Реферат тақырыбы: «Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаттары,міндеттері»



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі41,71 Kb.
#152676
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсат,міндеттері реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСТИТЕТІ

КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаттары,міндеттері»




Орындаған: Абдуганиева Диёра
Тобы: БО120
Қабылдаған: Оспанова Гульмара

Шымкент 2022ж




Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынлы

  • Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.


Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықта оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:

  • онлайн (синхрондық)

  • оффлайн (асинхрондық)

  • вебинар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет