Тақырыбы: «7-9-сыныптардың геометрия курсының оқу материалдарына логикалық-дидактикалық талдаулар жасау.»
Алматы, 2021
Геометрия: Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық.
В.А. Смирнов, Е.А. Тұяқов.
Алматы "Мектеп" 2017.
Кітаптың сыртқы келбеті аралас жасыл түсте және геометриялық пішіндермен бейнеленген. Ең алғашқы бетінде авторлары, баспасы және кітаптың аты берілген. Келесі бетінде шартты белгілері берілген. Шартты белгілері түсінікті және толық. Және әр тараудың тақырыпшалары берілген. Келесі бетінде кіріспе берілген. Кіріспеде геометрияның шығу тарихы берілген. Меніңше кіріспеде оқулықтағы барлығы жалпылама түсіндірілуі қажет. Яғни осы 7 сыныпта қолданылатын геометриялық белгілеулер: нүкте, түзу, бұрыш т.с.с. Жәнеде теорема, аксиома, анықтамамен таныс болу қажет.
Ендігі бетінде сабақ басталып жазылған. Берілген тақырыпқа сай анықтамалар жазылды. Менің ойымша анықтама берілгеннен кейін мысал көрсетуі қажет еді. Бірден есепке көшіп кеткен. Есептері үш деңгейге бөлінген. A,B және С. Есептері нормаға сай. Айта кететін жайт геометрияға қатысты ғұламалар жазылуы қажет болатын. Бірақ бұл оқулықта бөлек тапсырма ретінде берілген. Оқушылар бұл тапсырманы елемей кетуі мүмкін. Сондықтан тарихи мәліметтер ретінде жазып қойылуы қажет деп ойлаймын. Және ерекше айтатыны жаңа білімге дайындық ретінде қосымша тапсырмалар беріледі екен. Бұл оқулықта шрифтары және геометриялық пішіндегі суреттері нормаға сай жасалынған. Суреттерінің көлемі ыңғайлы және анық.