Реферат тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық терминология»



Дата04.01.2022
өлшемі41,74 Kb.
#109027
түріРеферат
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық терминология


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық терминология»

Группа: КО-31

Орындаған: Ғинаят Айдана

Ғылыми жетекшісі: Сәменова С.Н.

Қарағанды 2021

ЖОСПАР

І.Кіріспе



ІІ.Негізгі бөлім

  1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы

  2. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық терминологияны қалыптастырудағы рөлі

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме¬тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми¬нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.

А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин¬дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа¬лағанын аңғаруға болады.

Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.

Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі.

Бұл тұрғыдан келгенде, ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.


  1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.

Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.

Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.

1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.

Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін 20 ғ-дың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.

Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді.

Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі –

"Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.

"Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. "Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.

Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан.

Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.

Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады.

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған.



  1. Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық терминологияны қалыптастырудағы рөлі

Қазақ тіл білімі терминологиясында оның ішінде лингвистикалық терминдердің қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда ұлы ғұламаларымыздың қатарына кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Оның себебі – ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастырудың ғалым еңбектерінен басталатындығында. Салалық терминологияның қалыптасуы - белгілі бір арнаулы саланы құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде таңбалануы. Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен тығыз байланысты.

Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған терминдері ең алдымен мектеп оқулықтарында қолданылды. Өйткені белгілі бір тілдік құбылысты балаға игерту үшін оның өзіне тән атауы болуы заңды. Сондықтан ғалым термин, атау жасау мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен қарағаны түсінікті. Ғалым жасаған терминдер 7-8 бен 10-12 жастағы ауыл балаларына ұсынылды, сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы білім-ғылымның бұл саласын ана тілінде түсінікті етіп, баяндауға міндетті еді, оларға жат болса да, бейтаныс ұғым атауларын қазақша ұсынуға тырысты. 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгі, хәріп сияқты терминдер қолданылды. Ал 1914, 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып шыққан «Тіл-құрал» оқулықтарында әбден қалыптасып, бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездеседі. Мектеп табалдырығын енді аттаған балалардың өздері түгілі, ата-әжелерінің, әке-шешелерінің хабары жоқ білім-ғылым тарауларын «фонетика», «морфология», «синтаксис» деп танытқаннан гөрі, «дыбыс жүйесі», «сөз жүйесі» деп атау әлдеқайда түсініктірек, таныстау боларын ғалым жақсы түсінген. Бұл терминдер терминге қойылатын талаптарға толық жауап береді [1, 75-76].

Қазақ тілінің дыбыс, сөз және сөйлем жүйесіне арналған «Тіл-құралында» 310 лингвистикалық термин қолданған. Оның 118-і (38,5%) қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрсе, 192-сі (61,5%) қазір қолданылмайды. Бұл терминдерді тіл білімінің салаларына қатысты жіктесек: фонетикаға қатысты - 108 термин, лексикологияға қатысты 11 термин, морфологияға қатысты 109 термин, синтаксиске қатысты 64 термин және жалпы тіл біліміне қатысты 18 термин қолданылған. А. Байтұрсыновтың терминдерінің көбі қолданылу аясына қарай өзгеріске ұшыраған [2, 14-15].


Ахмет Байтұрсынов қолданған  терминдер

 


Қазіргі қолданыстағы

терминдер



бас мүше

бастауыш

баяншы мүше

баяндауыш

ымырасыз  харіфтер

ұяңдар

қосалқы сөз

шылау

қағида

ереже

дыбыс жүйесі

фонетика

сөз жүйесі

морфология

сөйлем жүйесі

синтаксис

есімдеуіш атау сөздер

есімдер

бұратана сөздер

оқшау сөздер

кіші сызықша

дефис

ноқат

нүкте

қос ноқат

қос нүкте

қабат үтір

тырнақша

 А. Байтұрсынұлының ғылыми ізденістері туралы ғалым Т. Қордабаев былай дейді: «А.Байтұрсынов - казақ тілін туған тілімізде зерттеудің үлгісін жасап, оның ғылыми терминдерін қалыптастырып, сөйтіп, тіліміз туралы берік негізін қалаған ғалым ғана емес, сонымен бірге оның ілгері дамуына, болашағына бағыт-бағдар сілтеген, игі әсер еткен ғалым» [3. 238 б.].

А.Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл-құрал» оқулықтарында әбден қалыптасып, бүгінгі күнеге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиісі зат

есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша ,жалғау сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі.

Сызықша, есімше, жалғаулық, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, сұраулық, көсемше, оралым,т.б

Сөйлемдердің синтаксистік топ болып бірігуін «оралым», «қайшы оралым» деген сияқты түрлерін ажыратып көрсетеді. Мұнда ең басты айтатын нәрсе - А.Байтұрсынов бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдарды атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған.

А.Байтұрсынұлының сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қадамынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, тармақ, мүше - осылар сияқты терминдері семантикалық тәсілмен жақша, сызықша, көсемше есімше,т.б. сияқты терминдері морфологиялық тәсілмен, дауыссыз дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс сияқтылары синтаксистік тәсілмен жасалған. Сөз тұлғаларын А.Байтұрсынов беске бөледі: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар. Сөздерді мағынасына қарай тоғыз тапқа бөледі: зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, одағай, демеу, етістік, есімдік, жалғаулық

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.

Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе – А.Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде[23, 58].

Ғалымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы оның қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Р.Нұрғалиев өзінің «Алашординцы» атты кітабында «Книга А.Байтурсынова «Тіл құрал» (Пособия по языку) содержит множество разделов, посвященных фонетике, морфологии, синтаксису и орфографии, заметим, каждый из этих терминов дан на казахском языке, автор, кроме того, воссоздал несуществовавщие до него понятия – такие, как «гласный звук», «согласный», «подлежащие», «сказуемое» и др. Ученый

снабжает термины четкими, емкими и образными определениями, и в то же время, определения эти имеют строго научный характер» (С.19) деп жазады. Әрине, «гласный звук», «согласный», «подлежащие», «сказуемое» сынды ұғымдар лингвистикада Ахмет Байтұрсынұлыа дейін де белгілі болған, алайда қазақ тіліндегі осы дыбыстар мен сөйлем құрылысының табиғатын анықтап, олардың қазақша баламалары мен анықтамаларын дәл де айқын бергенін академик ғалым өте орынды атап көрсетіп отыр[24,8].

А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы ғұламалардың бірі. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласында М.Әуезов «Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахмет Байтұрсынұлыды өзінің басшысы деп санайды» [25, 58] деген болса, әдебиетші ғалым Р.Нұрғалиев оның «Әдебиет танытқышы» туралы айта келіп: «…қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» [26, 22] деп әділ көрсетеді.

Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған.

Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады» [27, 48].

Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А. Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың – шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан.

Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. «Әдебиет танытқыштан» мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре беруге болады. Жеке ғылымдардың өзара байланысынан барып ұғымдар жүйесі құралатыны

сияқты соларға сәйкес келетін жекелеген термин сөздердің жиынтығы терминдер жүйесін, яғни салалық терминологияны құрайды. «Әдебиет танытқыштағы» ғалым қаламынан туындаған біртұтас жүйе құрайтын терминдер оның әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясын қа-лыптастырғанын көрсетеді. А.Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған. Олардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Мұхтар Әуезов 1923 жылы ғалымның «Мәдениет тарихы» атты кітап жазып бітіргенін айтқан болатын.

Ғылым, білім саласында қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне мақсатты түрде үлкен мән берген және термин шығармашылығында ұлт тілінің өз мүмкіндігін шебер қолдана білген ғалымның әлі баспа бетін көрмеген немесе кезінде жарияланып, қазір қолға түспей жүрген ондай еңбектері табылып жатса, олардың ішінде де көптеген терминдер мен жаңа қолданыстардың болатындығына еш күмәндануға болмайды.

Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты көптегсн терминдер жасаған ғалым.

Ғалымның термин шығармашылығындағы қызметінің бір ғана ғылым сала-сымен шектелмейтіндігі оның жалпы қазақ терминологиясын қалыптастыру-дағы орнының айрықша екендігін көрсетеді. Алайда А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясының қалыптасуына қосқан үлесі бұлармен ғана бітпейді. Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, солардың ішіндегі аса ірісі, бірегейі екендігін дәлелдейтін деректер ғалым мұрасына тереңірек үңілген сайын табыла береді.

Ендігі бір айрықша атап айтуды қажет ететін мәселе – ғалымның терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. Яғни төртіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым.

Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыста қарастырған жөн. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді[28].

А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т.б. осылар сияқты терминдері семантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекші, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.

Бұл аталған терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің негізінде калькалану арқылы (дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қос сөз, т.б.) жасалғандығы аңғарылып тұр. Бұдан ғалымның калька тәсілін де ұтымды пайдаланғанын көруге болады.

А.Байтұрсынұлының термин жасауда ұстанған бағыты мен оның қаламынан туған басы ашық терминдері-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясының негізін қалаушы және ғасыр басындағы бүкіл ғылыми ой-сананың қалыптасуына ықпал ете білген зор тұлға екенін дәлелдей алады. Алайда оның қаламынан туған терминдер мен сөздер мүмкіндігінше анықталып жатса, тарихи әділеттілік болмақ. Сондықтан ғалым мұрасын зерттеушілердің оны естен шығармағаны абзал.

Өзіміз қазақ тілі бай тіл деп дәлелдегенімізбен, іс жүзінде сол байлықты А.Байтұрсынұлдары мен оның замандастары тәрізді шебер пайдалана алмауымыздан, термин жасау ісінде тіліміздің мүмкіндігін сарқа пайдалануға дағдыланбағандығымыздан және әлі де кешегі кеңестік терминжасау қа-ғидаттарынан шыға алмай отырғандығымыздан да термин жасау ісі өз бағытын анықтап, жүйелі даму жолына түсе алмай отыр. Қазіргі ғалымдарымыз бен салалық мамандарымыздың бәрі бірдей ғасыр басындағы қазақ зиялылары сияқты ана тілін жетік білмейтіндігі, сондықтан да оны термин шығармашылығында пайдалану мүмкіндігінің төмендігі тағы бар.

Қорытынды
А. Байтұрсынұлы - қазақ терминологиясының әрі жол салушысы, әрі негізін қалаушысы. А. Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының жол салушысы ретінде жалғыз емес, себебі А. Байтұрсынұлына дейін де, А. Байтұрсынұлының заманында да қазақ тілі терминологиясы саласында қызмет еткен қазақ зиялылары болған. Бірақ қазақ тіліндегі терминологияның негізін қалаушы, негізін салушы ретінде дара тұлға. А. Байтұрсынұлы терминнің негізгі екі түрлі жолмен жасалатынын жақсы игерген (термин - ұғымды атайтын сөзден жасалады; термин - затты атайтын сөзден жасалады). А. Байтұрсынұлының жасаған терминдері тіл, әдебиет, әдістеме ғылымдарына арналған соң, олар ұғымның аты негізінде жасалған.

А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасында терминжасамның осы екі негізгі жолы бірін-бірі қиып өтпеген. Яғни, Ахмет Байтұрсынұлы термин жасағанда, ең алдымен, қазақ халқының жалпылама (абстракциялық) ойлау қабілетінің мүмкіншіліктерін пайдаланған, себебі қазақ пәлсапасында, қазақ менталитетінде жалпылама ұғымдық категория басым.

Ғалымның терминологиялық мұрасына көңіл белгендердің ішінде әр түрлі ғылыми салалардың мамандары бар: тілшілер, әдебиетшілер, әдістемешілер, математиктер, химиктер, биологтар, дәрігерлер, тарихшылар, техника саласының мамандары. Бұл жағдай А.Байтұрсынұлының терминжасамдық дүниесінің маңызы жан-жақты екендігін, қазақ қоғамының барлық әлеуметтік салалары үшін еңбек етіп жатқанын дәлелдейді. Яғни А. Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасы - полиғылыми, полиәлеуметтік дүние. Ө.Айтбаевтың сөзімен айтатын болсақ, "Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны сондай" [2,15].

Зерттеушілер көңіл бөлген негізгі мәселелер әр түрлі. Сол мәселелердің мағыналық көлемін біз төмендегідей анықтадық:



  • А. Байтұрсынұлы - жалпы қазақ терминологиясының жолын көрсетуші (родоначальник) және негізін салушы (основоположник);

  • А. Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиеттанымының, қазақ әдістемесінің негізін салушы;

  • А. Байтұрсынұлы - салалық ғылыми терминологияның негізін салушы; А. Байтұрсынұлы - қазақ тілі терминжасамы теориясының негізін салушы (ұғымдар, принциптер, жасалу жолдары, т.б.);

  • А. Байтұрсынұлы - терминжасамдық қызметте қазақ тілі мүмкіншілігінің ажарын ашушы, қазақ тілі бірліктерін термин ретінде қолдануды бас міндет деп баяндаушы және соларды ғылыми қызмет айналымында қолданушы;

  • А. Байтұрсынұлы - қазақ тарихындағы, жалпы түркі әлемі тарихындағы терминжасам ілімінде дара тұлға.

А. Байтұрсынұлы жалпы терминологияға (ұғымдар жүйесіне), терминдер номенклатурасына (нақты- ғылым саласына) арнап терминдер жасаған, семасиологиялық таңбалар ретіңде қалыптастырған. Тіл туралы сол тілде тілдесім жасау - ғылыми ізденістер жасау. А. Байтұрсынұлы еңбектерінің тілтанымдық мұрасы - қазіргі қазақ тіл білімінің негізі. А.Байтұрсынұлының терминологиялық мұрасын зерттеушілер концептуалдық жақтан терминнің шығу тегін, жасалу жолын, қолданыстағы ерекшеліктерін әңгімелейді. А. Байтұрсынұлының зерттеулері тілтанымдық табиғаты тілдік тілдесім негізін, қорын құрайтын құнды ғылыми еңбектер, оның әлі де зерделенер тұстары көп деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. А.Байтұрсынұлы – қазақ тілі білімінің негізін салушы: Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы, 2006. -76 б.

2. Ахметтану бастамалары: Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды: «Болашақ» баспасы, 2005. – Б.14-15.

3. А.Байтұрсынұлы тағылымы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдық мерейтойына арн. респуб. ғыл.-практ. конф. материал. – Қарағанды, 2003. – 149 б.

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылылымы (Қазақ тілі мен оку-ағартуға қатысты еңбектер) –Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1992.

6. Жалмаханов III. А. Байтұрсынұлы - қазақ лингвистикасы терминдерінін, негізін салушы. - Қарағанды: Болашақ, 1997. - 67 б.

7. Сыздық Р. Сөз құдіреті. –Алматы: Санат, 1997. –224 б.

8. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. –Алматы: Рауан, 1993. –41 б.

9. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері). –Алматы: Рауан, 1997. –240 б.



10. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. –Алматы: Ғылым, 1998. –208 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет