Реферат Тақырыбы: Адам өмірінде психологиялық білімдердің мәні Орындаған: Анарбек Айнара Қабылдаған



Дата15.10.2023
өлшемі15,49 Kb.
#185523
түріРеферат
Байланысты:
адам өмірінде психологиялық білім


Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы:Адам өмірінде психологиялық білімдердің мәні

Орындаған:Анарбек Айнара


Қабылдаған:

Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, психологияға ғылым мен практика ретінде қызығушылықтың артуына қарамастан, адамдар оған әр түрлі көзқарас танытады, яғни оң көзқарастан жағымсыз көзқарасқа дейін. Кейбіреулер психология шын мәнінде өте пайдалы ғылым деген пікірмен келіседі, оның күшті жағы-алынған білім мен дағдыларды өмірде қолдану мүмкіндігі.
Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады.
Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Жеке тұлғаның сана-сезімінің дамуына әсер етіп жүрген жандардың бірі Алмас Ақынды мысал ретінде алсақ: «Кез-келген адамның өз өмірінің ораторы, көшбасшысы, жеңімпазы және бай болып қалыптасуы үшін оған 3 үлкен фактор әсер етеді:
1. Сенімділік. Ішкі блоктардан толығымен айығу;
2. Өз бағытын білу. Өзіңіздің тұлғалық моделіңізді анықтау;
3. Бойыңыздағы талантты ортада қолдану то игеру яғни, осы сенімділік арқылы психологиялық тұрғыдан қалыптасамыз», — дейді.
Адам бойындағы кездесетін мәселелерді ескере отырып, оларға қол ұшын созатын психологтардың маңызы зор. Сондықтан қазіргі әлемдегі психологтың рөлі өте қажет. Ол көптеген адамдардың өмірін сақтайды. Кішкене проблемалар болса да, психологпен сөйлесу адамға өз әсерін тигізеді, айтарлықтай жеңілдейді.
Әйтсе де, психологтар деген кім? Психологтар-бұл өз саласының мамандары.Психологтар-бұл әртүрлі проблемалық жағдайларда көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын адамдар. Мысалы: қарым-қатынастағы қиындықтар, отбасындағы қиындықтар,балалармен қиындықтар,мансап проблемалары, қаржы және өмір жоспарлары, өзіне қатысты қиындықтар, жаман әдеттер мен тәуелділік,өз-өзіне күмәндану, кешіктіру, эмоционалды күйзеліс, түсініксіз эмоциялар, жақын адамнан бөліну, мазасыздық пен қорқыныш,депрессия,стресс,дүрбелең шабуылдары, нашар ұйқы, жанжалдар мен қақтығыстар,агрессия, тәбеттің жоғалуы, өмірдің құнсыздануы және т.б. психологиялық проблемалар болуы мүмкін. Сондақтанда психологтардың енбегін бағалауымыз керек.
Психологиялық проблемалары бар клиентке(пациентке) психологиялық емдік әсер етудің 4-5 сессиясынан кейін пациенттің психоэмоционалды жағдайы дұрысталады. Психологпен жұмыс істегеннен кейін пациенттер әлдеқайда жақсарады,негізінен көптеген проблемалар адамдардың өміріне теріс әсер бермесе, оң әсері жоқ. Психологқа жүгінген адамдар әлемге және жағдайларға басқа көздермен қарайды, емдеуге дейін қорқынышты болып көрінген нәрсені соншалықты ауыр қабылдамайды. Олар депрессияны, апатияны жоғалтады, өмірге қызығушылық танытады және онымен бірге тамақтануы да жақсарады. Адам тынышталады, оның ұйқысы қалыпқа келеді, терең, тыныш болады. Психологқа жүгінгеннен кейін адамның өмірі жақсарады, жарқын болады, жағымды эмоциялар мен сезімдерге толы болады.
Қорытындылай келе, психологияның адам өміріндегі рөлі шынымен маңызды деп айта аламыз. Басқа ғылымдармен қарым-қатынаста психология өзінің пәнін, теориялық принциптері мен осы пәнді зерттеу әдістерін сақтайтынын нақты түсініп, есте сақтау керек. Психологияда білімнің ерекше саласы ретінде бірқатар арнайы салалар біріктіріледі, олардың арасындағы байланыс әрдайым бірдей болмайды. Бірақ, кейде «үйлесімсіздікке» қарамастан, олардың бәрі білімнің бірыңғай саласына жатады. Сайып келгенде, олардың жалпы міндеті – құбылыстардың бір класының-психикалық мәнін зерттеу. Психологиялық пәндердің бүкіл жүйесін зерттеудің негізгі объектісі-адам, оның психикалық процестері, күйлері мен қасиеттері болып табылады.
Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерден өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады. Психология — жеке тұлғаның рухани болмысы. Дәлірек айтсақ ішкі жан дүниесі мінез-құлқы, түрлі сезімдері, ниеті, ақыл-ойы, құндылықтары. Қай уақытта болмасын психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет