Байланысты: Реферат Та ырыбы Білім, ылым, техника ж не технологиялар Орынд
Ғылым классификациясы: Аристотель, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Г. Гегель, О. Конт.
Аристотель ("Aristotle") (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грекфилософы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.X
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.X
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.X
Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.X
Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.X
Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген.X
Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби.