Қорытынды. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:
• жалпы кәсіпорынның және оның мбөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
• тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу;
• баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысын анықтау;
• жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу проблемасын табу.
Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық қызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын қамту да мүмкін емес. Шиеленіскен бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, Кәсіпорын экономикасы, Алматы, «Экономика», 2003.
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхамбетова, У.А.Жанайдаров, Экономикалық теория, Астана,2002.
3. Экономикалық теория, Алматы, «Санат»,1998.
4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов, Экономикалық теория, Алматы, «Экономика»,2003
5. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова, Микроэкономика, Алматы, «Экономика»,2000.
6. Қ.Р.Нұрғалиев, Қазақстан экономикасы, Алматы, «Қазақ университеті»,1999.
Достарыңызбен бөлісу: |