халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;
«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;
ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса.
Азаматтығын тоқтату:
азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз – жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.
Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.
Жеке құқықтар мен бостандықтар – адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.
Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.
Саяси құқықтар мен бостандықтар – Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.
Жеке адамның конституциялық міндеттері – ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38 – баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:
әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;
әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;
әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін — Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;
заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;
Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Қорытынды Осылайша, осы тақырыпты қарау барысында біз адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азаматтығы, жеке адамның құқықтық мәртебесінің кепілдіктері сияқты ұғымдарды талдадық; адамның және азаматтың конституциялық құқықтарының жіктелуін, Қазақстан Республикасында азаматтыққа ие болу, жоғалту, сондай-ақ азаматтыққа қабылдаудан және одан шығудан бас тарту негіздерін және жеке адамның құқықтық мәртебесінің кепілдіктерінің алуан түрін зерделедік.