Реферат Тақырыбы: Батыс қазақстан облысындағы құстар Тексерген: Ерболат Б. Е. Орындаған: Сисенбаева Н. Р



бет4/10
Дата06.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#81679
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жарат. 12апта срсп

Сезiм мүшелерi. Олардың сезiм мүшелерi жақсы жетiлген. Құстардың көру мүшелерi жақсы қызмет атқарады. Мысалы, құстың көзiнiң қырағылығын аспанда ұшып жүрген қарақұстың шөптiң арасындағы тышқандары көруiнен аңғаруға болады. Жылдам ұшып бара жатқан қарлығаш ұшып бара жатқан насеккомдарды байқап қалуы соның айғағы. Түн құстарының көз алмалары үлкен болады, соның нәтижесiнде түнде жақсы көредi. Құстардың есту мүшелерi iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Есту сүйегi бiреу болады. Құстар жақсы естидi. Олардың құлағы көзiмен бiрге негiзгi сезiм мүшелерi болып есептеледi. Құстар өздерiне төнген қауiптi ең алдымен құлақтары арқылы сезедi. Есту сүйегi жақсы жетiлгеннiң нәтижесiнде дыбыс ырғағын құлақ қуысына жiбергенде дыбыс шығарады. Дыбыстың шығуы құстар өмрiнде алуан түрлi қызмет атқарады. Құстардың балапандарымен қатынас жасауы, еркектерi ұрғашыларымен түсiнiседi, түр арасындағы қатынастары т.б. осы дыбыс арқылы орындалады. Иiс мүшелерi басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған, бiрақ өлексемен қоректенетiн құстарда (таз қара) кейбiр түрлерiнде де жақсы дамыған (үйректер, жылқышылар). Дәм сезу ауыз қуысында және тiлде орналасқан дәм тiтiркендiргiшерiн сезiнетiн арнайы жинақталған клеткалар қабылдайды. Әрине бұл сүтқоректiлермен салыстырғанда құстар тiршiлiгiнде онша маңызы бола қоймайды.
4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет