Реферат Тақырыбы: Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы Орындаған: Жұмағали Ажар Тобы


Бақша дақылдарының өсіру технологиясы



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі288,97 Kb.
#120736
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бақша шаруашылығы реферат
Analiticheskoe Myshlenie rus, Кешенді емтихан?а арнал?ан с?РА?тар топыра?тану топыра? профилі,, doc, 0001d1f7-a6348e71, 0010d8c3-e7d593fb, 0001e43b-4ed53e04, 0004a74b-4738aa81, 0017a4ca-8a96b4af, 000f4063-7189f0c4 (1), 10 ГЕОМЕТРИЯ %U049AМЖ, 00015dc7-6376e5a7
2.2 Бақша дақылдарының өсіру технологиясы


Бақша өсімдіктері - бағалы азықтық жэне диеталық өнім, оларға қарбыз, қауын және асқабақ жатады. Қарбыз- ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік . Қарбыз жемісі құрамында көмірсутегі көп мөлшерде болады, басымырағы - қант ( 8-14 % ) . Бұдан басқа жемісте 1,5 % -ға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері болады. Қарбыз жемісін негізінен жаңа піскен күйінде және көп жағдайда қарбыз балын, повидло, кондитерлік өнімдер, цукаттар, кэмпиттер және т.б. дайындау үшін, сондай - ақ түздау үшін қолданады. Құрамында 50 % -ға дейiн май болатын дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май дайьшдайды, Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік аc ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукатгар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептiредi жэне қақтайды. Қақталған қауындарды қауынқақ деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дэндерінен жогары сапалы тагамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады . Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады жэне жүрек - қантамыр ауруларында, буйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану усынылады. Ежелден - ақ қауын шырынын ішек қурттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады .
Асқабақ - бір жэне көпжылдық шырмауық түқымдастардың асқабақтар отбасына жатады. Олардың 20 - ға жуық түрі бар, соның ішінде 3 - еуі бақша өсімдіктеріне жатады. іріжемісті асқабақ, тығызқабықты асқабақ (қарапайым асқабақ) жэне бұлардың бір түріне кэді мен патиссондар жататын жұпар иісті асқабақ болып табылады. Асқабақ сабағының ұзьшдығы 5 метрге дейін жетеді, жапырақтары iрi, жалпақтау болып келеді, гүлдері - сарғылт - қызыл түсті, бөлек жынысты болып келеді. Асқабақ жемісі өзінің тіл үйірер дэмімен, құрамында көмірсутегінің көп болуымен жэне емдік диеталық қасиеттерімен бағаланады. Оның құрамында ақуыздар, каротин, С, В1, В22 PP дәрумендері, пектиндер өте көп. Пайдалы қасиеттері мен дәмін жоғалтпай, бір жылға дейін сақталады. FOT Өсіру технологиясы Қарбызга арналган жер суық желден қорғалған болуы керек. Өсімдік органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жерлерде жақсы өседі. Жердi егін егуден 7 10 кун бурын дайындайды. Егілетін аймақ 10 гектардан кем болмауы керек. Қарбыз бен қауын есіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың міндетті шарттарының бірі - жерді терең жырту ( немесе қазу). Жерді тереңірек өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол салуына мүмкшдік береді. Қарбыз бен қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық жағдайында өсіреді. Тұқым отырғызуды 8-10 см тереңдіктегі топырак 15-17 ° С - ге дейін қызған кезде сәуір айының соңына қарай бастайды (кеш түсуі мүмкін көктемгі үсік есепке алынады). Жекелеген кішігірі, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде жэне аулаларда тұқым отырғызуды 5-6 күн ерте бастауға болады. Ашық учаскелерде тұқым егуді кулиспен отырғызған дұрыс. Қарбыз бен қауынды бұлай отырғызу барлық аймақтарда мол өнім алуға мүмкіндік береді. Кулистік өсімдіктердің жұптасқан қатарын (жүгері, қонақ жүгері) әрбір 10-15 мсайын басым болатын желдің бағытына көлденең отырғызады. Қарбыз бен қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған тұқымды пайдаланған дұрыс. Былтырғы егіннен қалған ұрықты 2 сағат бойы 40 - 50º С. қыздырып барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны кектетіп барып отырғызған жөн. Ұрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін ұрықтарды ыстық суға (60-65 ° С) 3-4 минутқа салады, одан кейін 3-4 кун бойы 25ºС температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстайды. Қарбызды дэннің ұрығы пленкалы қабығынан оңай бөлінетін болғанда, ал тұқым жарнағы оны жеңiл үйкеген кезде түсіп қалатындай болған кезде отырғыза бастайды. Тұқым отырғызуды ұялық тэсілмен, бір ұяшыққа 5-6 урыктан сала отырып егеді. Үяшықты сортына қарай қарбыз үшін 2х0,3м. қауын үшін 1,5х0,3м болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиiсiнше гектарына 4-5 жэне 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін әр ұяда тек бір ғана мықты эрі жақсы дамыған есiмдiктi қалдырады. Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер көтеріледі. Катараралық еңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен іске асырады. Өсімдікті кепсіте отырып, оны көпсіген ылғал топырақпен жабады. Кеберсiген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады, екіншісін-сабақтары шыққан кезде, үшіншісін-жеміс пісуінің алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау керек. Қарбыз бен қауынды ыстық күндері піскендерін іріктеп жинайды. Асқабаққа тоқталатын болсақ, ол кез-келген қунарлы заттары жеткілікті топырақта өсе береді. Учаскенің көлеңкелі не жарық түскіш болғанына мэн берілмейді. Олар барлық жерде бірдей өседі. Асқабақтарды сэуір айының ортасында отырғызады. Тұқымды 10 см тереңдіктегі қуысқа 3-5 данадан салады. Әр қуысқа суперфосфат тыңайтқышын топырақпен араластырып 7-9 грамнан салады. Алғашқы жапырақтар шыққан кезде, әр қуыста бір-бір өсімдіктен қалдырып, сирету жасайды. Ал дақылды жинауға дейінгі қалған уақытта отау мен топырақты қопсытумен айналысады. Жеміс піскен кезде жинауды бастайды. Ауа - райы суымай тұрғанда, асқабақтарды жинап алу шарт, ейткені аз да болса усiген асқабақтар сақтауға жарамсыз болып қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет