Байланысты: Реферат Та ырыбы « азіргі заман ы о амда ы д ст рлі ндылы та
пен онықоғам өмірінен ысырып тастауға деген жасанды талпыныс қатар жүруде. Дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға деген құлшыныстың алғашқы серпіні тәуелсіздік алумен тікелей байланысты болды. Үш ғасырлық отарлық және кеңестік саясат қысымында ұлттық мінезінен, санасынан, құндылықтарынан көз жазып қала жаздаған ұлт тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде тілін, тарихын, дәстүрін және дінін жаңғыртуға құлшына ұмтылды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, тіл төңірегінде атқарылған сан салалы жұмыстар, ұлттық мектептер мен балабақшалар ашу, ұлттық сайыстар ұйымдастыру, «Наурызды» халықтық мерекеге айналдыру, тарихи туындыларды жарыққа шығару, ұлт зиялыларын ақтау үдерісі, мешіттер мен медреселер жұмысын жандандыру, діни басылымдарды көбейту – тағы басқа сан жеткісіз іс-әрекеттер мен нәтижелер ұлттың өз болмысына оралуды аңсаған табиғи құлшынысынан туындап жатты.
Бірақ бұл құлшыныстарды нарықтық қатынастардың алғашқы ауыр кезеңі біршама көмескілендірді. Осы сындарлы сәтті тәуелсіздікпен бірге орныққан ашық шекара саясаты мен ашық ақпарат кеңістігін пайдаланып сыналап ене бастаған сыртқы күштер тиімді пайдаланды. Барлық ақпараттық және заңнамалық мүмкіндіктерді қалт жібермей қолдана отырып, жұртшылыққа жат идеологиялық бағдарлар мен құндылықтарды таңудың, дәстүрлі құндылықтарды өзгертудің белсенді әрекеті басталды. Қоғамдық құрылымның өзгеріп, нарықтық қатынастардың тереңдеуі салдарынан құндылықтық бағдарлардың дәстүрлі қалыптан ауытқуы үдерісіне қолдан қосылғанұлттық руханият саласында теріс мазмұнды ақпараттардың басымдық алуы үстелді.
Мемлекеттің басты байлығы оның азаматтары. Даму бағдарламаларының мақсаттары ел азаматтары тарапынан құрылған азаматтық қоғам институттарының мақсаттарымен үйлескен жағдайда ғана оң нәтиже беретіндігін ұмытпаған жөн. Тек осындай жағдайда ғана қолайлы орта қалыптасып, әлеуметтік және экономикалық даму процестеріне қоғамның барлық сегменттерінің тиімді қатысуы жүзеге асуы мүмкін. Қабілетті адамдардың қадірін білетін дүниетанымдар ғана елді өткінші дағдарыстан тез арада құтқара алмақ. Азаматтарымыздың ұзаққа созылатын терең психологиялық өзгерістерге деген құштарлықтарының тетіктері анықталып, белгіленуі тиіс. Аталмыш мақсаттардың алдыңғы қатарында қазақстандықтардың дәстүрлі, қазіргі және тәрбиелі отбасылық құндылықтарын сақтау, әрі дамыту мәселелері де орын алғанын жөн деп білеміз. Себебі отбасылық құндылықтар азаматтық қоғамның негізі болып табылады.