3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары.
Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Дене тәрбиесі жан – жақты тәрбие берудің маңызды компоненті болуымен бірге өз процесінде ақыл – ойлық адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін комплексті түрде жүзеге асырады.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б.) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әреке ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.
Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік – білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларғы, оқу құралдарын, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі.
Сөйтіп мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып – біле, ең елеулі және прогресті нәрселердің бәрін бөліп көрсете және негіздей отырып, дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді, кедергісін тигізетін, жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу – білім беру міндеттеріне сәйкес емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас комплексімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен методикасы, физкультура тарихы және ұйымдастыру, физкультура социологиясы), физкультураның дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам (бала) психикасына әсерін, сондай – ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |