Реферат Тақырыбы: «Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие мен әлеуметтік тәрбиенің ерекшеліктері»



Дата25.09.2022
өлшемі31,5 Kb.
#150689
түріРеферат
Байланысты:
лаураа
e11a14bf7a6f42fb85873ad20c94e80c, Document (6), Ұлым саған айтамын, Домбыра жеке тапсырма, СҒЗЖ, Экология-2 АБ, Praktika-Tarih-kaz (1)

Реферат
Тақырыбы: «Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие мен әлеуметтік тәрбиенің ерекшеліктері»


"Тәрбие – баланы кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру" деп басталады. Қазіргі кезде жиі айтылып жүрген "баланы өсір де, еркіне жібер" деген сөзді Мағжан сол заманда-ақ айтып кеткен.


Алғашқы қауым — адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық –экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты — қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.
Тәрбие - бұл қоғамдық өмірдің құбылысы,яғни саналы адамдардың әрекеті. Тәрбие алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды.Қоғам дамуының алғашқы басқарушылық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды,аң аулаумен шұғылданды.Адам қоғамның , адамныңөзінің дамуында еңбеңтің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс Мемлекеттің,жеке меншіктің және семьчнің шығуы және «Маймылдың адамға айналуында» еңбектің ролі атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдейді.Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндіріді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау,оны пайдалануды меңгер ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді,яғни тәрбиелеуді қажет етеді.Ф.Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ,қоғамдық болды.Өйткені,жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлескен жұмысы болды.
Еңбек процесінде,ересектермен күнделікті қарым- қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгереді, халықтың әдет-ғұрпымен танысты,алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан - жақты жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді.Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлык, тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.Рулық қоғамдастықта көсемдердің, жасы келген қариялардың, ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқандығын археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан, оларды қауымдастықтың жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық іс-әрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиеленген. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті аң-құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар жасаған ойыншықтар палеолит дәуіріндегі қорғаннан табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулағандарын көргендерін, білгендерін, оған қатысқаннан алған сезім-күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау арқылы өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік алған.
Ежелгi Қытайдағы мыңдаған жылдардағы тәрбие дәстүрлерiн және өзiнiң жеке меншiктi мектебiндегi педагогикалық тәжiрибесiн талдай келiп, Конфуций адамның мiнез-құлқын жөндеу, оны ақыл-ой жағынан кемелденген қоғамдық тәрбиенiң басты мұраты деп белгiлейдi. Конфуцийдiң этикалық-саяси iлiмiн зерттеушi Л.С.Переломовтың пiкiрiнше, Конфуций адамның табиғи қасиетiн қалыптастыру, яғни мемлекеттiң, қоғамның үлгiсiне сай тәрбиелеу үшiн алдымен адамның табиғатын бағдарлап алып, содан кейiн белгiлi бағытта оған нәтижелi ықпал жасау қажет деп есептеген.
Қорытындылай келе, «Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп ата-бабамыз айтқандай, тәрбие ол ең алғашқы қауымдастықтың өзінен , тіпті адам баласы осы әлемде пайда болғанан бастап келе жатыр.Тәрбие қарапайым нәрселелерден басталады, қарапайым амандасудың өзі адамның қаншалықты тірбиелі екенін көрсетеді. Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие мен әлеуметтік тәрбиенің ерекшеліктері жер мен көктей үлкен өзгерістермен ерекшеленеді. Мәселен, сол кездегі қажеттілік пен қазіргі әлеуметтік қажеттіліктердің өзін салыстыруға келмейді , оның өзі үлкен ерекшеліктерді , салыстыруға мүлдем келмейдігін айтуымызға болады.Алғашқы қауымдық қоғамдағы басты тәрбие ол өмір сүруге, қалай осы әлемді бағындырып қалған өмірдісүруге, азық табуға, қорғанулардан басталса , ал қазіргі әлеуметтік тәрбиеде аса көңіл аударатын ол білім алуға, жан-жақты дамуға, салауатты өмір салтын ұстауға,болашақта елге ,халыққа пайдасы тиетін адам , яғни тұлға тәрбиелеуде. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы менрухани байлығы. Тәрбиелі жанның алдынан көптеген есіктер ашылары сөзсіз. Тәрбиелі адам кез-келген ортада өз орнын таба біледі. Тәрбие отбасынан, ата-анадан басталады. Ұрпақтың тәрбиелі болып қалыптасуына отбасының тигізер әсері мол. Ата-ананың ең басты қызметтерінің бірі – өнегелі тәрбие беру.Баланың дүние есігін шыр етіп ашқаннан бастап тәрбие басталады. Содан да болар, тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеумен бірдей екендігін ұғынып, қызды қырық үйден тыйыммен тыя білген. Осыдан келіп, қазақтың қызы ибалы, ізетті, иманды болған.Адамның баласының тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам көзін ашқанда-ақ оның әке-шешесі оған жүруді, сөйлеуді үйретіп,дұрыс азамат болып қалыптасуына ат салысады.Ал сол тәрбиенің тамырын бойымызға сіңіру қашанда өзімізге байланысты. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді: отбасы, қоршаған орта, білім ордалары, қоғам және жалпы ондағы мәдениет. Яғни, отбасында берілетін тәрбие балаға жеткіліксіз. Сондықтан, ата-анадан бөлек мектебі, достары, ағайын-туыстары, тіпті қоғам жауапты болып табылады. Кейде жөнсіз іс-әрекеттерді көрсек, «заман өзгерді» деп ой түйеміз. Өз мойнымызға жауапкершілікті алудан қашқақтаймыз. Бұдан келіп шығатын қорытынды: баланыі тәрбиесі – адамзаттың ортақ ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ халқының сөздерінде үлкен астарлы мағыналар біраз ой түйдіреді. Тәрбиесіздікпен алынған білім, адамның қас жауы. Бірақ, ешбір орта жанұяңнан, ана мен әкеден алған тәрбиені алмастыра алмасы сөзсіз. Егер ата-бабаның ізімен, ананың жылулығымен берілген қасиеттері мол, ізетті ата-ананың тәрбиесін көрген жас буындар көп болатын болса, онда болашағымыздың жарқын болары деген сөз.Болашағымыз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.

Пайдаланған әдибеттер:



  1. Игибаева, А.К. Әлеуметтік педагогика - Алматы: Эверо, 2016

  2. Мағжан Жұмабаев «Педагогика»

  3. Ғ. У. Қабекенов, Б. Ә. Есенбаева «Әлеуметтік педагогика тарихы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет