Негізгі бөлім
Дюбуа Реймон Биоэлектрлікті түсіндірген.Оның айтуынша,тірі құрылымдарда айрықша электро маторлы молекулалардың болуы олардың екі жартыдан тұратындығы оң және теріс.Оңы жасуша сыртына терісі жасуша ішіне бағытталған.
Биоэлектрлік құбылыс немесе Биопотенциал, Биоток — тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады.Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай-оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуеті немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
Жүйке, бұлшықет және безді эпителий қозғыш ұлпаларға жатады. Бұл жасушаларда қоздырғыш әсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тоғы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады.Бұлшықеттердегі және эпителий жасушаларындағы «қозу толқыны» таралып,көршілес үлескілердегі жарғақшаларға беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне тоғысу (синапс) арқылы бере алады.
Қазір бұл үдерістер тірі жасушалардағы мәні мүлде болымсыз электр тогын өлшей алатын аспаптардың жәрдемімен жақсы зерттелді. Мәселен, жүйке қозу толқынының таралу жылдамдығы жуйке талшықтарының туріне байланысты 2-ден 120 м/сек шамасында бола алады. Биоэлектрлік құбылыстар дәл осы электрокардиография, электроэнцефалография және т.б. әдістерге негізделген.
Биоэлектрлік потенциалдар деп жануарлардың, адамдардың тканінде, клеткаларында пайда болатын потенциалдар айырмасын айтамыз. Ерітінділерде пайда болатын потенциалдар электронды және ионды болып екіге бөлінеді. Айталық, ерітіндіге мыс және және мырыш салынсын. Мыс еріген кезде ьос электрондар бөліп шығарып, өзі оң зарядталса, мырыш ол электрондарды қабылдайды да теріс зарядталады. Сөйтіп ерітіндіде потенциалдар айырымы пайда болады. Ерітінділердегі иондардың әсерінен пайда болатын потенциалдарды ион типті потенциалдар деп атайды. Ион типті потенциалдар диффузиялық, мембраналық және фазааралық болып үшке бөлінеді.
Биоэлектрлік потенциал түрлері:
• Тыныштық
• Әрекет
• Қозу
• Постсинаптикалық тежелу
• Генераторлық
Тыныштық(мембраналық) потенциал
Тыныштық потенциал дегеніміз не –қазбаған күйдегі мембрананың сыртқы және ішкі бетіндегі арасында тіркелген электр потенциалдардың айырмасын айтады.Тыныштық потенциал мембрананың 2жағдайда иондардың концентрациясының әрекетіне байланысты болады. Егер қандай да бір ионның клетка ішіндегі концентрациясы Сішкі осы ионның сыртқы концентрациясын Ссыртқы өзгеше болса және мембранада осы иондар үшін өнімді болса онда мембрана арқылы зарядтан бөлшектің ағыны пайда болады.Нәтижесінде жүйенің элементтер нитралдығы бұзылып клеткалардың ішімен сырттың арасында потенциалдар айырмашылығы пайда болады.
Um = Uішкі – U сыртқы
Қозу потенциалы
Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы.
Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты.
Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. Қозуға кері физиологиялық процесс тежелу деп аталады.
Постсинаптикалық тежелу потенциалы
Тежелу – қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.Постсинапстық тежелу – постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады.Пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.
Генераторлық потенциал - мембранада сезімтал нерв талшықтарында – рецепторларда жүреді.Генераторлық потенциал қасылшаң жағдайда жеткенде көрші мембрананың нервтік талшығынды таралған биоэлектрлік потенциал туады.
Биоэлектрлік потенциалдарды тіркейтін технологиялар.
Электроэнцефалография
Электрокардиолграмма
Электромиография
Электроретинография.
Биопотенциалдарды тіркеу әдістері Тірі жасушаларда, мүшелерде және адам мен жануарлар ұлпаларында пайда болатын электр потенциалдарды – биопотенциалдар деп атайды. Биоэлектрлік потенциалдар ағзада жүретін нәзік үрдістерді көрсетіп береді. Сондықтан зерттелетін мүшелер мен жүйелердегі кез келген патологиялық және қызметтік өзгерістер олардың параметрлері мен формаларында көрініс табады. Бұл өзгерістер тіршілік үрдістерін қарастырғанда, диагностикада, емдеумен аурудың алдын-алуда адамның жұмыс қабілетін және көңіл күйін тексеруде т.б. қажет болады.Биопотенциалдар ағзалар мен ұлпалардың функционалдық күйін өте жақсы көрсететін болғандықтан, оларды тіркеудің және талдау жүргізудің физиологиялық зерттеуде және диагностикада маңызы өте зор. Қазіргі уақытта биопотенциалдарды тіркеудің көптеген әдістері қолданылады: электрокардиография – жүректің биоэлектрлік потенциалдарын тіркеу (ЭКГ); электроэнцефалография – мидың әртүрлі бөліктеріндегі биоэлектрлік белсенділікті сипаттайтын потенциалдардың айырмасын бастың бетіндегі жанасу тәсілімен тіркеу әдісі(ЭЭГ); электромиография – бұлшық ет бетінде (интерференциялық электромиография) немесе бұлшық ет ішіндегі (жергілікті электромиография) потенциалдар айырмасын мен электр өрісін жанасу тәсілімен тіркеу әдісі (ЭМГ); электроокулография – көз алмасының қозғалыс потенциалын тіркейтін әдіс.
Жүрек потенциалдарын зерттеудің әдісі – ЭКГ болып табылады, бірақ оның да өзіндік әдістері бар. Олар : вектокардиография – жүректің электрлік алаңы түгел зерттелуін айтамыз, балистокардиография – жүректің жиырылуына, қолқа мен өкпе бағанасына қанның құйылуына байланысты дене қозғалысын механикалық тіркеу әдісі, эхокардиография – жүректің әр түрлі құрылымдарына ультрадыбыстың әсерімен қолдануға негізделген, фонокардиография – жүрек қызметінің дыбысты көрінісін жазу, апекскардиография – жүрек ұшының соғуы кезіндегі жасушаның тербелістерін тіркейтін инвазивті емес әдіс.
Электроэнцефалография(ЭЭГ) Мидың нейрондық белснділігі есебінен өндірілетін биоэлектрлік потенциалдардың жазбасы электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп аталады. (encephalon (лат.) –бас миы, graphos (лат.) -жазамын).ЭЭГ ми қызметінен пайда болатын, бас бөлігінде кейбір нүктелердің арасындағы электр өрісінің потенциалдар айырмасын индифференттік электродпен тіркеуге мүмкіндік береді. (Индифференттік (лат. Indifferens, indifferentis) – айырмасы жоқ,зиянсыз деген мағынаны білдіреді). Электроэнцефалография әдісімен алынған,бас миының биопотенциалдарының өзгерісін білдіретін қисық сызық электроэнцефалограмма деп аталады. Электроэнцефалограф –бас миының электр өрісі потенциалдарының (биопотенциалдардың) айырмасының өзгерісін тіркеуге арналған құрал.
Электромиография (ЭМГ) Электромиография бұлшықеттің электрофизиологиялық белсенділігін анықтау мақсатында биопотенциалын жазу әдісі. Бұлшықеттің сау және сырқат қалпын тексеретін тәсіл. Тірі организмнің жекелеген бұлшықеттерінің функционалдық күйі туралы мұндай тереңдеу және дәлдеу деректер электромиография әдісінің көмегімен алынады. Электромиография жүйке- бұлшықет жүйесінің жарақаттануын электрофизиологиялық диагностикалау әдісі жәнe қаңқа бұлшықеттерінің электрлікбелсенділігін (биопотенциалдарын) тіркеуді жүзеге асырады
Достарыңызбен бөлісу: |