Реферат тақырыбы: «Баскетбол»



бет1/2
Дата18.09.2023
өлшемі71,13 Kb.
#181376
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
АҚТ-22 БЕКМУХАМБЕТОВА НУРЛЫ Баскетбол


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: «Баскетбол»

Тексерген:
Орындаған:
Тобы: АҚ-Т 22

Жоспары


І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Баскетбол спорты
2.2 Баскетбол спортының ережелері
ІІІ Қорытынды

Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) — ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады. Ойынның мәні – ережеде көрсетілген уақыт ішінде қарсылас команданың корзинасына көбірек доп салуға деген ойыгшылар ұмтылысынан көрінеді. Допты тек қана қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м.. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны корзинаға лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға ұмтылуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды. Ойында жүгіріс, жүріс, секірулер мен лақтырулар секілді қозғалыстың табиғи түрлері пайдаланылады. Олар қолданылатын жағдайдың көп түрлілігі мен өзгермелілігі, адамда дене қабілеттерінің дамуының белгілі деңгейін, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының мол қорының болуын талап етеді.Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады.Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады.


Негізгі бөлім



Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды. ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды. Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген.
Қорытынды

ХХ ғасырдың басында алғашқы кәсіби баскетбол командалары қалыптаса бастады. Бір жағынан, Америка Құрама Штаттарының барлық аумағында әртүрлі мөлшердегі елді мекендерде осындай командалардың едәуір саны пайда болды (саны бірнеше жүз); екінші жағынан, кәсіби ойындардың кез-келген Ұйымы іс жүзінде жоқ болды. Ойыншылар командалар арасында еркін жүрді, матчтар жарыстарға бейімделмеген бөлмелерде ұйымдастырылды, түрлі лигалар мен бірлестіктер пайда болды және таратылды. Кейбір "гастрольдік" командалар (ағылш. barnstorming squads), мысалы, Original Celtics, New York Renaissance бес немесе Harlem Globetrotters (соңғысы осы күнге дейін бар) сияқты ел бойынша сапарларында жылына 200-ге дейін матч ойнай алды.1946 жылы Американың баскетбол қауымдастығы (БАА) құрылды. Оның қамқорлығымен алғашқы матч сол жылдың 1 қарашасында Торонтода (Канада) Торонто Хушки мен Нью-Йорк Кникербокерлер командалары арасында өтті. Үш ойын маусымынан кейін, 1949 жылы қауымдастық АҚШ Ұлттық баскетбол лигасымен біріктіріліп, Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) құрылды. Ғасырдың ортасына қарай баскетбол білім беру 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет