Реферат Тақырыбы: Антик өнері. Орындаған: Берген Ділназ Мазмұны



бет2/4
Дата21.12.2021
өлшемі28,77 Kb.
#104458
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Антик өнері.

1. Антик өнері.

1.1. Ежелгі грекия мәдениеті.

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген үғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бүл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латьш сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мүрасы Еуропаньщ барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және қүқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шьшшылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескиндемешілерінің даңқты мәдени туьшдылары — көне заман тарихы туралы үғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мүндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет