Сілекей түзу кезеңдері:а) алғашқы өнімдерді түзіп, секрет түйіршіктерін жасау; ә) жасушадан секретті бөлу; б) жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру.
1-сурет. Ас қорыту жүйесі
Сілекей бөлу – ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштарының (механо- және хеморецепторларының қабылданған азық әсерімен тітіркенуінен басталады. Механорецепторлар азықтың консистенциясын, дымқылдығын анықтауға мүмкіндік береді). Хеморецепторлар арқылы мал азықтың дәмін анықтайды.
Ауыз қуысынан қозу толқыны үшкіл жүйкенің тілдік тармағы, тіл-жұтқыншақ жүйкесі, кезеген жүйкенің жоғарғы көмейлік тармағы арқылы сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі.
Сілекейдің рефлекторлық доға құрамымен бөлінуі
1) Ауыз қуысындағы хемо- және механорецепторлар тағамның түсуімен тітіркенеді және олар тітіркендіргіш әсерінен жүйкелік импульске айналады.
2) Жүйкелік импульс бет, тіл жүйке құрамымен сілекей бөлу орталығына жетеді.
3) Сопақша мида ақпарат түзіліп, талданады.
4) Талданған ақпарат вегетативтік жүйке жүйенің (ВЖЖ) парасимпатикалық немесе симпатикалық бөлімінің жүйке құрамымен сілекей бөлу таралады.
5) Сілекей бөлу келген жүйкелік импульс әсерімен сілекей бөледі (қоймалжың сілекей немесе сұйық сілекей бөлінеді). Сұйық сілекей парасимпатикалық бөлімде қызмет атқарса (мыс: лектор, әншілер), ал қоймалжың сілекей симпатикалық жүйкеде қызмет атқарады (мыс: емтихан кезінде студент қобалжығанда).
Достарыңызбен бөлісу: |