Реферат Тақырыбы: «Əдістемені зерттеуші ғалымдар еңбектерімен танысу. Қазіргі әдіскер ғалымдар өмірбаяны, еңбектері»



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі161,05 Kb.
#85981
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
22.09. Реферат Асем 31Б

Қорытынды

Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.


Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.


Интернет ресурстары:

    1. http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=1476&partition=other&subpartition=articles_kazakh

    2. https://stud.kz/referat/show/75467

    3. https://engime.org/penni-ou--edistemelik-kesheni-aza-tilin-oitu-edistemesi-5v0117.html?page=4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет