Биологиялық қызметі. ПГ клеткалардағы зат алмасуды белсенді реттеуші қызметін атқарады. Тәжірбие жүзінде мыналар дәлелденген: ПГ - ның жылтыр бұлшық етті, әсіресе жатыр бұлшық етін және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиырылдыратыны, қан тамырын кеңейтетіні, қанның ұюын баяулататыны (громбоциттар бірігуін баяулату арқылы) және асқазан сөлінің бөлінуін тежейтіні дәлелденеді. ПГ ішек - қарын, өкпе мен қолқа жұмысын жақсартады, жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді, әйелдердің жыныс циклына әсер етеді, орталық нерв жүйесінің жұмысын активтендіреді, қабыну процестеріне жауапы. -ПГ химиялық құрылымдары ұқсас болғанына қарамай, олар организмге кереғар әсер етеді. Мысалы, олар әйелдің жыныс қынабы қабырғасына оңай сіңеді, аналық клетканың ұрықтануын жеңілдетеді. Мұнда ПГ әртүрлі әсер етеді. ұрпақ беруге қатысы бар жылтыр бұлшық еттердің жиырылуын тежейді, ал - ондай бұлшық еттердің жиырылуына ына ықпал етеді Сондықтан түсік түсіруге көмектесетін препарат ретінде қолданылады. ПГЕ адамда қан қысымын төмендетеді, ал ПГГ қан қысымын көтереді. ПГ медицинада, малдәрігерлігі саласында және мал шаруашылығында кең көлемде қолданылады Ал аушерлік салада әйелге көмектесу, оның тууын жеңілдеті үшін пайдаланылады, малды қолдан ұрықтандырудың тиімділігін арттыру үшін және қысыр малдың санын азайту үшін қолданылады. ПГ ауыл шаруашылығы малдарының жыныс циклын реттеу, қаракөлше өндіруде малға іш тастату үшін пайдаланылады.
Әсер ету механизмі. ПГ өзінің рецепторларымен клетка мембренасында байланысады және циклдық АМФ мен ГМФ синтезін реттеу арқылы әр түрлі биохимиялық әсер береді. Мұндай әсер өз кезегінде белок құрамының құрылуына жағдай жасайды. ПГ клетка мембреналарындағы кальций иондарының тасымалына әсер етеді. Көпшілік жағдайда Са 2" өзіндік ерекшелігі бар реттегіш ретінде клеткалық процестерге тікелей емес, клетка ішіндегі рецепторды - кальмодулин белогы- активтендіру арқылы әсер етеді. Кальмодулин белогы барлық жануарлар мен өсімдіктердің клеткаларында табылған. Сүтқоректі жануарлардың миынан алынған кальмодулин бір полипептидтік тізбектен тұратын белок болып табылады, оның бірінші реттік құрылымы анықталған, құрамына 148 амин қышқылының қалдықтары кіреді. Бұлардың 30% мөлшері глутамин қышқылы мен аспарагин қышқылының үлесіне тиеді, сондықтан кальмодулин өте қышқыл болады (рН 3.9- 4.3). Оның кальций иондарымен өте жақындығы осыған байланысты.