1. 2. Экономика жағдайында жел және су эрозиялары
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады.
«Эрозия» термині латынша erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен 0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін. Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердіңтопырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған територияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді. Кең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар сулармен шайылуы.
Сызықтық эрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |