Реферат тақырыбы: Қазақ әдет-ғұрыптарының қазақ фразеологизмдеріндегі көрінісі. Орындаған: Мекенбек А. Қабылдаған: Танабаев Ғ



Дата24.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#133027
түріРеферат
Байланысты:
Мекенбек Аяжан жеке жұмыс


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ әдет-ғұрыптарының қазақ фразеологизмдеріндегі көрінісі.


Орындаған: Мекенбек А.
Қабылдаған: Танабаев Ғ.

ШЫМКЕНТ 2022


Қазақ әдет-ғұрыптарының қазақ фразеологизмдеріндегі көрінісі.
Фразеологизмдер көркем шығарма тілін жандандырады, шығарма тіліне ұлттық калорит береді. Шығармадағы фразеологизмдер шығарма идеясымен қабаттаса отырып, ұлттық көркем сөздің үні мен сазын үйлестіреді. Фразеологизмдерді өз орнында жұмсай білуіміз сөзді шебер қиюластыруға, халық тілі қазынасын игеруге алып келеді. Салт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа байланысты фразеологизмдердің қолданысын Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесінде өзіндік стиль құрау мақсатына орайластыра отырып, түрлі амал-тәсілмен жұмсаған. Фразеологизмдер арқылы образды сөз байлығын құрауға, оларды шығармада шеберлікпен пайдалануға әбден болады. Жазушыларымыз фразеологизмдерді көркем шығармада шынайы образ жасау үшін неше түрлі стильдік орамда жұмсап, оның нәзік реңдерін сөз қоршауына түсіріп барып аша түседі. Ой-пікірді нақты, жан-жақты жеткізуде фразеологизмдердің атқаратын қызметі ерекше. Фразеологизмдердің орнын тауып жұмсау шеберлікті танытады. Фразеологизмдердегі экспрессивті мәннің күштілігіне қарай ақын-жазушылар өз шығармаларында түрлі стилистикалық реңктер беру үшін қолданады. Ғалымдардың пікіріне жүгінетін болсақ: Ғ.Қалиев: «Жеке сөз өздігінен барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы міндетті емес (басқаша айтқанда, сөздің бұл жерде факультатив қабілеті бар да, бірақ оның әрдайым сырттай көрінуі басты шарт емес). Ал фразеологизмнің бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынада жұмсалуы – өн бойы кездесер қағида. ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді», - деп жазады.С.Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: «…іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін «қайғылы, уайымды, шерлі» тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді», – деген пікірін білдіреді .

Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек», – деген ойын келтіруімізге болады. Ө. Айтбаев: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоционалдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым». Ғалымдарымыз фразеологизмдердің экспрессивті-эмоционалдылығына баса назар аударады.


Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1 Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары
2 Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы
3 Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4 Тамырлық әдет-ғұрпы
5 Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
6 Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Бәрімізге белгілі қазақ халқында жастайынан балаларын атастырып,
бесік құда болысқан. Бұл – ата-анасының қызы жақсы жерге тұрмыс
құрсын, ұлы текті жерден қыз алсын деген жақсы ақ пейілі мен арманынан келіп туған дәстүр. Мысалы: Қайнағаның үйіне келген жігіт сол үйдегі
бикештің бесік керті күйеуі екен (Т. Ахтанов); Бұл жастардың ата-аналары балаларын бесікте жатқан кезінде-ақ атастырып, құда болысқан(Ғ. Мұстафин) және т.б.
Нәрестемен байланысты туған, негізгі уәжі бала сүю болып табылатын дәстүрдің бірі – құрсақ шашу. Көптеген бала көтермеген әйел екіқабат болғанда жасалатын ырым. Аяғы ауыр әйел ұялмасын, тілкөзден сақтасын деген оймен, перзентті болатынын ашып айтпай, күмәнді, аяғы ауыр, ішінде көжегі бар деген сөздерді қолданған. Құрсақ шашуға келгенде әйелдің жерігін қандыруға, жеймін дегенін тауып беруге тырысқан. Себебі жерігі қанбаған әйел басы айналып, ауыра береді.

Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты деген. Мұндайда ит жерік деп атаған, жерік асын жегендей қуанды тіркесі осының дәлелі.


Жаңа туған баланы қырқынан шығару, шала туған баланы тымаққа
салу, жоғарыдағы тұсаукесер, шілдехана тойы және т.б. дәстүрлер халық
санасында сақталып қана қоймаған, аталмыш мағлұматтардың тілдегі
көрінісінде сақталған. Әдет-ғұрып, салт-сана негізінде халық мәдениетін,
рухани байлығын, менталитетін көрсек, бұл біржақтылық қана болған еді.
Себебі мәдениет көздері тіл арқылы сақталып, көбінесе тіл арқылы көрініс
табады.
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Тілімізде салт-дәстүрге байланысты қолданылатын фразеологизмдер ішіндегі қыз ұзатуға қатысты пайдаланылатын тұрақты тіркестердің ауқымдылығын, олардың көркем шығармада қолданылуын атап өтуімізге болады. І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шыққан «Фразеологиялық сөздікте» салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты қолданылатын фразеологизмдердің берілу жолдары көрсетілген. Фразеологиялық сөздік тілдегі сан алуан сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілі неше қилы тұрақты тіркеске өте бай, соның ішінде салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа қатысты фразеологизмдер де молынан қамтылған. Сөздікте әрбір фразеологизмдердің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы келтірілген. Сонымен қатар қазақ фразеологизмдерінің синонимдері мен варианттары да, мүмкіндігінше жинақталып берілген.
Салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар əрбір елдің, халықтың тəлім-тəрбие беру ережелері мен нормаларының жинағы болып табылады жəне олар жазылмаған заң есебінде жүреді.
Академик А.К. Кон: «Əдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тəртіптің түрі. Ол əлеуметтік өмірдің əр түрлілігіне жəне күрделілілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі əрекет етуін қалайды. Яғни, бір қоғам ішіндегі адамдардың еңбек ету тəсілдері мен əдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси қоғамдық іс-əрекетінің жəне күнделікті қарымқатынасында бірыңғайлық əрекеттің болуын талап етеді. Осының бəрі əдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады», – деп тұжырымдаса, ал дəстүр дегеніміз – əдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген əр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-əрекетімен мінез-құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі», – деген анықтама береді
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесінде салт-дәстүрге байланысты фразеологизмдер кеңінен қолданылған және мәтіндегі олардың қызметі айрықшаланып берілген. Бұл фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипатын анықтап, морфологиялық құрылымын талдаудың қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Мысалы: Аялдасаң қазір аттан, Артықбайға құда түсіп қайт. Содан кейін өзінің Есеней жіберген елшілігін «қызды айттырғалы» келгенін айтты. Мәтіндегі құда түсу, қыз айттыру сынды фразалар ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан, жарасымды дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі не жақын туыстары қызы бар үйге құда түсетін болған. Яғни бойжеткен қызын сұраған. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналған. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғылары жасалған. Оның түрі өте көп. Құда түсудің құда аттанар, құда тартар, ат-байлар, құйрық-бауыр т.б. ырымдар мен кәделер алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын қыз бен жігіттің әкелері бір-біріне «бауыздау құда» болады.
Ал қыз айттыру салты – әр ата-ананың өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластыру, өзінің теңін іздеу мақсатында жасалады. Анасын көріп, қызын ал деген қағиданы қатаң ұстайды, яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы таныс, аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып балаларының болашағы туралы әңгіме құрайды, өздерінің құда болу ниетін білдіретін мәнді де сәнді дәстүр. Бір қыс бірге болайық деп едім, көнбедің, сүр бойдақ. Сөйлемдегі берілген фразеологиялық тіркес сүр бойдақ көбіне үйленбеген жігітке бағытталып айтылады.
Ол тобылда екі-ақ жеті болып, кішкентайдың атын бізге қойғызған еді. Мәтіндегі фраза ат қою. Жаңа туған сәбиге ат қою ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине, алдымен жақсы есімдермен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Шынардың толғағы жеткенде-ақ хабар беріп еді, Ұлпан Стаптан акушерка әйел алдырып, сонымен бірге оның қасында болып қайтты. Берілген контекстегі толғағы жетті тіркесі фразеологизм болып табылады. Бұл фраза екі қабат әйелдің айы-күні туды, босанар уақыты болды деген мағынаны білдіреді. Жүз жылқы той малына кетті.
Той малы - келін алуға келген қадірлі құдалар дәстүр салты бойынша сән-салтанатымен, жөн-жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Былайша, «қыз қашар» дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді. Қыз қашар - күйеудің «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруін «қыз қашар» дейді. Бұл ұрын тойы өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасатын болған. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар беретін болған. Ол қызды біреу айттырып келсе, Ұлпан жапа-жалғыз қалады . Бұл мысалдағы фразеологиялық тіркес қыз айттыру. Жалпы қыз айттырудың тәртібі, Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. Тұқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмаған. Лайықты адамдарға әдейі барып балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, құда болу ниетін білдіретін қазірге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр. Күшік күйеу деген мал-жанның иесі деген сөз емес шығар!-деп оның Ресей деген інісі тұтанайын деп тұрған шақта бір үрлеп қалды. Күшік күйеу үйленіп, ата-енесінің қолына кіріп алған жігіттің қыдығына тию үшін айтылатын фраза. Шайың әзір ме, келін! Отау тігіпсің, құтты болсын! - деді Әсіреп, қара түтінді бұрқыратып атқылап тұрған самауырды көріп .
Отау тікті - өз алдына жеке шаңырақ болды деген мағынаны білдіреді. Тұсауыңды кеспеген екен ғой сенің, - деді Мүсіреп. Тұсау кесу - сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кескеннің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы, жыры да бар. Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, тәсілдері бар. Көбейтіп, көгере берсін деп көк шөптен де есіп жасайтын болған. Бұл жаңа отауға көз тиіп кетпесін деген ырымдары еді.
Үлкен үй - үлкен ата, кәрі әже отырған үйге қатысты айтылады. Көтерген отауың құтты болып, ұзақ жаса деген ақ тілегін білдірді. Отау көтеру - үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла беретін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша жөндеп «әдемілеп», толықтай жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші-көлем, жақын-туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Бұл ауылдың келіншектері Мүсірептің отауында шілдехана күзетісті. Берілген мәтіндегі шілдехана күзетісті фразеологиялық тіркес. Бұл фраза жаңа босанған әйелдің үйінде таң атқанша ойын-сауық құру деген мағынаны береді. Бұл фразалар сөйлем ішінде келіп, қазақ халқының қаншалықты салт-дәстүрге бай екенін, оның ішінде ұмыт болып қалған дәстүрлердің өзін көрсетіп берді. Сондай-ақ осы шығармада кездескен фразеологизмдер құрамы жағынан тұрақтылығымен, «дап-дайын» күйде кездесетіндігімен, кез келген тұста қолдана беруге болмайтын талғампаздығымен, мағына-мазмұн тереңдігімен, бейнелілігімен ерекшеленеді.
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.
Салт-дəстүрлер халықтың наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына, тіршілік кəсібіне байланысты туып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, өмірге қажеттілері дамып, жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып отырады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда ақ қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен төс түйістіріп, анттасып дос болатын болған «Достықты бұзғанды ант атсын»– деп серттескен.Бұл жаугершілік заманда батырларды бірлікке тəрбиеледі. Ал кейіннен қоғамның дамуына байланысты, анттасу салты мүлде жойылды.
Қоғамның дамуындағы ұлтаралық, халықаралық байланыстар ұлттық психикаға əсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ салт-дəстүрлердің пайда болуына себепкер болды. Мəселен, кеңес дəуірі кезінде еңбек кітапшасын табыс ету, неке куəлігін тапсыру, жастарды əскер қатарына шығарып салу сияқты салт-дəстүрлерді туғызды. Мұндай өзгерістердің болуы– заңды құбылыс.
Бұрын қазақ халқының салт-дəстүрлерінің көпшілігі малмен, көшіпқонумен байланысты туып дамыған. Олардың түрлері тілде қатталып қалып отырды жəне қазір этнографиялық фразеологизмдер ретінде талданады. Мысалы, төмендегі атаулар арқылы ұғынылатын: наурыз тойлары, көшіп келген ағайынға ерулік беру, бие байлау, сірне, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға шақыру, күздікте қарынмайға шақыру, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар əкелуі, баланы бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, енші беру, ажырасар аяқ жасау, т.б. ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт- дəстүрлердің қалыптасуы, халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дəлелдейді. Яғни, салт-дəстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің көрінісі болса, екінші жағынан, еңбекке, адамгершілікке, өнерге, баулуда тəрбие құралы болған.
Тілімізде салт пен дəстүр сөзін аса көп бөліп-жармай қолданыла бергенімен, екеуінің аралығында елеулі айырмашылықтар бар. Салт көбінесе адамгершілік, күн-көріс, тұрмыстық қатынастарда кеңірек таралып, сонда қалыптасады. Ал дəстүрдің қолданылу аясы салтқа қарағанда анағұрлым кең. Дəстүрлер қоғамның құқық, саясат, ғылым, дін, философия, өнер, мораль сияқты барлық саласында көрініс табады. Сонымен қатар, ол адамдардың өндірістік өмірін де қамтиды (еңбек дəстүрі).
Дəстүрге қарағанда салт нақты бір ситуациядағы іс-əрекеттің шартын береді. Ол қандай да бір мезгілде, қандай да бір жағдайға байланысты адамның іс-əрекетін көрсетеді. Яғни, салтта ең бастысы жүріс-тұрыс ережесі – нақты бір жағдайда қандай əрекеттер жасау керектігін егжей-тегжелі жеткізу. Ал дəстүрде ондай іс-əрекеттің барысына толық сипаттау берілмейді. Мұнда жүріс-тұрыс, мінез-құлықтың нормалары, принциптері негізгі орын алады. Ол іс-əрекеттің жалпы бағыттарын, ең бастысы адалдық, қарапайымдылық, еңбексүйгіштік, сыпайылық т.с. сияқты рухани қасиеттерді білдіреді. Салт қандай да бір нақты іс-əрекетке тығыз байланысты болса, дəстүрде ондай тығыз байланыс болмайды.
Қорытындылай келгенде, өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен көзге түсетін, тілімзге бейнелі де мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым-құрылысы бар фразеологизмдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тілімізде ұлттық нақышы мен көзге түседі. Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын тілдік материал. Фразеологиялық тіркестер қай-қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады. Жинаған мысалдарымыздың негізінде, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын фразеологизмдерінің өзіндік орны, маңыздылығы бар екеніне көзімізді жеткіздік.
Фразеологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондаған ұлттың қабылдау, қазақы дұниетанымен, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе - адамдардың күнделікті өмірінде көріп жұрген дүниедегі заттар, айналадағы құбылыстар, содан туындайтын жағдайлар, түрлі жағымды-жағымсыз әрекеттердің ықпалы әсер етіп отырады. Фразеологизмдер көркем әдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдардың бірі болып есептеледі. Тілдің әдебилігінің сипаттарының бірін, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерінің бірін фразеологизмдер танытатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Г.Смағұлова «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда

  2. Р.А.Авакова «Фразеосемантика»

  3. Ө.Айтбайұлы «Қазақ фразеологизмдері мен парадигмалары»

  4. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

  5. «РКР» сайты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет