сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңіл көтеріліп қалауына әсер етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендерімен құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік педагог даму мүмкіндігі шектеулі балалармен көптеген жұмыстар жасайды. Бұл саладағы оқушылар ерекше назарда болады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, спортқа, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагогпен әрбір мұғалімнің міндеті. Бұл балаларды өздерінің қабілетіне қарай түрлі конкурстарға қатыстырамыз. Оқушылар жүлделі орындарды иеленіп қуанып келеді.
Мектептерде инклюзивтік білім беруді енгізе отырып, педагогтар әр адам ойлауға, сезінуге, қарым-қатынас жасауға, бір-біріне сүйеніш болуға қабілетті деген қағиданы ұстанады және осыны балалардың көкейіне құйып, мейірімділікке баулиды. Осылайша олар егемен еліміздің толыққанды мүшелерін тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүреді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде педагог пен отбасының байланысы


Жоспар:
1.Педагог пен отбасы ынтымақтастығы.
2.Педагогтар мен ата-аналарға қойылатын талаптар.
3.Отбасы қолдауда әлеуметтік-педагогикалық ,психологиялық көмек көрсету тетіктері.
4.Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары.

Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу. Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне көмектеседі.
Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына балабақшаның арнайы психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңеске құлақ түріңіз:



  1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
    Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
    3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
    4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
    5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
    6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
    7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
    8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
    9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
    10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
    11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
    12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
    13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
    14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
    15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
    16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
    17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
    18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
    19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Ата-анамен тығыз байланысты нығайту мақсатында және бала туралы жалпы толыққанды мағлұмат алу үшін ата-аналарға сауалнамалар толтыртамын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет